Меню

Страницы

Статья

Саналы түрде жасалған инвестициялар

Депозиттер қаражатты сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар көбейту үшін мүмкіндік жасайтын ең қарапайым және сенімді қаржы құралы болып табылады.

Салымның мынадай үш түрі болады: жинақ, мерзімді және мерзімсіз. Және олардың әрқайсысы «жиналған ақшадан табыс табу» мүмкіндік береді.  

          

Үш түрінің қайсысын таңдау керек?

Бұл сіз қойған мақсаттарға қатысты болады. Егер ақшаны оқу немесе саяхат жасау үшін жинақтасаңыз, онда жинақ салымын ашуға болады, бірақ сіз депозитке салатын осы ақшасыз ұзақ уақты бойынша жүре алатыныңызға сенімді болуыңыз керек. Егер көзделмеген жағдайлар үшін сізге ақша жиі керек болса, онда мерзімсіз депозит ашқаныңыз дұрыс. Егер жинақ ақшаны көтеріңкі сыйақы мөлшерлемесі бойынша белгілі бір мерзімге орналастырғыңыз келсе, бірақ ақшаны ұтымды пайдалану мүмкіндігіңізді жоғалтқыңыз келмесе, онда мерзімді салымды таңдауға болады.

 

Қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?

Мерзімсіз салым – бұл ең дағдылы депозит. Мерзімсіз салым көзделмеген шығыстар жағдайы болуы мүмкін болған кезде қаржылық «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру үшін тиімді болады. Ол ерекше табыс әкелмеді, бірақ ақшаны салымның бүкіл мерзімі ішінде пайдалануға болады.

Қандай мәселеге назар аудару керек?  Банктік салым шартында мерзімнің көрсетілгеніне қарамастан, ақшаны сыйақыны жоғалтпай кез келген сәтте алуға болады.

 

Мерзімді салым  мерзімсіз салыммен салыстырғанда неғұрлым жоғары кірістілік алуға мүмкіндік береді.

Неге назар аудару қажет? Бұл салымдар бойынша сыйақыны азайтумен ақшаны депозиттен жартылай немесе мерзімінен бұрын толық  алуға болады. Ақшаны беру – банкке хабарлағаннан кейін 7 күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. 

 

Жинақтау салымы  кірістілігі ең жоғары салым. Жоғары сыйақы мөлшерлемесі – бұл ақшаны мерзімінен бұрын алуға қойылған шектеу үшін өтемақы.

Неге назар аудару қажет? Жинақтау салымдары бойынша жартылай мерзімінен бұрын алуға болмайды, ақшаны тек толық алуға болады.  Мерзімінен бұрын алған кезде банк есептелген сыйақыны жылдық 0,1%-ға дейін азайтады, ал ақша 30 күннен ерте берілмейді. 

Сыйақы мөлшерлемелері қалай есептеледі?

Мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланысты болады.

Бір жылдан асатын мерзімді және жинақтау салымдары бойынша  ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бәсекелес нарықта қалыптасқан сыйақы мөлшерлемесінің негізінде есептеледі, сол себепті бұл салымдар бойынша кірістілік жоғары болады. 

 Өзіңіздің жинақ ақшаңыздан қалай көбірек табыс табуға болады?

  Осы мақсаттар үшін капиталдандыру бар депозитті таңдаңыз. Банк  депозит сомасына сыйақыны кезең соңында автоматты түрде есептейді және сыйақыны келесі есепті кезеңнің соңында сіздің салым сомаңызды ғана емес, сонымен қатар алдында есептелген сыйақыны ескере отырып  есептейді. Банк сыйақыны капиталдандыруды шартта көрсетілген кезең соңында автоматты түрде жүргізеді.

Депозит сомасы ай сайын сыйақы есебінен өсіп отырады   – яғни  депозиттің нақты кірістілігі артады. Бұл, егер салым көбірек болғанда неғұрлым пайдалы. Егер капиталдандыру болмаса, банк әр кезеңнің соңында бірдей сыйақы төлейді. Есте ұстаған жөн: капиталдандырылған сыйақыны қор банк банкрот болған жағдайда кепілдендіреді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап депозит бойынша сыйақыға, оның есептелгеніне немесе капиталдандырылғанына қарамастан, кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде ҚДКҚ кепілдігі қолданылады.

 Салымды қандай валютада ашуға болады?

Теңгедегі салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғары, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – ең аз. Сондықтан, әрине, ұлттық валюта – теңгеде салымдар ашу тиімді, олар бойынша пайыздар айтарлықтай жоғары, демек, олар кірістілік тұрғысынан тартымды.

Барлық депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) қорғауына түседі, алайда Қор кепілдік берілген өтемді тек теңгемен төлейді. Шетел валютасындағы депозит бойынша өтеу сомасы қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айырған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша төленеді. Егер салымшының бір банктегі теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері немесе мультивалюталық депозиті болса, онда ҚДКҚ барлық ақшаны теңгемен өтейді.

Депозитті қалай сақтандыруға болады?

Ол үшін депозит сақтандыруын өз бетінше ресімдеудің, қосымша шартқа қол қоюдың және кепілдік үшін төлеудің қажеті жоқ. Депозиттер бойынша кепілдік заңмен көзделген.

ҚДКҚ-ның кепілдігі теңгемен мерзімсіз және мерзімді салымдар бойынша қоса алғанда 10 миллион теңгеге, жинақ салымдары бойынша қоса алғанда 15 миллион теңгеге, шетел валютасындағы барлық депозит түрлері (мерзімсіз, мерзімді, жинақ) бойынша қоса алғанда 5 миллион теңгеге дейінді құрайды.

Салымшыда бір банкте теңгемен де, сол сияқты шетел валютасымен де орналастырылған екі және одан да көп депозит болған кезде жиынтық кепілдік өтемақы қоса алғанда 15 миллион теңгеге дейін төленеді.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда, егер сіздің салым сомаңыз кепілдік өтемақы сомасынан асса, онда ҚДКҚ барынша көп сома шегінде өтемақы төлейді. Осы сомадан асып кеткен қалдығын салымшы мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алуға құқылы.

Өзіңіздің жинақ ақшаңыздың қауіпсіздігі үшін депозиттерді әртүрлі банктерге орналастырған дұрыс. ҚДКҚ кепілдігі жинақтап есептелмейді: әрбір банктегі депозиттер жеке, кепілдік берілетін сома шегінде қорғалатын болады.

Әртүрлі банктердегі депозиттер ашу талаптары түрлі болуы мүмкін екендігін есте ұстаңыз. Абай болыңыз: шартқа қол қоймай тұрып, оның талаптарымен мұқият танысыңыз.

 

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

 

 

 

Дата публикации
15 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы