Меню

Страницы

Статья

Агенттік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi электрондық нысанда:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2024 жылғы 19 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде info@finreg.kz (электрондық поштаның мөлшері 9 мбайттан аспауы керек, егер көрсетілген мөлшерден асып кетсе, файлдарды бірнеше электрондық поштаға бөлу керек) электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
06 февраля 2024
Дата обновления
06 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы