Меню

Страницы

Статья

Агенттігі Банктерді реттеу департаментінің бастығының орынбасары Нұржан Бидайбек

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банктерді реттеу департаментінің бастығының орынбасары Нұржан Бидайбектің Орталық Коммуникациялар Қызметіндегі брифингіде Алматы қ. 02.04.2020 ж. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың төтенше жағдай кезеңінде халық пен бизнеске қолдау көрсетудің қабылданған шаралары бойынша тапсырмалары орындау бойынша баяндамасы

Қайырлы күн, құрметті журналистер!

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Президентінің тапсырмаларын іске асыру үшін төтенше жағдайды енгізу кезеңінде халық пен кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 13 наурыздағы тапсырмасын орындау үшін Агенттік Басқармасы «Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулыны қабылдады.

Қаулыда халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеуге бағытталған шаралар көзделеді.

Атап айтқанда, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың, онлайн-кредиттеу компанияларының:

1) жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кешіктіргені бойынша айыппұлдар мен өсімпұл есептемейтіні;

2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кешіктіру күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша сыйақы есептемейтіні белгіленген.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының а.ж. 23 наурыздағы тапсырмасын іске асыру мақсатында Агенттік Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекітті.

2020 жылғы 16 НАУРЫЗ – 15 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларға негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу тоқтатылады. Бұл – екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, онлайн-кредиттеу компаниялары, кредиттік серіктестіктер берген қарыздар.

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР БОЙЫНША:

1) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары («Тұрғын-үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  68-бабына сәйкес) өтініш бермей, растайтын құжаттарды ұсынбай және қосымша келісімдерге қол қоймай негізгі борыш пен пайыздар сомасын төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады. 

2)      «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар өтініш бермей, растайтын құжаттарды ұсынбай және қосымша келісімдерге қол қоймай негізгі борыш пен пайыздар сомасын төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады. 

3)    Азаматтардың үшінші санатына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар жатады.

Көрсетілген жеке тұлғалардың тізімдері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және кредиттік бюролардың ақпараты негізінде берілетін болады.

Мынадай барлық қалған қарыз алушылар (жеке тұлғалар) қаржылық жай-күйінің нашарлау себептерін көрсетіп, өтініш жазуға тиіс: 

  • карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз;
  • ақы төленбей еңбек демалысында жүрген;
  • жұмыстан шыққан, еңбек шартын бұзған және өзге еңбек шартын тоқтатқан;
  • жалақысы немесе өзге кірістері төмендетілген немесе төлеу тоқтатылған;
  • егер қызметкер аумағында төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын жерге баруына (шығуына) шектеу қойылуына байланысты жұмыс орнында бола алмаған жағдайда
  • егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин енгізілген жерге кіруге (шығуға) шектеу салынуына байланысты жұмыс орнына бола алмайтын жағдайда;
  • қаржылық жай-күйдің нашарлауын көрсететін өзге де себептер.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ҚР аумағында төтенше жағдай режимінің енгізілуі дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің де қаржылық жағдайына жағымсыз әсер етуде. Тауарлар мен шикізатты жеткізудегі іркілістер, өндірілетін және сатылатын өнімге деген сұраныстың төмендеуі, ақша ағынының қысқаруы – бизнес иелері бүгінгі күні ұшырап жатқан қиындықтың бір бөлігі ғана. Ағымдағы жағдайда біз бизнеске және, тиісінше,  жалпы алғанда, еліміздің экономикасына қолдау көрсету қажет екенін толық түсінеміз. Сондықтан да біз бизнес үшін кредит бойынша негізгі борыш және пайыздар бойынша сомаларды, талаптардың бірі сақталған жағдайда, төлеуді тоқтату тұру үшін нормалар бекіттік. Экономика салаларында қызметті жүзеге асыру: СОО-ны жалдаушыларды қоса алғанда, сауда секторы; халық тұтынатын тауарлар дүкендері; азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізулерді қоспағанда, тауарлар жеткізу желісі; спорт; туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, туризм және қонақүй бизнесі; азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы; мейрамханалар мен кафелерді қоса алғанда, қоғамдық тамақтану секторы; тұрмыстық көрсетілетін қызметтер секторы; театрларды, кинотеатрларды, фото- және бейнетүсіруді, көрмелер мен конференцияларды, салтанат ұйымдастыруды, сұлулық салондарын және фитнес-орталықтарды қоса алғанда, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру.

Не болмаса, қаржылық жағдайы мына жағдайларда нашарлаған, сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген кезде, сатып алушылардың ақы төлеуі кешіктірілгені, тоқтала тұрғаны, төлеу мерзімі ауыстырылғаны (кейінге қалдырылғаны) расталған жағдайда; қызметкерлердің штат санының қысқаруы; төтенше жағдай режимі қолданыста болған кезеңдегі басқа да объективті себептер.

Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалатындығын, кредиттік ұйымның электрондық поштасы, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурсы, мобильдік қосымшасы немесе басқа да байланыс құралдары арқылы қашықтан жіберілетіндігін ерекше атап өткен жөн.

Жеке және заңды тұлғалар өтінішті кез келген уақытта 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін аралықтағы кезеңде бере алады, оны қарау үшін қаржы ұйымына 10 жұмыс күні беріледі.

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін қаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұру және тиісті шарттарды өзгерту туралы өтінішті қарағаны үшін қарыз алушыдан комиссия және өзге де төлемдер алмайды.

Бүгінгі күні (сағ. 10.00-де) екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 45,5 млн теңгеге 84 345 өтінім қабылдады, оның ішінде 12 071 өтінім мақұлданды.    

Дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері бойынша екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға 12,3 млн теңге сомаға 17 671 өтінім қабылдады, оның ішінде 3 244 өтінім мақұлданды.

Бұл цифрлар жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің келіп түсуіне қарай әлі толықтырылатын болады.  

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақы алу үшін клиенттердің карточкалық шоттарын пайдалануға болады. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі – банктер) төтенше жағдай режимі енгізілуге байланысты кірістерінен айырылған азаматтарға  42 500 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек есептеуге  және олардың алуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізді.

Ол үшін екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік төлемақылардың клиенттердің банктік шоттарына есепке жазылуын барынша қамтамасыз етулері тиіс. Әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс клиенттердің банктік шоттарына тыйым салу немесе басқа шектеулер салу фактілері анықталған жағдайда тыйым салуға және 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлеақыны өндіріп алуға жол бермеу шаралары қабылдансын.

Төтенше жағдай және карантин кезеңінде азаматтардың әлеуметтік төлемақы алулары үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карточкалық шоттарды көрсетуді ұсынады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

Коронавирус инфекциясының пандемиясына және оның Қазақстан  экономикасына теріс ықпал етуіне байланысты төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі.

Осы Бағдарламаны іске асыру үшін шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдар орналастыру арқылы  600 млрд. теңге бөлінеді.

Бизнесті қолдау тетігі  екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыруға жылдық 8%-дан пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша 12 айға дейін мерзімге жеңілдікпен кредиттер беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды.

Ақша қаражаты ШОК субъектілеріне жаңа кредиттер беруге бағытталуға тиіс;

2) бір қарыз алушыға арналған лимит:

заңды тұлғалар – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 3 млрд теңгеден аспайды;

жеке кәсіпкерлер үшін - 50 млн теңгеден артық емес.

3) айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады және қарыз алушы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеуге төлемдерді жүзеге асырады.

Бағдарлама бойынша оператор ретінде «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (ҚОҚ) іс-әрекет етеді. Ұлттық Банк ҚОҚ-ты 600 млрд теңге мөлшерінде толық капиталдандыруды жүзеге асырады. ҚОҚ екінші деңгейдегі банктерге негізделген салымды орналастырады. Активтердің сапасын тәуелсіз бағалаудан (Asset Quality Reviews) өткен және өз портфелінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қарыздары бар 13 қатысушы банк анықталды.

Агенттік «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен бірлесіп кәсіпкерлерге берілген жеңілдікті кредиттерді уақтылы және нысаналы пайдалану мониторингін ай сайынғы негізде жүзеге асыратын болады.

Кеше ғана Жинақ Банкі ҚОҚ-пен бірлесіп Кәсіпкерлерге арналған жеңілдікті кредит беру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Таяу арада қалған банктер де бизнесті қаржыландыра бастайды.

Ломбардтарға, микроқаржы ұйымдарына және онлайн-кредитор компанияларға тексеру жүргізу

Қаржы реттеушісі микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды және онлайн-кредитор компанияларды тексеруді Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың заңнама талаптарының сәйкес келуі, қаржы пирамидасы және заңсыз банктік қызмет белгілерін  анықтау мәніне қатысты 2020 жылғы 26 ақпанда берілген тапсырмаларын, сондай-ақ халыққа тұтынушылық кредиттер беретін банктік емес ұйымдардың қызметіне  толық тексеру жүргізу туралы   2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырманы іске асыру үшін жүргізеді. 

Тексеру 17 қалада ағымдағы жылғы наурыздан бастап маусым аралығында өтетін болады, тексерілетін ломбардтардың негізгі бөлігі микроқаржы ұйымдарының көбі шоғырландырылған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан.

Наурызда ұйымдастыру мәселелері шешілді және Агенттіктің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен 39 тексеру тобы құрылды.

Тексеруге 1100 (бұл республика бойынша жалпы санының 50%-ынан астамын құрайды), оның ішінде сәуірде – 424, мамырда – 323, маусымда – 353 ломбард қамтылатын болады. Сондай-ақ шамамен 50 онлайн-кредиттеу субъектісі және 200 микроқаржы ұйымы субъектісі тексеріледі.

Бірінші кезекте тексеру топтары Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы тапсырмасын орындау мәніне тексеру жүргізетін болады.

Тексеруге кірісті жылыстату және терроризмді қаржыландыруға, қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қарсы іс-қимыл, борыш жүктемесінің коэффициентіне, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшеріне және микроқарыздар бойынша шекті сыйақының мәніне, сыйақыны, айыппұлдар мен өсімпұлдарды дұрыс есептеуге,  микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігінің тәртібіне қойылатын талаптар бөлігінде заңнаманы сақтау туралы деректер де тексеріледі.

Заңнама талаптарын бұзушылықтар, қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілері анықталған жағдайда ұйымдарға қызметін тоқтатуды қоса алғанда, заңсыз қызметі үшін жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.

Агенттікте мынадай:  +7 (727) 2788 144, +7 (727) 2788 122 жедел желі телефондары жұмыс істейтіндігін естеріңізге салғым келеді.

Қаржы нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне сұрақтар мен шағымдарды www.finreg.kz сайтының кері байланысы арқылы, Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық поштасы бойынша жіберуге болады.

 

Дата публикации
02 апреля 2020
Дата обновления
02 апреля 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы