Меню

Страницы

Статья

Агенттік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 Қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

         Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:

         1) Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

         2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

         3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

         Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

         Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2023 жылғы 6 қаңтарға дейінгі мерзімде Алматы қаласы, Көктем-3 ықш. ауданы, 21 үй мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
22 декабря 2022
Дата обновления
22 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы