Меню

Страницы

Статья

Еуразиялық экономикалық одақ

Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет

Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет (Комитет) ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 қазандағы 28-ші отырысының қорытындысы бойынша құрылды. Комитеттің қызметі озық халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, қаржы нарықтары саласындағы ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіруге бағытталды.  

Комитеттің негізгі міндеттері ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өкілдерімен консультациялар өткізу, ЕЭК Алқасына арналған ұсыныстар, оның ішінде мына мәселелер бойынша халықаралық жалпыға мәлім қағидаттар, стандарттар және ең озық халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

  • ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағында қаржылық қызметтер (банк қызметтері, сақтандыру қызметтері, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер және басқалар) саласындағы үйлестірілген саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  • қаржылық қызметтердің өзара саудасын кеңейту және болашақта біртұтас қаржы нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
  • ЕАЭО бір мемлекетінің аумағындағы, сондай-ақ ЕАЭО басқа мүше мемлекеттер аумағындағы қызметті жүзеге асыратын ЕАЭО мүше мемлекеттер тұлғаларының қаражатын инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • мыналарға: ЕЭК Жоғарғы кеңесінің, Кеңесі мен Алқасының халықаралық шарттарына, шешімдеріне, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізуге қатысу;
  • қаржылық қызметтер саласындағы заңнаманы үйлестіру, қаржы нарықтарында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің кедергілерін, өзге де қолжеткізуге шектеулерді жою және (немесе) барынша азайту; қаржылық қызметтер саласында мемлекеттік реттеу сапасын арттыру;  халықаралық шарттардың жобаларын, ЕЭК шешімдері мен ұсынымдарын әзірлеу; қаржылық қызметтер саласындағы қызметті реттейтін тараптардың заңнамаларын қолдануға қойылатын біртекті тәсілдерді қамтамасыз ету; ЕЭК пен тараптардың қаржылық қызметтер саласындағы уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру; бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері мен қаржы нарықтарын дамыту саласындағы тараптардың уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру; мониторинг жүргізу және оның орындалуын бақылау тәртібін және ЕАЭО шарттық-құқықтық базасын қамтитын халықаралық шарттардың, Жоғарғы кеңес пен ЕЭК қабылдаған шешімдердің ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Комитеттің мүшелері болып табылады және оның жұмысына тұрақты түрде қатысады.

 

ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру  

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк бірқатар халықаралық келісімдерді жасау және ЕАЭО шеңберінде қол қойылған шарттарды күшіне енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

1. Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісім

Осы Келісім ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қаржы нарықтарының реттеушілері арасында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу, алынған конфиденциалды ақпаратқа қолжеткізу және оны сақтау тәртібін; өзара ынтымақтастық; трансшекаралық ұйымдарды қадағалауды жүзеге асыру мақсатында реттеушілер арасында бірлескен кездесулер мен консультациялар өткізу бағыттарын белгілейді.

Келісімге ЕЭК Кеңесінің он алтыншы отырысы шеңберінде Мәскеу қаласында 2014 жылғы 23 желтоқсанда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктерінің басшылары қол қойды.

Қазақстан Республикасы Келісімді күшіне енгізу бойынша мемлекетішілік рәсімдер «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 572 қаулысының қабылдануымен аяқталды.

Келісімнің күшіне енуінің ресми күні 2016 жылғы 21 қазан болып табылады. 

ЕАЭО туралы шартқа Армения Республикасын қосуды ескере отырып, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасын қосу туралы жекелеген Хаттамаға қол қою арқылы аталған келісімге Армения Республикасын қосу бойынша жұмысқа бастама жасалды.

Қазақстан Республикасы Хаттамаға қол қоюға, «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 888 қаулысын қабылдауға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады.  

2. Валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және ырықтандыру шараларын қабылдауға қойылатын келісілген тәсілдер туралы келісім

Осы келісім ЕАЭО туралы шарттың 64-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ЕАЭО мүше мемлекеттерінде валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге қойылатын және ырықтандыру шараларын анықтайды.  

Келісім жобасын ЕАЭО мүше мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктері атынан жасау жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк тиісті қаулының жобасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізуге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамаларын үйлестіру туралы келісім

Осы келісім ЕАЭО туралы шарттың 70-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО шеңберінде жалпы қаржы нарығын құру, қызметтер секторындағы (банк секторы, сақтандыру секторы және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер секторы) қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тануды және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қаржы нарықтарына кемсітусіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді жетілдіру және мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қажеттілігіне орай әзірленді.  

Келісімді ЕАЭО қатысушы мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктері атынан жасау жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк аталған келісімге қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыру үстінде.

4. Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін (сауданы ұйымдастырушыларын) басқа мүше мемлекеттердің биржасына жіберу туралы келісім

ЕЭК Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет отырысының 2014 жылғы 3 қазандағы № 2-ТС/ККФ Хаттамасына сәйкес ЕЭК Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін (сауданы ұйымдастырушыларын) басқа мүше мемлекеттердің биржасына жіберу туралы келісімнің жобасын әзірледі. Келісімді әзірлеу пилоттық жоба болып табылады және шектеулерді кезең-кезеңімен алу және ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптарын біріздендіруге бағытталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы құжаттың мемлекетішілік келісілуін аяқтады. Мемлекетішілік келісім қорытындысы бойынша алынған Қазақстан Республикасының ескертулері мен ұсыныстарын қазіргі уақытта ЕЭК қарау үстінде. 

Дата публикации
17 января 2020
Дата обновления
17 января 2020
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы