2025 жылғы наурыздан бастап коллекторлардың заң бұзғаны үшін айыппұл мөлшері екі есе артты деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА). Аталған шара борышкерлердің құқықтарын қорғау және коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу мақсатында енгізілді.
Агенттіктің мәлімдеуінше, коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде жосықсыз әрекеттер жасағаны үшін салынатын айыппұл 2 есе ұлғайды. Нақты айтқанда:
Ал коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін көбейді.
Коллекторлар қызметіне қатысты өзгерген талаптар бұл ғана емес. Енді коллекторлар борышкерлердің өтінішін тіркеу, әрбір өтініш бойынша қандай шаралар қабылданғанын көрсету, қарыз төлеу шарттарын өзгертуден бас тартса – себебін түсіндіруге міндетті.
Дереккөз: kz.kursiv.media