Меню

Страницы

Статья

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша ҚНРДА Төрағасының БАЯНДАМАСЫ

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

 Құрметті депутаттар!

Сіздердің қарауларыңызға «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»                   Заң жобасы ұсынылып отыр.

Келісім Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің                      2019 (екі мың он тоғызыншы) жылғы 1 (бірінші) қазандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Келісімнің мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың мәліметтерімен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау.

Осы Келісім 2021 (екі мың жиырма бірінші) жылғы 21 (жиырма бірінші) желтоқсанда жасалды.

Келісім кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін айқындайды. Мұндай ақпаратқа кредиттік есепті ұсыну туралы сұрату, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, кредиттік есептің өзі, сондай-ақ кредиттік тарихты дауласуға қатысты құжаттар жатады.

Келісім талаптары бойынша кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу міндетті түрде жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады. Бұл ретте осындай  ақпарат кредиттік қатынастарды ресімдеу немесе  мониторингтеу мақсатында ғана беріледі.

Анықтама үшін: келісу жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен ресімделеді, келісудің қолданылу мерзімі 6 айдан аспайды, келісуді сақтау мерзімі кемінде 3 жыл.

Келісім шеңберінде кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу уәкілетті ұйымдардың шектеулі тізімі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда осындай уәкілетті ұйымдарға екі кредиттік бюро кіреді, бұл  – «Мемлекеттік кредиттік бюро» және «Бірінші кредиттік бюро». Одақтың басқа елдерінде уәкілетті ұйымдарға: Ресейде – алты кредиттік бюро, Қырғызстанда – екі кредиттік бюро, Армения мен Беларусьте – бір кредиттік бюродан кіреді.

Кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу үшін уәкілетті ұйымдар бір-бірімен тиісті шарттар жасауы тиіс. Мұндай шарттарда ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті, берілетін деректер құрамы, электрондық мәліметтер форматы, сондай-ақ дауларды реттеу рәсімі болуы тиіс.

Аталған шарттар міндетті түрде қаржы нарығын реттеушілермен келісілуі тиіс.

Бұдан басқа, қаржы нарығының реттеушілері кредиттік тарихты пайдаланушылардың тізбесін, яғни кредиттік есептерді алуға уәкілетті банктердің және өзге де кредиттік ұйымдардың тізімін қалыптастырады.

 

Келісімде барлық тараптардың, уәкілетті ұйымдардың және кредиттік тарихты пайдаланушылардың трансшекаралық алмасу шеңберінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті белгіленген.

Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы нарығын реттеушілермен бірлесіп трансшекаралық алмасу кезінде пайдаланылатын стандарттарға, техникалық хаттамаларға, нормативтік-анықтамалық ақпаратқа, берілетін деректердің форматтары мен құрылымдарына қойылатын талаптарды әзірлеуі тиіс.

Өткен жылы Келісім Арменияда, Беларусьте және Қырғызстанда ратификациялау процесінен өтті. Бұл ретте ұлттық заңнама нормаларына байланысты Ресей Федерациясында Келісімді ратификациялау талап етілмейді.

Келісімді іске асыру үшін Агенттік заңнамалық актілерге түзетулер жобасын әзірледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте трансшекаралық алмасу кезінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін кредиттік бюролар мен кредиттік есептерді алушылардың әкімшілік жауапкершілігін көздеу ұсынылады.

Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңда кредиттік тарих мәліметтерімен трансшекаралық алмасу талаптарын, берілетін ақпараттың тізбесін, сондай-ақ кредиттік бюролардың алынған деректерді қорғау міндетін айқындау ұсынылады.

Түзетулер жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен келісілгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.

 

 Құрметті депутаттар!

 

Сіздерге заң жобасын Парламент Мәжілісіндегі Комитеттерде және жұмыс топтарында қарау барысында нәтижелі  жұмыстарыңыз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!

Заң жобасын қабылдау үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейтінін ескертеміз. 

 

 Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы