Меню

Страницы

Статья

Тоқаевтың қатысуымен Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы өтті

2023 жылғы 12-13 қазанда Астана қаласында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы өтті.

Форум – бұл тәжірибе, идеялар алмасу және цифрлық технологиялар мен кәсіпкерліктің бірлескен даму қарқынын белгілеу үшін IT әлемінің әр түкпірінен сарапшылар жиналатын алаң. 2023 жылы Форумның басты бағыты «Жасанды және адами интеллект: дұрыс тепе-теңдік (Аrtificial and Human Intelligence: The Right Balance)» деген маңызды тақырыпқа бағытталған. 

 

 Форум аясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандырудың жаңа мобильдік сервисі – Еурохаттама ұсынылды.

Еурохаттама – бұл кішігірім жол-көлік оқиғалары кезінде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі. Ол ресми түрде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Сервисті таныстыру шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева соңғы бірнеше жылда сақтандыру қызметтерін ауқымды цифрландыру жүргізілгенін атап өтті.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Еурохаттама шеңберінде халық сақтандыру жағдайын полиция шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ, залал сомасы 100 АЕК-тен аспаған және үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілмеген жағдайда ресімдей алады» – деді Мария Хаджиева.

Еурохаттама сақтандыру төлемдерінің мерзімін 92 күннен 6 жұмыс күніне дейін айтарлықтай қысқартуға және жол полициясы мен соттарға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Мобильдік қосымшаны пайдаланушылар сақтандыру ұйымына онлайн өтініш бере алады, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, цифрлық құжаттарды, сурет және бейне материалдарды қоса алады. Сақтандыру ұйымдары жәбірленушінің банктік шотына қоса берілген цифрлық құжаттар негізінде төлемдерді жүзеге асыратын болады.

Басқа сақтандыру ұйымдары да өздерінің цифрлық сервистерін құра алады. Тұтынушы ең ыңғайлы сервисті таңдау мүмкіндігіне ие болады. 

 

Источник: Kaz.orda.kz

Дата публикации
17 октября 2023
Дата обновления
17 октября 2023
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы