Меню

Страницы

Статья

EXANTE компаниясының қызметіне қатысты

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзін инвесторлардың әлемдік сауда алаңдарына тікелей кіруіне мүмкіндік беретін инвестициялық компания және брокер ретінде көрсететін EXANTE компаниясының қызметі талқылануда.  

Бұл мәселе бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының тиісті лицензияларына ие ұйымдар (лицензиаттардың тізімі Агенттік сайтында көрсетілген) ғана жүзеге асыруға құқылы. 

EXANTE компаниясында уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Бұл ретте шетелдік брокерлер «Қазақстанның қор биржасы» АҚ-тың (KASE) сауда алаңында KASE талаптарына сәйкес келген жағдайда KASE-нің қашықтан мүшелігін алу жолымен мәміле жасауға құқылы.

EXANTE компаниясы KASE-де қашықтан мүшелікті алмағандықтан, ол KASE мүшесі болып табылмайды.

АХҚО аумағында EXANTE компаниясы Recognized Non-AIFC Member мәртебесіне ие (бизнесі аккредиттелген, алайда АХҚО мүшесі болып табылмайды). Бұл мәртебе брокерлердің АХҚО аумағында болмай-ақ АХҚО-да қызметті жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген компания лицензиат болып табылмайды, оның қызметі Агенттіктің тарапынан реттеуге, бақылауға және қадағалауға жатпайды.

Тиісінше, мұндай компаниялармен шарттық қатынастар орната отырып, инвестор барлық болуы мүмкін тәуекелдерді дербес бағалауға және өз әрекеті үшін жауапкершілік атқаруға тиіс.

 

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 2788 121

e-mail: Fingramota@finreg.kz

www.finreg.kz

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
21 февраля 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы