Елімізің банктерінде клиенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімшелер құру міндеті іске асырыла бастады. Бұл қадам қаржы ұйымдарының қызметін клиентке барынша ашық етуге, дауларды алдын ала шешуге және сотқа жүгінетін жағдайларды азайтуға бағытталған. Бөлімдер қалай жұмыс істейтіні жайлы шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бөлімшенің міндеті қандай?
Жаңа құрылымдардың басты мақсаты – тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін жүйелі қорғау. Оның ішінде:
Жаңа талап не үшін қажет?
Соңғы жылдары клиенттердің банкке деген сенімі сынға түсе бастаған. Шағымдардың өсуі сондай-ақ алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуі банктерден клиенттердің қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғауды жүйелі және кешенді түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Банктерде іс-қимылды қадағалаудың жаңа ережелері енгізілді. Енді әр шағым 15 күн ішінде қаралуға тиіс. Сонымен қатар, жолданымдар жеке жағдай ретінде ғана емес, бүкіл банк жүйесіндегі проблемаларды анықтау көзі ретінде қарастырылады,-деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Клиент пен банк арасындағы дау қалай шешіледі?
Жаңа жүйе үш деңгейлі тетікке негізделген:
Бұл тәсіл сот жүйесіне түсетін салмақты азайтып, дауларды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Қадағалау қалай жүреді?
Бөлімшелердің жұмысы екі деңгейде бақыланады:
Егер банк бөлімше құрудан бас тартса немесе талаптарды орындамаса, Агенттік:
Кредит алу қиындай ма?
2024 жылы қабылданған заң негізінде тұтынушыларды шамадан тыс қарыз жүктемесінен қорғауға бағытталған бірқатар шектеулер енгізілді:
Бұл шаралар халықты артық қарыз алудан қорғап, банктерді тәуекелдерді басқаруға жауапкершілікпен қарауға мәжбүрлейді.
Жаңа талаптар банк жүйесін клиент үшін барынша ашық әрі әділ етуге бағытталған. Егер реформалар ойдағыдай іске асатын болса, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі күшейеді, сотқа жүгінетін даулар азаяды, банктер мен клиенттер арасындағы сенім артады.
Дереккөз: baq.kz