«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Агенттік жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Агенттікке электрондық нысанда:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2025 жылғы 10 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде info@finreg.kz (электрондық поштаның мөлшері 9 мбайттан аспауы керек, егер көрсетілген мөлшерден асып кетсе, файлдарды бірнеше электрондық поштаға бөлу керек) электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.».