Банктік қызметке байланысты мәселелер
Банктік қарыз шартының талаптары
- Шарттарда міндетті талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы;
- Банктік қарыз шарты талаптарының және/немесе біржақты тәртіппен қарыз беру талаптарының өзгеруі;
- Жасалған банктік қарыз шарттарының талаптарының (міндеттемелерінің) бұзылуы;
- Сақтандыру шарттарын жасауға мәжбүрлеу және сақтандыру/бағалау ұйымдарын таңдауға шектеу қою;
- Қаржыландыруды тоқтата тұру.
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі және комиссиялар
- Банктік қарыз шартында сыйақы мөлшерлемелерін, комиссияларды, тарифтерді және клиенттердің банктік қарыздармен байланысты өзге де шығыстарын белгілеу және өзгерту тәртібіне қойылатын талаптарды сақтау;
- Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларға берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіппен өзгертуге салынған тыйымдарды бұзуы;
- Берешекті өтеу кестесінің дұрыс есептелуін тексеру;
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінің дұрыс есептелуін тексеру;
- Ай сайынғы төлемдерді уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдың дұрыс есептелуін тексеру.
Кепіл затын соттан тыс тәртіппен сату
- Кепіл мүлкін соттан тыс тәртіппен сату тәртібін сақтаудың жекелеген мәселелері;
- Кепіл затын босату.
Қарыз бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беру
- Борышты үшінші тұлғаға аудару тәртібін бұзу және берешекті өтеу үшін үшінші тұлғаларды тарту;
- Қарыз алушыға борышты үшінші тұлғаға аудару туралы хабарламау және берешекті өтеу үшін үшінші тұлғаларды тарту;
- Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы міндеттемелер бойынша берешекті өтеу жөнінде шаралар қолдану.
Банктік шоттар, төлемдер мен аударымдар, салымдар, төлем карталары
- Салымдарды қайтару;
- Банктік шоттарға қызмет көрсету;
- Аударым операциялары;
- Төлемдерді қабылдау.
Банктен ақпараттың болмауы /банктен алынған дәйексіз ақпарат
- Банктердің ұсынатын қызметтері бойынша дәйексіз жарнама таратуы;
- Банктердің толық ақпарат бермеу/талап етілген ақпарат бермеу бөлігінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасау;
- Банк клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.
Сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер
Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша:
- Сақтандыру ұйымдарының тиісті лицензиясы болған кезде сақтандыру шарттарын жасаудан бас тартуы.
- Сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі, оның ішінде: - сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзу/ сақтандыру төлемін жүзеге асырудан дәлелді бас тарту жіберу;
- сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту.
- Сақтандырушының тәуелсіз бағалаушымен мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мерзімін бұзуы.
- Жетпейтін құжаттар туралы хабарлама беру мерзімі.
Сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша:
- Сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі, оның ішінде:
- сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзу / сақтандыру төлемін жүзеге асырудан дәлелді бас тарту жіберу;
- - сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тарту.
Жалпы сипаттағы мәселелер:
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұсынылатын қызметтер туралы ақпаратты ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және шартта көзделген тәртібін бұзуы.
- Сақтандыру ұйымының клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбауы.
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты мәселелер
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және акционерлік қоғамның жарғысында көзделген акционерлердің құқықтарын бұзу, оған мыналар кіреді:
- акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашу тәртібі;
- акционерлердің жалпы жиналыстарын шақыру және оны өткізу тәртібі;
- акционерлік қоғамның акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімдер қабылдау тәртібі;
- бір артықшылықты акцияға дивидендтер мөлшерін есептеу тәртібі;
- акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібі.
- Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізіліміндегі жеке шоттан дәйексіз мәліметтер беру.
- Акционерлердің жеке шоттары бойынша заңсыз операциялар жүргізу.
- Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жасалған шарттардың талаптарын негіздей отырып, ұсынылған қызметтер үшін комиссиялардың дұрыс есептеуін тексеру.
- Клиенттердің жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне байланысты мәселелер
- ЖЗҚ-ның салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын ЖЗҚ-ға не сақтандыру ұйымына аударым жасауды жүзеге асырмауы, уақтылы жүзеге асырмауы, сондай-ақ аударым жасаудан негізсіз бас тартуы;
- Алушыға (мұрагерлеріне) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуді жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау, сондай-ақ төлеуден негізсіз бас тарту;
- Салымшыға (алушыға) жыл сайынғы, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратып отырған күнге оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынбау;
- Шарт жасау тәртібін бұзу;
- Салымшылардың жазбаша өтініштеріне жауап ақпаратты ұсынбау.
Микроқаржы ұйымдарының қызметіне байланысты мәселелер
- ЖТСМ есептеудің дұрыстығын, ЖТСМ шекті мөлшерін асыруды тексеру;
- Микрокредит беру тәртібі мен талаптарын бұзу;
- Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібін бұзу;
- Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроға микрокредит беру туралы шарт бойынша ақпаратты беру тәртібін бұзу;
- Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылған заңнама талаптарын бұзу;
- Микрокредит беру құпиясын ашу;
- Микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану.