Меню

Страницы

Статья

Қазақстандағы тәуекел-менеджментке инновациялық тәсілдер

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақ-Британ техникалық университеті мен Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, Қазақстан қаржы ұйымдарының қолдауымен Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарының арасында «KBTU Risk Management Case Competition» тәуекел менеджменті бойынша кейс-чемпионат өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тәуекел менеджменті бойынша кейс-чемпионат қарыз алушы дефолтының тәуекелін модельдеу бойынша талдамалық сервисті әзірлеу және оны таныстыру форматында өтті.

«Модельдеу тәуекелдерді басқарудың маңызды құралы болып табылады. Тәуекелдердегі модельдеу ықтимал қауіптерді айқындауға әрі бағалауға ғана көмектесіп қоймай, сондай-ақ шығындарды барынша азайтуға және пайданы оңтайландыруға ықпал ететін негізделген шешімдер қабылдау үшін құнды инсайттар ұсынады» Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Қаржы реттеушісінің өкілі статистикалық және математикалық модельдердің көмегімен ықтимал корреляция мен себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға арналған деректердің үлкен көлемдеріне талдау жасауға болатынын, оның тәуекелдерді біршама нақты бағалау мен жіктеуге ықпал ететінін атап өтті.

Агенттік өз қызметінде корпоративтік қарыз алушылардың, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлғалардың кредиттік қабілеттілігін бағалау кезінде модельдеу мен машиналық оқыту алгоритмдерін белсенді түрде пайдаланады. Атап айтқанда, тұрақты банктік қадағалау процестері – активтер сапасын бағалау (AQR) мен қадағалап стресс-тестілеу активтер бойынша тәуекел метрикаларының модельдік бағаларына негізделген.

Осылайша, банк жүйесі активтерінің 85%-дан астамын қамтитын банктердің деректеріне банк жүйесінің ағымдағы күндегі тұрақтылығы тұрғысынан Агенттіктің модельдері бойынша, сондай-ақ экономиканы дамытудың ықтимал стрестік сценарийлерінің шеңберінде жыл сайын талдау жасалады. Агенттік сапалы әрі орынды модельдер құру үшін миллиондаған қарыздар мен қарыз алушылар бойынша бірнеше жылдағы деректердің үлкен ауқымын өңдейді.

Іс-шара қатысушыларға өзекті бизнес-міндетті шешуде практикалық тәжірибе, еліміздің тәжірибелі тәуекел менеджерлерінен консультациялар алуға, сондай-ақ өздерінің кәсіби нетворкингін кеңейтуге және жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашуға көмектесті.

Дереккөз: Dknews.kz
 
Дата публикации
12 апреля 2024
Дата обновления
12 апреля 2024
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы