Меню

Страницы

Статья

Кадр резервін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің

кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеу шеңберінде резюме қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі  – Агенттік) Агенттіктің кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеуді бастағанын хабарлайды.

Жоғары оқу орындарының дарынды әрі болашағы зор түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.

Үміткерлерді таңдау кезінде тиісінше білімнің болуы, жоғары деңгейдегі  біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл үйрену сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.

Ең үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен іріктеу арқылы қамтамасыз етіледі, үміткерлерге резюме, эссе тапсыру және әңгімелесуден өту ұсынылады. Резюме мен эссені қарау нәтижесі бойынша іріктелген үміткерлер Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге (үміткердің резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы) шақырылады.

Іріктеу жеңімпаздары Агенттіктің кадр резервіне алынады және бір жыл ішінде Агенттікке жұмысқа орналасуы мүмкін.

Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

Бос лауазым орындары бойынша ақпарат және оларға қойылатын талаптар қоса беріліп отыр.

Хабарландыру

Шаблон

Дата публикации
06 октября 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы