Меню

Страницы

Статья

Инвесторларға ескертпе: unit-linked дегеніміз не?

Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатыса отырып өмірді сақтандыру өнімі немесе «unit-linked» – бұл инвестициялау тәсілдерінің біреуі, ол бір мезгілде өмірді сақтандыруды және инвестицияларды қамтиды. Өзгеше айтқанда, бұл активтерді осыған ұқсас басқару, сондай-ақ сақтандыруды қорғау өнімі.

 

Сақтанушы енгізген әрбір сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі сақтандырылатын тәуекелдермен тікелей байланысты. Екінші бөлігі жинақтаушы немесе қор және басқа қаржы нарықтарының құралдарына инвестицияланатын құраушы инвестициялық болып табылады.

Осындай шарттың иесі, мәні бойынша, өзінің жинақтарын инвестициялау, осындай инвестициялаудан кіріс алу және бұл ретте сақтандырылушы болу мүмкіндігін алады.

Кепілдік берілген кірістілігі бар классикалық жинақтаушы сақтандырудан артықшылығы мұнда инвестициялық стратегия, әдеттегідей, консервативті түрде және рейтингі жоғары борыштық бағалы қағаздармен байланысты болады, «unit-linked» клиенттерге стратегияны таңдауға және сақтандыру компанияларының консерватизміне тәуелді болмауға мүмкіндік береді.

Мұндай бағдарламаның негізгі артықшылығы салыстырмалы қарапайымдылық болып табылады. Демек сақтанушыға брокерлік шот, шетелде банк шоттарын ашу қажет емес және т.б., тек өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) шарт жасау, ақшаны аудару және ӨСК ұсынғаннан инвестициялық қорларды таңдап алу жеткілікті.

ТМД елдерінде «unit-linked» жаңа ұрпақтың инвестициялық өнімі болып саналады, ал Еуропада, Азияда және АҚШ-та бұл құрал  60 жылдан астам жұмыс істейді, ол сақтандыру және инвестициялық қызметтердің табысты симбиозын білдіреді. Мысалы, АҚШ-та 60%-ға дейін өмірді сақтандыру шарттары, атап айтқанда «unit-linked» технологиясы бойынша жасалады. Еуропада осы сегменттің үлесіне 30-дан 70%-ға дейін тиесілі. Ресей Федерациясында бірінші рет осыған ұқсас «unit-linked» өнімдері 2007 жылдың екінші жартысында пайда бола бастады.

Қазақстанда инвестициялық сақтандыру 2010 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бүгінгі күні жүйе сақтанушылардың активтерін ӨСК-нің меншікті активтерінен бөлек есепке алу қағидатын және бағалы қағаздар нарығында тиісті лицензия болған кезде ӨСК-нің сақтанушылардың активтерін дербес басқару мүмкіндігін көздейді.

Сондай-ақ қолданыстағы құқықтық орта инвестициялық пай қорлары (ИПҚ) арқылы ғана сақтанушылардың активтерін инвестициялау мүмкіндігін көздейді.

Активтердің құрамына қойылатын талаптар ӨСК клиентпен (сақтанушымен) келісу бойынша айқындайды.

Сонымен қатар ел ішінде де, сол сияқты жергілікті, сол сияқты шетелдік лицензияланған брокерлерді тарта отырып, шетел  нарықтарында инвестициялау мүмкіндігі көзделген.

Алайда қазіргі уақытқа дейін «unit-linked» өнімдері түрлі себептермен  тиісінше дамымаған. Оның біреуі – осы өнім шеңберінде активтерді инвестициялауға және ИПҚ-ның пайларын шығару талаптарына заңмен белгіленген шектеулер. Сондай-ақ сақтанушылардың активтерін есепке алу жүйесін толық регламенттейтін нормалардың болмауы және сақтанушылардың мүліктік мүдделерін (оның ішінде үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан) барабар қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалық базаның болмауы.

Осы тәжірибені ескере отырып, қазіргі уақытта ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі   қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесе отырып, «unit-linked» өнімдеріне қойылатын талаптарды мына негізгі бағыттар бойынша одан әрі жетілдіру туралы мәселені пысықтауда:

  • ӨСК үшін инвестициялық пай қорлары арқылы да, сол сияқты жеке инвестициялық портфель шеңберінде де инвестициялау мүмкіндігін кеңейту және т.б.:
  • сақтанушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру (бұдан басқа тыйым салуды және  өндіріп алуды сақтандырушының борыштары және кез келген үшінші тұлалардың борыштары бойынша сақтанушының активтеріне айналдыруды болдырмау);
  • осы сақтандыру өнімі шеңберінде сақтанушылардың активтерін бағалаудың бірыңғай әдістемесі мен тәртібін белгілеу;
  • сақтанушылардың активтерін есепке алу тәртібін регламенттеуді жетілдіру;
  • сақтанушылардың активтерін жосықсыз түрде басқару тәуекелдерін болдырмауға бағытталған қосымша талаптар белгілеу.

Осындай инвестициялық сақтандыру өнімін енгізуге байланысты сақтандыру ұйымдарының клиенттері қосымша қаржы құралына қол жеткізу мүмкіндігін алады, осыған байланысты олар өздерін қауіпсіздендіріп қана қоймайды, жинақтарын ұзақ мерзімге инвестициялай алады.

 

Дата публикации
12 мая 2020
Дата обновления
12 мая 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы