Меню

Страницы

Статья

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар

ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 1 маусымда  микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды және кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда,  391 ұйым есептік тіркеуден өтті және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілді.

      

«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» (МҚЖҰ) ұғымы Қазақстанда  2020 жылдан бастап енгізілді. Бұл ұйымдарға микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, онлайн-кредиторлар және ломбардтар жатады.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде  қаржы реттеушісі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап түзетулер енгізді.

ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу аясына азаматтарға қарыз беретін барлың заңды тұлғалар, оның ішінде МҚЖҰ аббревиатурасына біріктірілген онлайн-кредиттеу компаниялары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар есептік тіркеуден өткен соң кіреді.

2020 жылғы 1 шілдеге дейін мерзімде кредиттеу субъектілері қызметті жалғастыру үшін Агенттікте есептік тіркеуден өтуге тиіс. Осы талапты бұзған тұлғалар 2020 жылғы 1 шілдеден бастап  жеке адамдарға қарыз беру қызметін алып тастайтын мәжбүрлеп таратылуға не қайта ұйымдастырылуға тиіс.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар есептік тіркеуден өткен сәттен бастап заңнамада белгіленген талаптарды, оның ішінде пруденциялық нормативтерді, қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін, сыйақының шекті мөлшерлемесін сақтауға міндетті, кредиттік бюроға микрокредит жөнінде ақпарат ұсынуға міндетті және басқасы.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қарыз алушыдан микрокредит бойынша кез келген комиссияны алуға тыйым салынады.

Қарыз алушылар нені білу керек?

  1. Қазақстанда халықтан ақшаны екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық пошта операторы ғана ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы уәкілетті орган берген лицензияның негізінде тарта алатынын білу қажет. Қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ немесе Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген компаниялармен шарттық қатынас орната отырып, азаматтар барлық ықтимал тәуекелдерді дербес бағалауға және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік атқаруға тиіс.
  2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және есептік тіркеуден өткен ұйымдардың тізімі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің https://finreg.kz/?docid=3277&switch=russian сайтында ОБДҚ тізілімінде жарияланған.
  3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ онлайн-кредиттеу компаниялары) үшін шарттың міндетті талаптары белгіленді. Оның ішінде:

титуль парағы; шарттың жалпы талаптары; қарыз алушының құқықтары; ұйымның құқықтары мен міндеттері, ұйымдарға арналған шектеулер; тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі; шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі.

Микрокредит беру туралы шарттың аса маңызды талаптарын көрсету үшін шарттың бірінші парағы болып табылатын титулдық парақ көзделген, онда микрокредиттің талаптары, сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, артық төлеу сомасы, өтеу әдісі мен тәсілі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері қамтылады. 

 Микрокредит бойынша артық төлеу сомасы – бұл микрокредит мәнін қоспағанда, сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғандағы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдерінің сомасы. Бұл ұғым қарыз алушы-жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында енгізілді, ол микрокредит бойынша негізгі борышты өтеуден басқа, бастапқыда қандай соманы төлеуі қажет екенін білуі тиіс, бұл оның микрокредитті өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне неғұрлым жауапты қабылдауына ықпал етеді.

Таңдау үшін қарыз алушыға міндетті түрде ресімделетін микрокредитті өтеудің мынадай әдістері ұсынылуы тиіс:

- сараланған төлемдер әдісі, мұндайда микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомасын және негізгі борыш қалдығына кезең үшін есептелген сыйақыны қамтитын азайтылатын төлемдермен жүзеге асырылады;

         - аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайып отыратын төлемдерді және негізгі борыш қалдығына кезең ішінде есептелген сыйақы бойынша азайтылатын төлемдерді қамтитын микрокредиттің барлық мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлемдердің мөлшері басқаларынан өзгеше болуы мүмкін.

Микрокредит беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің басқа да қосымша жобалары ұсынылуы мүмкін.

 

Қарыз алушы:

  • микрокредиттер беру қағидаларымен және ұйымның микрокредиттер беру бойынша тарифтерімен танысуға;
  • алған микрокредитке шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда иелік етуге;
  • негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен жағдайда,  негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлемей, келесі жұмыс күні жүргізуге;
  • шарт бойынша берілген микрокредит сомасын тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлемей, ұйымға мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
  • алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде ұйымға жазбаша өтініш жасауға;
  • ұйым осындай қарыз алушымен жасалған шарт бойынша құқықты (талап етуді) берген жағдайда Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғалармен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге.
  • Қарыз шарттары бойынша, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша мәселелер туындаған жағдайда қаржылық қызметтерді тұтынушылар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, оның ішінде Fingramota@finreg.kz және TAL@finreg.kz электрондық пошта арқылы өтініш беруге құқылы. (шағымдар мен өтініштерді info@finreg.kz поштасына жіберу) немесе жедел желінің мына телефондарына: +7 (727) 2788 122, 2788 144 хабарласу қажет. Жедел желінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағ. 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс күні.

 

Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды  

www.fingramota.kz бірге арттырыңыз.

 

 

 

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы