Меню

Страницы

Статья

«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференциясының жұмысы туралы

Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі аясында «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өтті.

Құттықтау сөзінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова күрделі геосаяси жағдайларда орнықты экономикалық өсуге бағдарлануды сақтау ерекше маңызды міндет болып қала беретінін және оның негізі жасыл, төмен көміртекті экономикаға көшу болып табылатын атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ESG-қорларға инвестициялар ағынының көлемі үш есе өсіп, 330 млрд АҚШ долларынан асты, ESG облигацияларына – 25%-ға ұлғайып, 3,5 трлн АҚШ долларына жетті.

Өткен жылдың қазан айында «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты конференцияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның парниктік газдардың нөлдік қалдықтарына қол жеткізу жөніндегі үндеулерін қолдап, 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеу туралы хабарлады.

«Бұл стратегия халықаралық тәжірибені ескере отырып, көміртегі ізін азайту үшін Қазақстан жүзеге асыруға тиіс нақты шараларды біріктіреді. Осы жыл ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдар осы Стратегияны әзірлеу және келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізді», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Оны іске асырудың Қазақстан үшін маңыздылығын халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары атап көрсетеді.

Бүгінгі күні Қазақстанда «жасыл» энергияның жалпы өндірістегі үлесі шамамен 3%-ды құрайды. 2030 жылға қарай көміртегі қалдығын 15%-ға қысқартып, «жасыл» энергия өндіруді 15%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қазақстанда өткен жылдан бастап «жасыл» қаржыландыру үшін барлық қажетті құқықтық орта қалыптасты. Жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, оның шеңберінде қолданылып жатқан табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға, энергия үнемдеуге, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдетуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған «жасыл» жобалар Таксономиясы енгізілді.

«Агенттік қазақстандық компаниялардың «жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигацияларды шығару мүмкіндігін көздеді. 2021 жылдан бастап орнықты жобаларды қаржыландыру үшін KASE-де жалпы сомасы 131 млрд теңгеден астам ESG-облигациялардың 9 шығарылымының листингі өтті. Оның ішінде 2022 жылы KEGOС, ҚДБ және АДБ сияқты компаниялардың 64 млрд теңге сомаға 3 шығарылымы орналастырылды», - деді Агенттік Төрағасы.

Бұдан басқа, Агенттік қаржы секторында ESG-қағидаттарын енгізу жұмысын белсенді жүргізуде. Бұл жұмысқа жауапты инвестициялық саясаттарды пайдалану саласындағы негізгі халықаралық көшбасшы институттар тартылды.

ESG стандарттарын енгізу процесінің кезең-кезеңмен жүргізілуі маңызды, бұл қаржы ұйымдарына жаңа реттеуші талаптарға бейімделуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде ESG-ақпаратты жария ету жүйесі енгізіледі. Ол үшін Агенттік пен IFC сарапшылары ESG өлшемшарттары бойынша ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқауды дайындады. Мұндай қаржылық емес есептілікті жария етудің басты міндеті мүдделі тараптардың қаржы ұйымының қоршаған ортаға, әлеуметтік салаға және экономикаға әсері туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ESG-факторлардың қаржы ұйымының қаржылық көрсеткіштеріне әсерін бағалау болып табылады.

«Оны дайындау барысында біз халықаралық ұйымдардың, оның ішінде «Орнықты даму туралы жалпы ережелер және климатпен байланысты ақпаратты жария ету» ХҚЕС жаңа стандартының жобасын дайындаған Орнықты дамудың халықаралық стандарттары жөніндегі кеңестің (ISSB) орнықты дамуы жөніндегі есептіліктің 5 негізгі стандартын  негізге алдық», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік қаржылық емес ақпаратты: елеулі ESG-ақпаратты анықтау, ESG-факторларды басқару, корпоративтік басқару сияқты үш блок шеңберінде жария етуді ұсынады.

Бірінші блокта «қоршаған орта», «климат», «қызметкерлер», «өнімдер және тұтынушылар», «қаржылық инклюзия», «этика» сияқты элементтер бойынша ақпаратты жария ету қамтылады.

Екінші блок шеңберінде ESG-факторларды тиісті түрде басшылыққа алуды және басқаруды қамтамасыз ету үшін қаржы ұйымдары пайдаланатын құрылым мен процестерді жария ету ұсынылады. Бұл блокқа орнықты дамуды басқару, стратегия, тәуекелдерді басқару және тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) кіреді.  

Үшінші блок корпоративтік басқару мәселелерін қамтиды және ESG практикасына бейілділігі, директорлар кеңесінің қызметіне, бақылау ортасына, акционерлердің құқықтарына және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы ақпараттан тұрады.

Қаржы ұйымдары бұл құжатты ESG-факторлардың жыл сайынғы есептілік шеңберінде олардың қызметіне әсерін бағалау туралы есепті дайындау және жариялау үшін пайдалана алады. Бұл кезеңде Агенттіктің ұсынымдары ерікті сипатта болатындығын атап өткен жөн.

Бұдан кейінгі кезең қаржы ұйымдарының ESG-өлшемшарттары бойынша есептіліктегі ақпаратты еріктіден міндетті түрде ашып көрсетуге көшуі және тәуекелдерді басқаружың және корпоративтік басқарудың ішкі жүйелерінде ESG-факторларды есепке алу бойынша реттеуші талаптарды белгілеуі болады.

Банктердің өз бағалауларына сәйкес, олардың портфельдеріндегі ESG-кредиттердің көлемі ағымдағы жылғы тамызда шамамен 2,6 трлн теңгені құрады.

Нәтижесінде, ESG-тәуекелдер қаржы ұйымдарының қадағалау жүйесіне ықпалдастырылатын болады. ESG-тәуекелдерін мониторингтеу банктер бойынша SREP жыл сайынғы қадағалап бағалауы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Алдағы уақытта Агенттік қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде банктер үшін климаттық тәуекелдерді стресс-тестілеуді өткізуді жоспарлап отыр. Стресс-тесттердің әдіснамасы мен сценарийлері 2023 жылы әзірленеді. Олардың негізіне NGFS (Network for Greening Financial System) орталық банктер мен қаржы реттеушілерінің халықаралық қауымдастығы әзірлеген
6 сценарий алынады.

«Реттеушінің, халықаралық институттардың, қаржы ұйымдары мен бизнестің үйлесімді іс-қимылы экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін инвестициялар ағынын жұмылдыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деп қорытындылады Мәдина Әбілқасымова.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы 

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Дата публикации
16 ноября 2022
Дата обновления
16 ноября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы