Fingramota.kz азаматтарға қаржы пирамидасының белгілері туралы түсінік береді және мұқият болуға шақырады.
Қазақстандағы қаржы пирамидалары тұтыну кооперативтері, жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қаржы агенттері, инвестициялық компаниялар), түрлі коммерциялық интернет-жобалар нысанында құрылады. Алаяқтар адамдардың сенімі мен тез және оңай баюға деген ниетін шебер пайдаланып түрлі айла-шарғылар жасайды және халықты адастырады. Қаржы пирамидасына қатысушылар көбінесе қандай қаржылық алаяқтыққа тартылатынын түсіне алмайды.

Осы аптада қаржы пирамидасы – биткоиндерді сататын инвестициялық компания қызметінің төңірегінде жанжал туындады. БАҚ-та Қазақстанның әр аймағынан 5 мыңға жуық азамат криптовалюта пирамидасының құрбаны болғаны, шығын көлемі шамамен 37 млн долларды құрағаны туралы ақпарат тарады.
Қаржы пирамидасы қаржы ұйымы емес және оның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге реттеуші берген лицензиясы жоқ, тиісінше ол қаржылық реттеушінің бақылауында емес.
Қаржылық (немесе инвестициялық) пирамида — бұл құрылым қатысушыларына жаңа салымшылардан неғұрлым көп мөлшерде ақша қаражатын тұрақты тарту есебінен табыс табудың заңсыз тәсілі екенін көптеген адамдар біледі. Мұндай құрылымдардың нұсқалары сан алуан. Пирамидалар желісіне түспеу үшін қарапайым ережелерді білу жеткілікті.
Қаржы пирамидасын танып-білу үшін оған тән белгілерді білу қажет:
Егер сіз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің барлығы немесе бірнешеуі болса, қаржылық алаяқтықтың құрбаны болып қалмауыңызды ойлануыңыз керек?
Ақшаңызды қандай да бір жобаға салудың алдында ойланыңыз!
Fingramota.kz мынадай бес қадамдық іс-қимылды орындауды ұсынады:
Егер Сізде қаржы пирамидасымен байланыста екендігіңізге күмән туған жағдайда:
- Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz, шағымдар мен өтініштерді info@finreg.kz электрондық почтасы бойынша;
- +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 жедел желі телефондары (жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс) арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласа аласыз.
Сондай-ақ Сізге ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш жасауға болады, ал егер ақшаны беріп қойсаңыз тез арада құқық қорғау органдарына тиісті өтініш беру қажет.
Есіңізде болсын, мен мұндалаған жарнама – жоғары кіріспен салымдар жасаудың себебі емес, керісінше, оның орындалатынына күмәнмен қарау қажет.
Бұл салымшыларды пирамидаға тартудың кеңінен таралған тәсілдерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және кірісті компанияның» бейнесі қалыстастырылады. Ал екінші жағынан, пирамиданың күмәнданған қатысушыларының «корпоративтік рухын» нығайтып, заңды межеге - пирамиданың күйреуіне қол жеткізу жолынан ауытқуға мүмкіндік бермейді.
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!