Меню

Страницы

Статья

Үлкен деректерді талдаудан AI-ға дейін: банктерді қадағалау қалай өзгеріп жатыр

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторын қадағалау саясатының 2026 жылға арналған негізгі басымдықтарын таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастама реттеушінің іс-әрекеттерінің ашықтығы мен болжамдылығын арттырып, нарық қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару саласында бірыңғай бағдар қалыптастыруға бағытталған.

 

Жаңа Банктер туралы заңды іске асыру – басты бағыт

2026 жылы Агенттік қызметінің негізгі векторы қаржы жүйесін трансформациялауға негіз болған Банктер туралы жаңа заң нормаларын толық іске асыру болады.

Осы бағытта:

  • қаржылық технологияларды енгізу тетіктері нақтыланады
  • банктік лицензиялардың сараланған жүйесі дамытылады
  • исламдық қаржыландыру кеңейтіледі
  • дағдарысқа қарсы реттеу тетіктері жетілдіріледі
  • корпоративтік басқару сапасы күшейтіледі

Тәуекелге бағдарланған қадағалау күшейтіледі

2026 жылы қадағалау сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.

Жоспарланған шаралар:

  • банктерді SREP әдіснамасы бойынша жыл сайын бағалау
  • активтердің сапасын бағалау (AQR) циклдерін өткізу
  • стресс-тестілеуді жалғастыру
  • капиталға жеке қадағалау үстемелерін қолдану

Сонымен қатар өтімділікке стресс-тестілеу және жасанды интеллектпен байланысты модельдік тәуекелдерді басқару енгізіледі.

Қадағалауда цифрлық технологиялар кең қолданылады

Агенттік SupTech құралдарын және FinAI бірыңғай қадағалау платформасын дамытуды жалғастырады.

Бұл:

  • үлкен деректерді талдауға
  • жасанды интеллект алгоритмдерін қолдануға
  • шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді

Киберқауіпсіздік пен тұтынушылар құқығы – назарда

Цифрландыру жағдайында банктердің цифрлық инфрақұрылымының орнықтылығы басты назарда болады.

2026 жылы:

  • банктердің киберқауіптерге дайындық деңгейі тексеріледі
  • киберқадағалау жүйелері енгізіледі
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптары жаңартылады

Сонымен бірге қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау үшін іс-қимылды қадағалау жүйесі енгізіліп, банктердің клиенттермен жұмыс тәжірибесі бағаланады.

Ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бағытталған саясат

Агенттік мәліметінше, жарияланған басымдықтарды іске асыру банк секторының:

  • қаржылық тұрақтылығын
  • сенімділігін
  • бәсекеге қабілеттілігін

ұзақ мерзімді қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Дереккөз: Dknews.kz

Дата публикации
03 марта 2026
Дата обновления
03 марта 2026
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы