Меню

Страницы

Статья

Микрокредитті алған кезде неге көңіл аудару қажет

Микроқарыздар бойынша кредиттеу талаптары көбіне тұтынушыға түсінікті бола бермейді 

Микроқарызды алу мәселесінде қашан да белгілі бір тәуекелдер болады. Олар көбіне кредиттеу талаптарымен және төлем мерзімін өткізіп алғаны үшін үлкен айыппұлдармен байланысты. Бірақ қазақстандықтар осы қаржы құралын бәрібір белсенді пайдалануда. Сәйкесінше, өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету үшін микрокредит беру ерекшелігін білу қажет. Осындайда неге көңіл қажет және микроқаржы ұйымдары қандай қағидаларға сәйкес жұмыс істеуі керек, бұл жайында Fingramota.kz ой бөліседі.

 

МҚҰ есептік тіркеу

Бірінші кезекте Қазақстанда қарыздардың қандай да бір түрлерін беретін барлық компаниялар есептік тіркеуден өтуге міндетті екенін атап өткен жөн.    

2020 жылғы шілдеден бастап мұндай тіркеуі жоқ компаниялардың еліміздің халқына қарыздар беруіне тыйым салынады. Мұндай ұйымдардың ішінде кредиттік серіктестіктер, түрлі ломбардтар, онлайн-қарыздарды ресімдейтін компаниялар бар. 

Тіркелмеген компаниялар қаржы реттеушісінің бақылауында болмайды. Сондықтан да азаматтарға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Мұндай компанияларда қарыз беру талаптары көбіне қарызға батырып, ірі көлемдегі қаржы шығынына әкеледі. Қаржы нарығын реттеу агенттігінде атап өткендей, МҚҰ-ның есептік тіркеуінің бар екеніне көз жеткізу және қарызды алмай тұрып шартты зерделеу маңызды. Есептік тіркеудің бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында «Тізілімдер мен хабарламалар тізілімі» – «Рұқсаттар» – «Есептік тіркеу» айдары арқылы тексеруге болады.     

Шарттың мазмұны

Микрокредит аламын деп шешсеңіз, міндетті түрде бірнеше маңызды тармаққа көңіл аударыңыз. Олар кредиттеу талаптарына және МҚҰ-ның көрсететін қызметтеріне ненің кірмейтініне қатысты.

 

1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 56%-дан аспауға тиіс. Ол қарыз шартының өзінде де көрсетілуге тиіс. Мөлшерлеме мынадай кредиттеу талаптары жағдайында жоғары болатынына көңіл аударыңыз: микрокредит сомасы 50 АЕК-тен аспайды, қарыз 45 күннен аз мерзімге алынса, айыппұл мөлшері күніне қарыз сомасының 0,5%-нан аспайды, шарт талаптары соманы немесе оның қолданылу мерзімін ұлғайтуға тыйым салады. Мұндай жағдайларда сыйақының қорытынды мөлшері, яғни жалпы артық төлем қарыз сомасының 30%-нан аспайды.

 

2. МҚҰ-да комиссияларға тыйым салынған, сондықтан да олар шартта болмауға тиіс. Ал олардың борышқа қызмет көрсеткені үшін белгілі бір соманы төлеу туралы талабы «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңды тікелей бұзу болып табылады.  

 

3. Микроқарыз қарыз алушының ресми кірісі болған жағдайда немесе құны кредиттің бүкіл көлемін жаба алатындай мүлкінің бар екені расталған жағдайда берілуге тиіс.

 

4. Қарыз бойынша төлемдер айлық жалақының жартысынан көп болмауға тиіс – бұл шекті рұқсат етілген борыштық жүктеме. Бұл шектен асып кеткен жағдайда адамның төлем мерзімін өткізіп алу, тіпті ақшасыз қалу тәуекелі бар.

Қандай да бір бұзушылықтарды анықтаған жағдайда қазақстандықтарға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге кеңес беріледі.

Дата публикации
09 июля 2020
Дата обновления
09 июля 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы