Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары туралы БАҚ-пен брифинг өтті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы  айтып берді.

Мемлекет басшысы коммерциялық банктердің өтімділігін бизнесті кредиттеуге қайта бағдарлау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды «Қазақпарат»» ХАА.

«Кәсіпкерлерді кредиттеуді ынталандыру үшін Агенттік банктердің капиталын және өтімділігін босату мақсатында осыдан бұрын уақытша реттеушілік талаптар енгізді. Атап айтқанда, биыл 30 қыркүйекке дейін ШОБ кредиттері және синдикатталған кредиттер бойынша тәуекел саралауды төмендету есебінен банктердің меншікті капиталын есептеуге талаптар жұмсартылды. 2021 жылғы 1 маусымға дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне талап бір тармаққа төмендетілді және банктердің өтімділігі коэффициенттері бойынша талаптар жұмсартылды», - деді Нұрлан Әбдірахманов брифингте.

Оның айтуынша, шараларды қабылдау сәтінде бұл банктердің капиталын 468 млрд теңге мөлшерінде және өтімділікті 1,8 трлн теңге мөлшерінде босатуға мүмкіндік берді.

«Еліміздің қаржы секторында бүгінде жеткілікті өтімділік байқалып отыр. Экономиканы кредиттеудің өсуі үшін Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп қосымша шаралар, оның ішінде пруденциялық реттеудің уақытша шараларын ұзарту шаралары әзірленеді», - деп толықтырды Агенттік өкілі.

 

27 мың қазақстандық үшін ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-ға дейін төмендетілді

Нұрлан Әбдірахманов 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып жатқандығын, оны іске асыруға 286 млрд теңге бөлінгенін еске салды.

«Бүгінгі күні 27,3 мың ипотекалық қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы жылдық 3%-ға дейін  төмендетілді. 7,9 мың ипотекалық қарыз алушы үшін валюталық қарыздарды конвертациялау  жүргізілді, нәтижесінде олардың борыш жүктемесі екі еседен астам қысқартылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 8 мың қарыз алушы негізгі борыш бойынша берешекті азайту мүмкіндігіне ие болды», - деді брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Әбдірахманов.

Оның дерегінше, халықтың банктер мен ипотекалық ұйымдар берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жалпы берешегі 388,6 мың қарыз бойынша 2,4 трлн теңге болды.

Негізгі үлесі ұлттық валютадағы 386,1 мың қарыздарға тиесілі және ол 2,3 трлн теңгені құрайды, шетел валютасындағы - 2,5 % (2,5 мың қарыз) немесе 60,3 млрд теңге.

«Бүгінгі күні қабылданған шаралардың арқасында банктердің ипотекалық портфеліндегі проблемалық қарыздар үлесі 7%-ға дейін азайды», - деп атап өтті спикер.

Қарыз алушыларды қалыпқа келтіру қазақстандықтарға банк өнімдеріне қолжетімділікті сақтау мүмкіндігін береді

Агенттікте қарыз алушыларды қалыпқа келтіру жұмысы жайында да айтып берді.

«1 тамыздағы жағдай бойынша жеке тұлғаларға берілген кредиттер портфелі 6,8 трлн теңге болды. Осының ішінде тұтынушылық қарыздар 4,15 трлн теңгені құрады. Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде тұтынушылық кредиттер портфелі 61 млрд теңгеге, яғни 1,4%-ға төмендеді. Мерзімі өткен қарыздар деңгейі 7% деңгейінде сақталуда», - деді Нұрлан Әбдірахманов.

Ол пандемия, шектеулер мен күрделі экономикалық жағдайлар адамдарға әсер еткенін, олардың кейбірі үшін қарызды өтеу айтарлықтай проблема екенін атап өтті.

«Осыған байланысты Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қарыз алушыларды қалыпқа келтірудің тетіктерін әзірлеу жұмысын жүргізуде. Қарыз алушыларды қалыпқа келтіру заңнамалық рәсім, ол мерзімі өткен, бірақ өтеген азаматтарға не қазіргі кезде мерзімі өткен қарызы бар азаматтарға банкпен бірлесіп осы қарыздардың талаптарын өзгерту мүмкіндігін береді. Яғни адамдардың банк алдындағы міндеттемелерін одан әрі орындай беруіне мүмкіндік береді. Қалыпқа келтіру рәсімі осындай тарихы жағымсыз адамдардың банк өнімдеріне қолжетімділігін олардың банктік емес кредиттеу секторына кетпейтіндей етіп сақталуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.

Әрбір өнім бойынша кредиттің жеке мөлшерлемесі белгіленетін болады

Агенттікте кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді саралау тетігі бойынша жұмыс жүріп жатқандығы айтылды.

«Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы, Агенттік Ұлттық Банкпен және Қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп шекті мөлшерлемелерді саралау және қарыз алушылардың алуан түрлері және өнімдердің түрлері бойынша шекті мөлшерлемелер белгілеу тетігін әзірлеуде. Бұл жұмыс қазіргі кезде жүріп жатыр. Сондықтан да мен сіздерге нақты цифрларды немесе мұндай қарыз түрлерін айта алмаймын», - деді брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.

Ол нарыққа талдау жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Банк өнімдері, микроқаржы ұйымдарының өнімдері зерделенуде.

«Әрбір өнім бойынша қарыз алушылардың әрбір санаты үшін кредит бойынша жеке шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі белгіленетін болады», - деді спикер.

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы