Меню

Страницы

Статья

Өтінішті қалай жазу керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарайтын өтініштер:

 - екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, жинақтаушы зейнетақы қорлары қатысушыларының ҚР заңнамасына сәйкес алынған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызметіне қатысты шағымдары бар;

- өтініш берушінің аты-жөні және қойылған қолы (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы көрсетілген фирмалық бланкіде), оның кері мекенжайы  (нақты тұрғылықты жері) бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарамайтын өтініштері:

- мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнгендігі туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға тез арада қайта жіберуге жататын мәліметтер бар жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiшті;

- мәселенің мәні баяндалмаған өтінішті;

- қайталап берілген өтініштерді, егер оларда жаңа уәждер немесе жаңадан белгілі болған жағдайлар келтірілмесе, ал алдындағы өтініштердің материалдарында тексерудің толық материалы бар болса және өтініш берушілерге белгіленген тәртіпте жауаптар берілсе;

- көтерілген мәселелер Агенттігінің құзыретіне кірмейтін, оның ішінде Агенттігінің есептік тіркеуге алынбаған микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты.

 

Өтініш нысаны

Кімге:  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармасы

Кімнен: ____________________________________________

(жеке тұлға - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша

әкесінің аты, нақты мекенжайы,

заңды тұлға – атауы, нақты мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні,

сондай-ақ қалауы бойынша телефондар көрсетілуі мүмкін)

 

ӨТІНІШ ТҮРІ
(шағым, өтініш, жауап беру, ұсыныс, құжаттардың көшірмелерін алуға сұрау салу, ақпарат алуға сұрау салу)

 

Өтініштің негізі бөлігінде:

·  іс-әрекеттеріне шағым берілген қаржы ұйымының толық атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғаның аты-жөні;

·  өтініштердің және талаптардың себептері көрсетілуге тиіс.

 

20__ жылғы «__»____________                                                                           

Қолы ________________________________
                                                                                                                                           (не электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

Ескерту:

·  өтініш мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады және кез келген байланыс түрімен (почта, факсимильді, электрондық, телефонограмма – электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде) жіберіледі;

·  өтініштің мазмұны еркін нысанда жасалады;

·  өтініш жазбаша (қолмен жазуға) жазылуы және басып шығарылуы мүмкін;

·  өтініш берушінің қалауы бойынша өтінішке қосымша құжаттар мен өтінішті растайтын материалдар (шарттардың, келісімдердің, қаржы ұйымдарымен жазысқан хат-хабарлардың көшірмелері) қоса берілуі қажет;

·  өтінішті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармасына қолма-қол беруге болады;

·  өтініштерді қарау мерзімдері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңында көзделген.

  

 
Дата публикации
06 января 2020
Дата обновления
06 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы