Меню

Страницы

Статья

Еурохаттаманы толтырудың тәртібі қандай?

Жол-көлік оқиғасы болған кезде уақытты созбай, сақтандыру төлемін тікелей рәсімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама тетігі кеңінен қолданылып келеді. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті автосақтандыру бойынша өтініш берудің осы жеңілдетілген тәртібі туралы тағы бір мәрте еске салды, деп жазады Egemen.kz.

Еурохаттама деген не? Қандай шарттар сақталуы тиіс?

Еурохаттама – жол-көлік оқиғасына (ЖКО) қатысушыларға жол полициясы қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ, апат орнында сақтандыру ұйымына тікелей сақтандыру төлеміне өтініш жолдауға мүмкіндік беретін рәсім.

Бұл тетік уақытты үнемдеуге, артық қағазбастылықтан арылуға және дау-дамайды ушықтырмай шешуге бағытталған.

Еурохаттама шеңберінде сақтандыру жағдайын реттеу үшін мына талаптар орындалуға тиіс:

- оқиғаға тек екі көлік қатысады;
- екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі бар;
- залал сомасы 100 АЕК-тен аспайды;
- қатысушылар арасында кінәлі тарапқа қатысты келіспеушілік жоқ;
- ЖКО салдарынан ешкімнің өмірі мен денсаулығына зиян келмеген;
- үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтірілмеген.

Осы талаптардың бәрі сақталған жағдайда ғана жеңілдетілген тәртіп қолданылады.

Өтінішті қалай рәсімдеуге болады? Нәтиже және тиімділік

Еурохаттаманы ресімдеу үшін қатысушылардың екеуі де «Europrotocol», «DTP.kz» немесе «Halyk Kazakhstan» мобильді қосымшаларының бірін жүктеп алуы қажет. Сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының ресми интернет-ресурстары арқылы да өтініш беруге мүмкіндік бар.

Рәсімдеу тәртібі мынадай:

- қосымшада сәйкестендіруден өту;
- декларацияларды толтыру;
- апат орнын фото және бейнематериалдармен тіркеу;
- өтінішті жүйе арқылы сақтандыру ұйымына жолдау.

Маңызды талап – сақтандырушы декларацияны қабылдағаны туралы хабарлама келгенге дейін оқиға орнынан кетпеу. Хабарлама алынған соң қатысушылар жолын жалғастыра алады. Бұл жағдайда жол полициясын шақыру және сотқа жүгіну талап етілмейді.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еурохаттама іске қосылғалы бері жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге жуық 25 мыңға тарта сақтандыру оқиғасы жеңілдетілген тәртіппен рәсімделген.

Бұл тетік:

- сақтандыру төлемдерін алу мерзімін едәуір қысқартады;
- жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады;
- сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты төмендетеді;
- жүргізушілердің уақытын үнемдейді.

Еурохаттама – цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадам.

 

Дереккөз: egemen.kz

Дата публикации
03 марта 2026
Дата обновления
03 марта 2026
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы