Меню

Страницы

Статья

Сақтандыру төлемін алудың оңайлатылған тәртібі 2024 жылдан бастап енгізіледі

Сақтандырудың барлық міндетті түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеу рәсімдері және сақтандыру төлемін алудың оңайлатылған тәртібі (Еурохаттама) 2024 жылдан бастап енгізіледі.

Алматы, NEGE. Сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеу сақтандыру процесін жеңілдетіп, оны барынша қолжетімді етеді. Тұтынушы кеңсеге бармай-ақ сақтандыру ұйымының сайты арқылы сақтандыру төлемін алу үшін өтініш пен қажетті құжаттарды бере алады. Өтініштен бастап төлемге дейінгі сақтандыру жағдайын реттеу процесінің барлық кезеңдері тұтынушының жеке кабинетінде көрсетіледі және Бірыңғай сақтандыру дерекқорында  тіркеледі. Сақтандыру шартының әрбір кезеңін электрондық тіркеу тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еурохаттама онлайн режимінде ЖКО орнында жол полициясын тартпай және сотқа жүгінбей сақтандыру жағдайын ресімдеуге мүмкіндік береді. Егер ЖКО-ға тек екі көлік қатысса, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмесе, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпесе, Еурохаттама қолданылады. ЖКО қатысушылары апатқа кім кінәлі, кім зардап шеккен және залал сомасы 100 АЕК-тен аспайтыны туралы келісімге келуі керек.

Еурохаттама процесті едәуір жеңілдетеді және сақтандыру төлемін алу мерзімін қысқартады. Егер бүгінгі күні сақтандыру төлемін алу орта есеппен 92 күнді алса, Еурохаттама  6 жұмыс күнінен кейін, оның ішінде залалды бағалауға 3 күнді қоса алғанда, ақша алуға мүмкіндік береді. Жол полициясы мен соттарға жүктеме азаяды.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арнайы мобильді қосымша әзірледі. Қосымша сақтандыру ұйымына онлайн өтінім беруге, биометриялық сәйкестендіруден өтуге, цифрлық құжаттарды, фотосуреттер мен видеоларды қоса беруге мүмкіндік береді. Төлемдерді сақтандыру ұйымы жәбірленушінің банктік шотына аударады.

Сақтандыру ұйымдары өздерінің мобильді қосымшалары мен интерфейстерін де жасай алады. Тұтынушы ең ыңғайлы қызметті таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Цифрлық технологияларды пайдалану сақтандырудың барлық бизнес-процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл, түпкілікті нәтижесінде, өңірлердегі халықты сақтандыру қызметтерімен қамтуды, халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттырады және сот дауларының санын айтарлықтай азайтады.

Дата публикации
21 ноября 2023
Дата обновления
21 ноября 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы