Меню

Страницы

Статья

Доклад Первого Заместителя Председателя Агентства Олега Смолякова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ

БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ОЛЕГ СМОЛЯКОВТЫҢ

ЕДБ АКТИВТЕРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН ТАНЫСТЫРУ БРИФИНГІСІНДЕГІ  БАЯНДАМАСЫ

 

 Құрметті журналистер!

 Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау (AQR - Asset Quality Review) қорытындысын шығаруға арналған брифинг өткізуде. Жобаға Қазақстан       Республикасының        Тұңғыш        Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 30 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының  Президенті  Қ.К.  Тоқаевтың   2019   жылғы  24 сәуірдегі тапсырмасы бойынша 2019 жылғы екінші тоқсанда бастама жасалды. Олар біздің алдымызға өршіл міндет қойды – жыл соңына дейін ел банктерінің нақты жағдайына барынша толық, жан-жақты және ең бастысы объективті бағалау алу.

Бұл мақсаттар үшін Ұлттық Банк AQR жүргізу саласындағы белгілі халықаралық консультанттың – Oliver Wyman компаниясының, Big Four халықаралық аудиторлық компаниялардың және басқа да танымал халықаралық аудиторлық компаниялардың қызметтерін тартты.

Бағдарлама ауқымына 14 банк, бүкіл банк секторының 87%-ы және жалпы несие портфелінің 90%-ы кірді. AQR процесіне аудиторлық және консалтингтік компаниялардың 500-ден астам қызметкері, Ұлттық Банктің 60-тан астам қызметкері және 70-тен астам тәуелсіз бағалау компаниясы тартылды. 2019 жылғы 1 сәуір активтер сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу үшін есепті күн болып табылады.

AQR нәтижелері, сондай-ақ активтердің сапасын арттыру және екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруды қолдау бойынша 2019 жылғы 1 сәуірден кейін және осы уақытқа дейін іске асырылған шаралар жүйелік деңгейде де, сондай-ақ AQR-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де капитал тапшылығының жоқ екендігін растайды.

AQR-ға    қатысушы    банктердің    салымшылары    үшін тәуекелдер жоқ, себебі барлық банктерде барлық іске асырылған шаралардың қорытындысы бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі реттеушінің талаптарынан жоғары.

AQR нәтижелері бойынша процестердің, деректердің, саясаттар мен рәсімдердің сапасын арттыру бағыттары айқындалды. Ұсынымдарды және түзету іс-шараларын толық іске асыру банктер салымшыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етіп, тәуекелдердің жиналуын болдырмайды және жүйенің ішкі және сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттырады.

1. AQR БАҒДАРЛАМАСЫНА ШОЛУ

 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы ақпан аралығы кезеңінде әдіснама әзірленді, 2019 жылғы 1 сәуір есепті күнге банктер құжаттамасының, деректерінің, процестерінің және олардың қызметтің негізгі көрсеткіштеріне әлеуетті әсерінің талдауы жүргізілді, әрбір банк бойынша жеке шаралар мен ұсынымдар дайындалды.

Қазақстанда біз AQR құралын алғаш рет қолданып отырмыз. Оның негізіне бағдарламаны жүргізудің үздік халықаралық тәжірибесі алынды. Бағалау әдіснамасы AQR әдіснамасын білдіреді, оны Еуропа Орталық Банкі әзірлеп, 2014-2019 жылдары бірнеше рет қолданды, ол Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімдеп шамалы түзетулермен жасалдыы. Осылайша, сапаның тексерілген әдістемелері мен стандарттары қолданылды. Мұндай тәсіл біздің халықаралық әріптестерімізге таныс және түсінікті, алынған нәтижелер ұқсас шетелдік бағдарламалардың нәтижелерімен салыстыруға келеді.

Бағдарлама барысында талдаудың негізгі бағыттары мыналарды:

  1. Бухгалтерлік есептің ішкі процестерін, саясаттарын және практикаларын талдауды;
  2. Корпоративтік қарыз алушылар мен ипотекалық қарыздар бойынша жеке негізде провизияларды әлеуетті түзетулердің талдауды;
  3. Кепілмен қамтамасыз ету құнын қайта бағалауды;
  4. Ұжымдық негізде резервтеу модельдерін талдауды (негізінен, бөлшек портфельдер бойынша);
  5. Облигациялар, банктердің балансындағы жылжымайтын мүлік, туынды қаржы құралдары сияқты әділ құны бойынша ескерілетін активтер құнын қайта бағалауды қамтиды.

Сапаның жоғары стандарттарын және нәтижелердің реттілігін қамтамасыз ету үшін бақылаудың көпсатылы ұйымдастыру құрылымы аясында жұмыс жүргізілді.

Одан басқа, алғаш рет тартылған аудиторлар, басқа аудиторлық ұйым жүргізген бағалауды екіжақты тексеру рәсімі жүргізілді. Аталған екіжақты тексеру Қазақстандағы AQR процесін барлық жерлерде екіжақты тексеру жүргізілмеген Еуропа Орталық Банкі іске асырған ұқсас бағдарламадан өзгеше болып келеді.

2.    БАНКТЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

AQR-дің басты міндеттерінің бірі – халықаралық және отандық инвесторлар мен салымшылар үшін қаржы жүйесінің айқындылығын арттыру, сондай-ақ нарыққа қатысушылар үшін реттеуші шешімдерінің айқындылығын арттыру болып табылады. Бағдарламаның барлық қатысушылары реттеушімен ашық диалогқа түсу мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама басталғанға дейін Ұлттық Банк банктерге бағдарламаның қағидаттарын және ұйымдастыру аспектілерін, бағалау әдіснамасын түсіндірді, бөлек байланыс арнасы ұйымдастырылды, ол бойынша банктердің 1, 000-нан астам сұрағына жауап берілді.

Бағдарламаның нәтижелерін алуға қарай ашықтықты қамтамасыз ету рәсімдері шеңберінде нәтижелерді талқылаудың бірнеше раунды өткізілді.

Қорытындысы бойынша сапалы тұжырымдарды, сондай-ақ ұсынылатын шаралар мен банктердің тәуекелдерін басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған ұсынымдарды қоса алғанда 2019 жылғы 1 сәуірдегі AQR нәтижелері ұсынылды.

Түзету шараларының негізгі қағидаттары айқындалды, қазіргі кезде көрсетілген шараларды банктердің іс-шаралар жоспарында оларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін нақтылау жүргізілуде.

3.    ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

AQR нәтижелері бойынша қорытынды есеп бүгін, 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17.00-де Агенттіктің сайтында, активтердің сапасын бағалауға арналған бөлімде жарияланады.

Есеп мынадай екі бөлікке бөлінген: бірінші бөлікте нәтижелер жалпы алғанда банк жүйесінің деңгейінде, екінші бөлікте қатысушы банктердің әрқайсысының деңгейінде ашып көрсетіледі.

Есеп шеңберінде бірқатар басты көрсеткіш ұсынылды.

ХҚЕС 9 стандарттары 2018 жылы енгізілгеннен  кейін алғаш рет Қазақстанда құнсызданудың 3-кезеңіне жатқызуға болатын қарыз алушылардың үлесін объективті тәуелсіз бағалау жүргізілді.

Сондай-ақ шығасыларды шегере отырып және өндіріп алу мен өткізу үшін қажетті уақытты, сондай-ақ сату кезіндегі жеңілдіктерді ескере отырып алғаш рет кепілмен қамтамасыз ету құнын тәуелсіз қайта бағалау жүргізілді. Қамтамасыз ету құны провизияларды есептеу кезінде қолданылады. Кепілдер құнын қайта бағалау провизиялар сомасының өзгеруіне міндетті түрде алып келмейтінін атап өткен жөн, себебі кепілдің құны қайта бағалаудан кейін де қарыз сомасын арттыруы мүмкін.

Түзетулердің шамасын білдіретін, қарыз алушылар міндеттемелерінің сомасына бөлінген күтілетін кредиттік зиянның деңгейі есептелді. Осы көрсеткіш банктер мен портфельдер арасында салыстыру мүмкіндігі үшін пайыздық көрсеткішпен ұсынылды.

Алғаш рет әділ құны бойынша бағаланатын активтерді қайта бағалау жүргізілді (яғни облигацияларды, банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті, туынды қаржы құралдарын және әділ құны бойынша бағаланатын қарыздарды). ҚР нарығының жекелеген сегменттерінің шектеулі өтімділігі активтердің неғұрлым төмен құнына әсер етеді.

Сондай-ақ AQR түзетулері, банктердің активтердің AQR күнінен кейінгі сапасын жақсарту жөніндегі шаралары және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жүйелік шаралар ескеріле отырып негізгі капиталдың жеткіліктілігіне (k1) ықтимал әсер ету есептелді.

4.    НӘТИЖЕЛЕР

AQR қорытындысы бойынша 2019 жылғы 1 сәуірдегі түзетулерді нақтыланған қорытынды бағалау 14 қатысушы банк үшін 429 млрд теңгені құрайды. 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған нәтижелермен салыстырғанда ~21 млрд теңгеге төмендеу банктер ұсынған қосымша ақпарат ескеріле отырып ашықтықты қамтамасыз ету фазасының нәтижелері бойынша орын алды және оны тәуелсіз аудиторлар мен сарапшылар растады.

Жалпы алғанда, AQR нәтижелері бойынша барлық қатысушы банктер бойынша ХҚЕС өлшемшарттары қолданыла отырып 3-кезеңдегі активтердің үлесі жиынтығында 2019 жылғы 1 сәуірде 21,1% болып бағаланды. 3-кезеңдегі активтер қайтарылмайтын активтер және банктердің тікелей шығыны болып табылмайды. Бұл көрсеткіш NPL90+ салыстырғанда кеңірек, себебі ол мерзімі өткен активтерді, сол сияқты мерзімі өтпеген активтерді де ескереді, алайда қарыз алушыда қаржылық есептілік көрсеткіштерінің нашарлау фактілері немесе мәжбүрлеп қайта құрылымдау белгілері болады. ХҚЕС практикасына сәйкес 3-кезеңдегі активтер болашақ іске асырылмаған тәуекелдерді қоса алғанда, неғұрлым жоғары тәуекелі бар активтердің көрсеткіштері болып табылады.

Сондықтан 3-кезеңдегі активтер іске асырылмаған шығынды бағалау үшін кредиттерді қалыптастырылған провизиялармен, кепілдермен және басқа да қамтамасыз етумен өтеу дәрежесіне түзетіледі.

Кепілмен қамтамасыз ету құнының қайта бағалаудан кейін төмендеуі 2019 жылғы 1 сәуірдегі қолданыстағы кепілдер құнының 23,8%-ын құрайды. Талдау бір жағынан алғанда банктердің олардың объективті құнын алу үшін қамтамасыз етуді дербес дисконттайтынын көрсетеді, яғни олардың объективті құнын алу үшін консервативті тұрғыдан сәйкес келеді. Сонымен бірге, кепіл мүлкін бағалау әдістемесі және бағалаудың өзі нарықтардың бағалық сипаттамаларын неғұрлым дәл көрсетуі үшін Қазақстандағы бағалау қызметін халықаралық стандарттарға келтіруге арналған жүйелік шараларды қабылдау талап етіледі.

AQR бағдарламасының шеңберінде AQR есепті күнгі капитал мөлшеріндегі түзетулердің әсер етуін бағалау жүргізілді, ол есепті күннен кейін жүргізілген шараларды есепке алғанға дейінгі аралық нәтиже болып табылады.

2019 жылғы 1 сәуірден кейін осы уақытқа дейін банктер портфельдің сапасын жақсарту жөніндегі маңызды шараларды іске асырды және оларды реттеуші растады. Нәтижесінде AQR бойынша 429 млрд теңге әлеуетті түзетулердің 180 млрд теңгеден астамын банктердің өзі 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде провизияларды толық қалыптастыру, қарыз алушылардың берешектерін өтеу, қарыздар бойынша қосымша кепілмен қамтамасыз ету арқылы реттеді.

Жоғарыда             баяндалғанды              ескере              отырып, шоғырландырылған деңгейде реттеушілік минимумға қатысты k1 капиталының артуы AQR түзетулерін ескере отырып AQR- ға дейін ~105%-бен салыстырғанда ~70% болды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде AQR нәтижелері бойынша капитал қоры жүйе деңгейінде 800 млрд теңге болды. Орташа алғанда банктер бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициенті тәуекел бойынша орташа алынған активтер сомасынан дерлік 13%, бұл уақытта ҚҰБ-ның нормативі 7,5% болды.

Осыған ұқсас, AQR нәтижелері бойынша жүйе деңгейіндегі k2 пруденциялық капиталының қоры тәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан (мысалы, ұжымдық резервтеу моделін бағалауға      қатысты      және банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалауды ескере отырып) толық өтеу үшін жеткілікті.

Жекелеген банктер деңгейінде AQR нәтижелері бойынша іске асырылған шараларды және банк қабылдаған міндеттемелерді (бұдан әрі осы туралы айтылатын болады) капитал қоры байқалады; k1 және k2 пруденциялық нормативтері орындалуда.

5.                АКТИВТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ

Барлық банктер бойынша активтер құнын қайта бағалауды ескере отырып АСБ нәтижелері бойынша, 2020 жылы банктер бойынша әлеметті тәуекелдерді толық өтеу үшін капитал бойынша пруденциялық талаптарға сәйкес, қаржы реттеушісі Ұлттық Банкпен бірлесіп мынадай шараларды қабылдады.

Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банк 2017 жылғы маусымда қабылдаған, іске асырылатын Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде Проблемалық кредиттер қорының ақылы кепілдігі түрінде активтерді қорғаудың қосымша құралы (Asset protection scheme) айқындалды. Активтерді қорғау құралы осы Бағдарламаға қатысушы банктерге беріледі, олар үстеме капиталдандыру және тәуекелдерді шектеу, AQR нәтижелерін ескере отырып, активтердің сапасын жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды іске асыру мүмкіндігі бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

Активтерді қорғаудың мұндай құралдары Ұлыбритания және Испания сияқты елдерде қолданылды.

Қазақстан

Республикасының

Президенті

Тоқаевтың

Қазақстан    Республикасы

Үкіметінің    2020

жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес, әлеуетті тәуекелдерді өтеу банктер мен акционерлер тарапынан бюджет қаражатын пайдаланбай және ақылы негізде жүргізіледі. Банктер капиталының буферін жасау активтерді қорғау құралын пайдалана отырып және банктер мен акционерлерге қатаң талаптар белгілей отырып, қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, мыналар көзделеді:

Бірінші, AQR қорытындылары бойынша түзетулер және провизиялар көлемі арасындағы айырмадан кемінде 50% мөлшерде акционерлердің қаражаты есебінен 3 айдың ішінде үстеме капиталдандыру, оларды банктер Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде қалыптастырады.

Екінші, Қаржы министрлігі Проблемалық кредиттер қорының 5 жылға ақшасыз ақылы кепілдік беруі. Кепілдік банктерге, Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушыларға ақылы негізде 3% жылдық мәнде берілетін ақшалай емес тетік болып табылады. Кепілдік ХҚЕС бойынша банктер балансындағы активтер құнының төмендеуінің әлеуетті тәуекелдерін өтеуді қамтамасыз ететін құрал ретінде танылады. Кепілдік Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасын іске асыруды аяқтауға, активтерді провизиялармен және (немесе) капиталмен неғұрлым жоғары өтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 117 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік акционерлерге қалған тәуекелдерді дербес жабуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде банк акционерлерінің есебінен бюджет қосымша табыс алады.

Үшінші, банктердің Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде:

  • дивидендтер төлеуге тыйым салуды (яғни кепілдіктің қолданылуы уақытында банктердің қызметінен кез келген пайда алу),

 

  • тәуекел дәрежесі жоғары қарыздардың берілуін шектеуді (қосылу және сіңіріп алу, өтімділігі жоғары сегменттердің белсенді өсуі, БЕҚБТ-ға жаңа қарыздар беру сияқты және т.б.),
  • банктің басшылығына төленетін өтемақының мөлшерін шектеуді,
  • бағдарламаға аясына енгізілген активтерді басқару бойынша іс-әрекеттерге шектеулерді;
  • әкімшілік және операциялық шығыстарды оңтайландыруды көздейтін қатаң талаптарды қабылдауы.

Төртінші, активтерді қорғау құралын іске асыру мақсатында Нұрбанкті қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге Банкке Бағдарлама талаптары бойынша реттелген облигацияларды шығару мүмкіндігі берілетін болады. Нұрбанк Бағдарламаға қатысу талаптарына сәйкес келеді, қаржылық орнықтылықты арттыру бойынша шараларды іске асырады, өзіне акционер тарапынан капиталдандыру бойынша ең көп міндеттемелерді және тәуекелдерді шектеу бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Қаржылық  орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы басқа банктерге қосымша ақша бөлу көзделмеген.

Осылайша, активтерді қорғау құралын пайдалана отырып, Ұлттық Банктің қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына 4 банк қатысады (АТФ банк, ЦентрКредит Банкі, Нұрбанк, Еуразиялық банк).

Шешімдер AQR іске асыру кезінде банктер активтерінің сапасын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізгенін, атап айтқанда, жаңа кепілдіктерді қабылдағанын, проблемалық қарыздардың бір бөлігін өтегенін, провизиялар мен есептен шығару арқылы шығындарды көрсеткенін ескере отырып қабылданды. Бұл шаралар 2019 жылғы 1 сәуірдегі AQR бағалау есебінде келтірілген капитал жеткіліктілігі бойынша жағдайдың едәуір жақсаруына алып келді. Мәселен, 2019 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде ғана Бағдарламаға қатысушы банктердің AQR әлеуетті түзетулерінің 369,4 млрд теңгесінің жартысына жуығын немесе 180 млрд теңгені банктер дербес толығымен реттеді.

Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы банктер акционерлерінің қатысуы біздің ең басты басымдығымыз болып табылады. Осыған орай, банктердің 157 млрд теңгеге қалған тәуекелдерін банктер және олардың акционерлері өздері өтейді, оның ішінде 40 млрд теңгеден астамы 3 ай ішінде акционерлердің есебінен жабылады. Банктер мен акционерлердің банктердің әлеуетті тәуекелдерін өтеудегі қатысуы қорытындысында 83,5%болады.

Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қажетті шешімдері осы аптада қабылданды, барлық тараптар әрбір қатысушы банкпен тиісті келісімдерге қол қойды.

Ұлттық Банктің Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына барлық қатысушылардың қаржылық жағдайы тұрақты:

  • ЦентрКредит Банкі AQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс- қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 33,3 млрд теңге), сондай-ақ 26,4 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 20,6 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып, 7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды;
  • АТФ банкі AQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 80,0 млрд теңге), сондай-ақ 44,2 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 33,8 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып, 7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды;
  • Еуразиялық банк AQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс- қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 45 млрд теңге), сондай-ақ 44,9 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 41,4 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып, 7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды;
  • Нұрбанк AQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (немесе 33,3 млрд теңге), сондай-ақ 26,4 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 20,6 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып, 7,5%- дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды.
  • 2.    КЕЙІНГІ ІС-ҚИМЫЛДАР
  • Айтып өткенімдей, бүгін сағат 17-де жарияланатын есепте әрбір банк үшін негізгі нәтижелер, түзету шараларының жоспарлары және қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысқан жағдайда түзету шараларының жоспарлары және талаптар қамтылған. 2020 жылғы наурыздың соңына дейін тәуелсіз консультанттың қолдауымен түзету шараларын келісу аяқталатын болады. Одан әрі ҚҰБ мен Агенттік қабылданатын шаралар туралы өзекті ақпаратты және олардың тиімділігін бағалауды тұрақты түрде ұсынып отыруды жоспарлауда. Іс-шаралар жоспары реттеуші тарапынан қатаң бақылаумен орындалатын болады.

2020 жылы реттеушінің 2019 жылы практикасына енгізілген тәуекелге       бағдарланған қадағалауды       және       банктер  активтеріеің сапасын бағалау нәтижелерін есепке алу үшін SREP (Supervisory review and evaluation process) әдіснамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

7.                ҚОРЫТЫНДЫ

Осылайша, AQR және қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша AQR аясына енгізілген барлық банк реттеушінің нормативтеріне сәйкес келу және күтілетін кредиттік зияндар бойынша шығындарды бюджет қаражатын пайдаланбай өтеу үшін негізгі капиталдың жеткілікті көлеміне ие. Тағы да қайталаймын, AQR-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ, себебі барлық банктерде барлық іске асырылған шаралардың қорытындысы бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі реттеушінің талаптарынан жоғары.

Біз ұсынымдар мен шаралар енгізу нәтижелері бойынша жалпы алғанда банк секторының қаржылық тұрақтылығын одан әрі арттыруға қол жеткізіледі ден сенеміз.

Жоғарыда аталған шаралар нәтижесінде басты мақсаттардың біріне қол жеткіземіз және барлық тәуекелдердің 2020 жылы ТОЛЫҚ ӨТЕЛУІН қамтамасыз етеміз, капитал жеткіліктілігін толық көлемде қалыпқа келтіруге және қолдауға қажетті іс-шараларды іске асырамыз. Бұл банк жүйесіне деген сенімді арттыру үшін өте маңызды.

Банктерді қолдау міндетті түрде акционерлерді қатыстыра отырып толығымен өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асырылады. Банктер ұсынған орнықты қаржы модельдері банктің және акционерлердің есебінен қажетті шараларды орындауға мүмкіндік береді.

AQR-ды аяқтау және барлық қатысушы банк бойынша капитал жеткіліктілігін қамтамасыз ету Қазақстанның банк секторының ашықтығын едәуір арттыруға ықпал ететін болады. Бұл, өз кезегінде, елдің қаржы нарығына халықаралық инвесторлар тарту үшін маңызды фактор бола алады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартады.

Оның үстіне қалыптастырылған жоспарлар банктердің негізгі бизнес-процестерін айтарлықтай өзгертуге көмектеседі, бұл олардың жұмыс сапасын және клиенттер үшін ыңғайлылықты жақсартады.

Банктер бойынша қалыптасқан іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасында қадағалау тарихындағы бұрын- соңды болмаған жағдай болып табылатынын атап өтемін,  себебі банк провизиялары мен капиталын есептеу процестерін ғана емес, сонымен қатар бизнес процестерді және банктердің тәуекелдерін басқару процестерін іргелі өзгертуге әкеледі.

AQR бағдарламасын аяқтау қаржы секторын қалыпқа келтіру бойынша реттеушінің күш салуына қорытынды шығарады. Одан әрі Агенттік AQR нәтижелері бойынша шараларды орындау және бақылау бойынша қолдау іс- шараларын жүргізетін, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалау негізінде қаржылық тұрақтылыққа мониторингті жүзеге асыратын болады.

Біз әлемдік нарықтардағы ағымдағы белгісіздік жағдайында Қазақстанның қаржы секторының орнықтылығын арттыру бойынша бүгін қабылданған шаралардың уақтылы болып табылатынына кәміл сенеміз.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы