Меню

Страницы

Статья

Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады

Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулерді депутаттар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірледі.

Бүгінгі таңда 8,5 млн жуық қазақстандықтың қарызы бар, оның 1,6 млн жуығы қарызын уақытында өтей алмай жүр. Несиені төлеу мерзімі 90 күннен кешіккен қарыздың жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі, сәйкесінше қарыз сомасы ұлғайып, оны төлеу қиындай түседі.

Заң жобасында қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелер бойынша 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға сыйақы есептеуге тыйым салу көзделген. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты.

Сондай-ақ несие өтемеген мерзімі 90 күннен асатын азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несиелер беруге тыйым салынады. Алайда бұл норма жеке тұлғаның қарызын өтеу үшін банктен берілетін қарызға қолданылмайды.

Құжатқа қарыз алушының несие бойынша ай сайынғы төлемінің ресми табысының жартысынан аспауы туралы талап енгізілген. Оны банктер мен микроқаржы ұйымдары сақтауға міндетті болады. Бұдан бөлек тұтынушылық кредит ұғымы енгізіледі және нормативтік деңгейде оның ең жоғары мәні шектеледі (банктер үшін – 5 млн теңге, микроқаржы ұйымдары үшін – 2 млн теңге).

 

Дереккөз: https://forbes.kz/news/2024/03/06/newsid_318798

Дата публикации
12 марта 2024
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы