Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда жаңа банк пайда болды

Бүгін, 25 маусымда, BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымына банк лицензиясы табысталды. Енді ел нарығында BNK Commercial Bank атты жаңа банк пайда болды.

Банкке лицензия беру салтанатына Кореяның ҚР-дағы Бас консулы, BNK басшылығы және Қаржы нарығын реттеу және дамыту (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова қатысты.

«Қазақстан мен Кореяның стратегиялық қарым-қатынасы өзгеріп жатыр. Энергия, инфрақұрылым саласындағы серіктестік дамып жатыр. Алматыда шетелдік банктер, финтех компаниялар саны артып жатыр. Бұл өзгерістер BNK қаржы тобының жаһандық кеңею стратегиясын сай келеді. Шымкент пен Алматы тәрізді ірі қалаларда тірек нүктелерін қалыптастыру арқылы жергіліктендіру стратегиясы жүзеге асып жатыр. Одан әрі шағын және орта бизнес үшін мамандандырылған банк ретінде қалыптасып, ТМД елдеріне шығатын база құруды жоспарлап отырмыз», – деді BNK Commercial Bank басқарма төрағасы Ким Сонг Хен.

Мәдина Әбілқасымова өз сөзінде бұл лицензия 2010 жылдан бері шетелдік ұйымға берілгелі отырған алғашқы банк лицензиясы екенін атап өтті.

«Бүгіннен бастап BNK банк секторының толыққанды мүшесіне айналды. Мұндай бірі банктің елімізге келуі нарықтағы бәсекелестікті арттырып, банк қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Одан әрі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық серіктестігін дамытуға да әсер зор», – деп атап өтті ол.

BNK Commercial акционері – BNK Capital Co. компаниясы. Өз кезегінде бұл оңтүстік кореялық BNK Financial Group холдингінің еншілес ұйымы. Бұл қаржы ұйымы Кореядан бөлек, Қытай, Вьетнам елдерінде жұмыс істейді. Актив көлемі 103 млрд долларға тең, әлем бойынша 12 мыңға жуық қызметкерлері бар.

BNK Finance Қазақстан нарығына 2018 жылы кіріп, жұмысын микроқаржы ұйымы ретінде бастады. ҚНРДА мәліметінше, МҚҰ активі жағынан нарықта 15-орынды иеленді.

2024 жылы қарашада ҚНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова қаржы ұйымына банк лицензиясы берілетінін хабарлаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев та Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен кездесуінде BNK Finance Kazakhstan-ның коммерциялық банкке айналу шешімін қолдайтынын айтқан.

Қазір Қазақстан нарығында 21 банк бар, оның ішінде оны шетелдік компаниялардың қатысуымен жұмыс істейді.

 

Дереккөз: Kz.kursiv.media

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы