Меню

Страницы

Статья

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім-дерге шағымдану тәртібі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде

өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге

 шағым жасау тәртібі

           Шағымдарды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді. 

           Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі Агенттік басшылығының арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрыққа сәйкес құзыреті бойынша шағымды қарайтын жоғарыда тұрған лауазымды адамға жібереді. 

           Бұл ретте егер Агенттік басшылығының арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрыққа сәйкес құзыреті бойынша шағымды қарайтын жоғарыда тұрған лауазымды адам үш жұмыс күнінің ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет істесе, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағымды жоғарыда тұрған адамға жібермеуге құқылы.

           Әкімшілік актісіне әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағымды Агенттік басшылығы арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрыққа сәйкес құзыреті бойынша қарайтын Жоғары тұрған лауазымды адамға жібереді, содан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 93-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жоғары тұрған адам жүзеге асырады Агенттік басшылығы арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрыққа сәйкес шағымды қарайтын лауазымды адам

           Агенттік Басқармасының әкімшілік актілері сотқа шағымдалады, ол туралы  әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады.

           Агенттіктің әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберілген немесе өтініш беруші тікелей берген жазбаша түрде қабылданады.   

           Өтініш беруші тікелей беретін шағымды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметін қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкері қабылдайды, телефоны: 8(727) 2-371-241.

           Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон шағымның тікелей өтініш берушіден қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

           Шағымда мыналар көрсетіледі:

           1) шағымды қарайтын органның атауы;

           2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

           3) жеке тұлғаның нақты тұрғылықты мекенжайы және заңды тұлғаның орналасқан жері;

           4) әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

           5) әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің талаптары мен дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;

           6) шағым берілген күн;

           7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;

           8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

           9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.

           Шағымды қабылдау, тіркеу, есепке алу, қайтару және кері қайтарып алу Кодекстің 64-бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

           Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға, мынадай:

           1) мұндай тұлға шағымды қарайтын органның алқалы құрамына кірген;

           2) Кодекстің 91-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, шағымды қарауға жол берілмейді.

           Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі, ал шешімнің көшірмесі әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберіледі.

           Шағымды жазбаша түрде беруден басқа, жеке немесе заңды тұлға Агенттік басшылығының жеке қабылдауы кезінде Агенттік басшылығына шағыммен жүгіне алады.

           Агенттік басшылығының жеке қабылдауы Агенттік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол:

           - Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан Агенттік ғимаратында өтініш берушілер үшін қолжетімді жерде;

            - Агенттіктің www.gov.kz/memleket/entities/ardfm ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

           Егер шағымды Агенттік басшылығы жеке қабылдау кезінде шеше алмаса, шағымды өтініш беруші жазбаша нысанда жазады және онымен жазбаша өтінішпен жүргізілгендей жұмыс жүргізіледі.

           Шағымдарды тіркеу және есепке алу уәкілетті бөлімшенің басшысы: Ахметова Раушан Кенжебекқызы

           Телефоны: 8 (727) 237-1241

           Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңірлік өкілдер басқармаларының мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңілдіктері

№ п/п

Бөлімдердің атаулары

Мекенжай

Телефон

1.  Астана қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 57А, «Аура» бизнес-орталығы

+7 (7172) 278-389
2.

Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Алматы қ., «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй

+7 (727) 237-1412
3.

 Ақтау қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Ақтау қ., 23-ықшам ауданы

+7 (7292) 709-553

4.

 Ақтөбе қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Ақтөбе қ., Асау-Барақ көш., 45

+7 (7132) 703-838

5.

 Атырау қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Атырау қ., Уәлиханов көш., 2а

+7 (7122) 558-273

6.

 Жезқазған қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Жезқазған қ., Алашахан даңғ., 30А

+7 (7102) 995-086

7.

Қарағанды қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғ., 19

+7 (7212) 502-293

8.

Көкшетау қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Көкшетау қ., Әуезов көш., 214

+7 (7162) 722-140

9.

Қостанай қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Қостанай қ., Баймағамбетов көш., 195

+7 (7142) 390-165

10.

Қонаев қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Қонаев қ., Достық көш., 1

+7 (7277) 277-115

11.

Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Қызылорда қ., Б. Асқар көш., 30

+7 (7242) 551-541

12.

Павлодар қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Павлодар қ., Академик Сәтбаев көш., 44

+7 (7182) 650-225

13.

Петропавл қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көш., 6

+7 (7152) 555-269

14.

Семей қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Семей қ., Абай алаңы, 5

+7 (7222) 600-434

15.

Талдықорған қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Талдықорған қ., М. Төлебаев көш., 58/64

+7 (7282) 401-565

16.

Тараз қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Тараз қ., Қазыбек би көш., 137

+7 (7262) 999-218

17.

Түркістан қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Түркістан қ.,Жаңа Қала шағын ауданы, 11-көшесі, №36 жер телімі мекенжайы

+7 (7253) 358-310

18.

Орал қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Орал қ., Ж. Досмұхамедов көш., 16/1

+7 (7112) 554-293

19.

Өскемен қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Өскемен қ., Қазақстан көш., 3

+7 (7232) 700-345

20.

Шымкент қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы

Шымкент қ., Төреқұлов көш., 2

+7 (7252) 997-946

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
06 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы