Меню

Страницы

Статья

2 миллионға жуық қарыз алушының қарыздары бойынша мерзімі кейінге қалдырылды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықты және бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда.

2020 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және өзге кредиттік ұйымдармен төлемдерді тоқтата тұруға 265,8 млрд теңге сомаға 1 883 111 жеке тұлға, оның ішінде 42 млрд теңге сомаға халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мыңнан астам өкілі мақұлдау алды. Бұл қарызданушы жеке тұлғалардың жалпы санының 34% құрады.

Сондай-ақ 12 411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 164,6 млрд теңге сомаға немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,6% төлеу мерзімін кейінге қалдырды.

Қалған өтінімдер қаралуда және 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражатты игеру мониторингі

Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректер бойынша 2020 жылғы 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге сомаға 1336 қарыз мақұлданды.

 

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігімен бірлесіп Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдар орналастыру арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге 600 млрд. теңге бөлінді.

Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыру үшін 12 айға дейінгі мерзімде жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды.

1) Ақша қаражаты ШОК субъектілеріне кредит беруге бағытталуға тиіс.

2) Бір қарыз алушыға лимит:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғалар үшін ­– 3 млрд теңгеден аспайды;

дара кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңгеден аспайды.

3) Айналым капиталын толықтыруға кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады және қарыз алушы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуге, салықтар төлеуге арналған төлемдерді және бюджетке басқа да төлемдерді жүзеге асырады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желі телефондарына хабарласыңыздар:

 +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс)

e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы