Меню

Страницы

Статья

Халықаралық ұйымдарға мүшелік

2016 жылғы 26 қазаннан бастап Агенттік Базельдік консультативтік топқа (БКТ) мүше болды. БКТ – Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің (БҚБК) дүниежүзі бойынша банктік қадағалау органдарымен өзара әрекеттестікті тереңдетуге арналған алаң. БКТ БҚБК-ның жаңа бастамалары бойынша түрлі елдерден, халықаралық ұйымдардан, БҚБК-ға мүше емес банктік қадағалауды жүзеге асыратын аймақтық топтардан жоғары деңгейдегі өкілдерді жинап, банктік қадағалау мәселелері бойынша кең ауқымды сұхбат алаңын құруға ықпалдасады. БКТ жылына 3 мәрте сарапшылармен кездесу өткізеді, әдетте оның бірі Базель қаласында өтеді.

БКТ мүшелігіне кіргеннен кейін, Агенттік банктік қадағалау мен реттеу саясатын жүзеге асыру бойынша кең ауқымды кәсіптік сұхбаттарға, пікір мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.     

Агенттік БҚБК қағидаттарының негізінде банктердің жұмыстарын реттеу банк саласындағы тәуекелдерді басқаруды жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жасайды. Ағымдағы регуляторлық режимді және капиталдың жеткіліктілігі бойынша Базель III негізгі қағидаларына көшіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2018 жылғы 27 қарашада Агенттік Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының (IOSCO) Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойды.

IOSCO бағалы қағаздар нарығын реттеудің ұлттық органдарын біріктіретін ұйым болып табылады. Агенттік 1997 жылдан бері IOSCO-ның мүшесі болып табылады.

Дата публикации
30 сентября 2020
Дата обновления
30 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы