Меню

Страницы

Статья

Лондонда өткен іс-шарада инвесторлар Қазақстанның жаңа IPO жобалары мен цифрлық активтері туралы білді

Агенттік өкілі Лондондағы Kazakhstan Equity Capital Markets Day шарасына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Лондонда шетелдік инвесторлар үшін «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған Kazakhstan Capital Markets Day іс-шарасы өтті.

Kazakhstan Equity Capital Markets Day әлеуетті инвесторлар Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығын дамыту туралы өзекті деректермен және халықаралық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына қатысу перспективаларымен таныса алатын алаң болып табылады.

Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ қаржы және даму институттарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Акциялардың нарықтық капитализациясы жыл басынан бері 22%-ға ұлғайып, 73 млрд долларға жетті және ЖІӨ-нің 28%-ын құрады. Айналыстағы корпоративтік облигациялардың жалпы көлемі – 26 млрд доллар. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында компаниялар қор нарығы арқылы 15,7 миллион доллар тартты. Инвесторлардың қатысуы өсуін жалғастыруда: елімізде 4,6 млн астам бөлшек және корпоративтік шоттар ашылды, бұл қаржылық сауаттылықтың өсуі, цифрлық құралдарды дамыту және жаңа IPO өткізудің нәтижесінде мүмкін болды»Айдын Дәулетбақ

Сондай-ақ, спикер цифрландыру қазіргі уақытта дамудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп цифрлық қаржы активтері үшін айқын құқықтық негіз әзірлеуде. Цифрлық құралдар дәстүрлі бағалы қағаздар сияқты пруденциялық стандарттар бойынша реттелетін болады. Бұл шаралар Қазақстанның өңірлік қаржылық-технологиялық хаб болуға деген ұмтылысын қолдай отырып, қауіпсіз және инновациялық цифрлық нарық үшін негіз болмақ.

Сөзін қорытындылай келе, Айдын Дәулетбақ Агенттіктің негізгі бастамаларының бірі — «Бағалы қағаздар нарығы туралы» жаңа заңды әзірлеуді ұсынды, оның мақсаты бағалы қағаздар нарығын, исламдық қаржыны және цифрлық активтерді реттейтін заңнаманы бірыңғай келісілген құқықтық жүйеге біріктіру болып табылады.

Дереккөз: DKNews.kz.

Дата публикации
13 ноября 2025
Дата обновления
13 ноября 2025
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы