ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесі
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2005 жылғы 3 маусымдағы шешімімен құрылды.
Кеңес өз қызметінде ТМД Жарғысын, халықаралық шарттарды, ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкіметтері басшылары кеңесінің шешімдерін, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі атынан ТМД Экономикалық кеңесінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру саясатын үйлестірудің тұжырымдамасын іске асыру;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру заңнамасын Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылары қауымдастығының қағидаттары мен стандарттарына сәйкес үндестіру бойынша шаралар қабылдау;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарының өзара әрекеттесуі мен өзара көмек көрсетуіне жаңа қарқын беру;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- ТМД аумағында халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарына және достастық шеңберінде қабылданған мемлекетаралық келісімдердің талаптарына сәйкес үйлестірілген жалпы сақтандыру кеңістігін құрудағы басымдықтарды анықтау;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру нарықтарын тиімді бақылау және тәжірибе мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру ұйымдары арасында өзара пайдалы байланыс орнатуға көмек көрсету және ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру;
- сақтандыру саласындағы алаяқтыққа қарсы іс-әрекет тетігін қалыптастыру, жосықсыз бәсекелестік, сақтандырушылардың қасақана банкрот атануы бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ТМД үкіметтері Басшыларының кеңесімен 2003 жылғы 18 қыркүйекте құрылды.
Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды, ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкіметтері басшыларының кеңесінің шешімдерін, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Кеңес өз қызметін ТМД-ның Атқару комитетімен өзара тығыз әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.
Кеңес қызметінің міндеттері:
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясын бағалы қағаздар нарығы саласында тереңдету;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздарының тиімді және транспарентті нарықтарын құруды қамтамасыз ететін реттеудің халықаралық стандарттарын белгілеу бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- ТМД шеңберінде капитал қозғалысын одан әрі ырықтандыру үшін жағдай жасау;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін кепілді және тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында бақылаудың тиімді жүйесін жасау.
Кеңестің негізгі бағыттары:
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында құрылған эмитенттердің акциялары, облигациялары және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздарын эмиссиялар стандарттары мен рәсімдерін жетілдіру;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында құрылған эмитенттердің бағалы қағаздарына ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің қор биржаларында орналастыруға және айналысқа рұқсат беруге жәрдем ету;
- бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және ұжымдық инвестициялар институттарының қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттарын әзірлеу;
- қор биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және ұжымдық инвестициялар институттарына лицензиялық талаптарды және олардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын жақындату;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға бірыңғай талаптарды әзірлеу;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында ақпарат ашудың бірыңғай талаптарын әзірлеу;
- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің тәжірибесі туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің әлемдік тәжірибесі туралы ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру;
- бағалы қағаздар нарығындағы қызметін реттеудің және бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.