Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда бағалы қағаздар туралы жаңа заң әзірлене бастады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заң жобасын әзірлеу басталғанын алғаш рет ресми түрде растады. Бұған дейін реттеуші бұл жұмысты 2026 жылға қалдыру жоспарланғанын айтқан еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Реформа қажет

Агенттік жаңа заң жобасымен жұмыс басталғанын өз төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаржы институттары департаментінің басқарушы директоры Франсиз Малиджбен кездесуден кейін мәлімдеді.

— Агенттік қор нарығының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және инновацияларды енгізуге жағдай жасауға бағытталған бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеуге кірісті, — делінген ҚНРДА хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жаһандық қаржы жүйесі жылдам өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда Қазақстанға қор нарығында құрылымдық реформалар жүргізу қажет.

Заң жобасы туралы не белгілі?

Мәдина Әбілқасымова бағалы қағаздар нарығы туралы заңды қайта жазу жоспарланып отырғанын қараша айында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде жария еткен. Ол кезде агенттік негізгі жұмысты 2026 жылға қалдыруды көздеп отырғанын айтқан еді.

— Біз бағалы қағаздар нарығы туралы заңның нормаларын қарап шықтық. Көптеген талаптар жетілдіруді қажет етеді, бір бөлігі ескірген. Мысалы, цифрлық қаржы активтеріне қатысты өзгерістерді біз бағалы қағаздар туралы заңға тікелей емес, банктер туралы ілеспе заң жобасы арқылы енгізуге мәжбүр болдық. Соның салдарынан кейбір сәйкессіздіктер пайда болды. Мұның бәрін жүйелеу қажет, — деген болатын агенттік төрағасы.

Осылайша, Қазақстанда қор нарығын жаңғыртуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірлеу іс жүзінде басталып кетті.

 

Дерекқөз: qaz.ulysmedia.kz

Дата публикации
18 декабря 2025
Дата обновления
18 декабря 2025
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы