Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 58-бабының 9-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34950 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 38 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36711 болып тіркелген) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігінің
Төрағасы М. Әбілқасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 54 қаулысымен бекітілген |
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидалар банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары өздерінің аппараттық құрылғылары арқылы жүргізетін биометриялық аутентификация процестеріне қолданылмайды.
1) аутентификация жүргізілетін адам – оған қатысты биометриялық аутентификация процесі жүргізілетін жеке тұлға;
2) бейнелердің мемлекеттік дерекқоры – жеке тұлғалардың сәйкестендіру деректерін, сондай-ақ оларға сәйкес келетін адамның эталондық бейнелерін қамтитын мемлекетке тиесілі дерекқор;
3) биометриялық аутентификация провайдері – сәйкестендірілетін адамның шынайы ағымдағы бейнесін алуды және (немесе) сәйкестендірілетін адамның ағымдағы және эталондық кескін үлгісін салыстыруды жүзеге асыратын ұйым;
4) биометриялық аутентификация провайдерінің тексеруден өткен бейнелер дерекқоры – биометриялық аутентификация провайдері құратын және сақтайтын, бейнелердің мемлекеттік дерекқорынан алынған эталондық үлгімен сәтті салыстырып тексеруден өткен немесе биометриялық аутентификация провайдерінің аппараттық құрылғылары арқылы алынған аутентификация жүргізілетін адамдардың бейнелерін қамтитын дерекқор;
5) биометриялық аутентификацияға тапсырыс беруші – оның мүддесінде биометриялық сәйкестендіру процесі жүзеге асырылатын ұйым;
6) биометриялық деректерді салыстырып тексеру жүйесі – бейнелерді салыстырып тексеруді жүзеге асыратын автоматтандырылған жүйе;
7) биометриялық деректерді тексеру жүйесі – бейненің шынайылығын тексеру рәсімін жүзеге асыратын автоматтандырылған жүйе;
8) сәйкестендіру деректері – оған қатысты биометриялық аутентификация процесі жүргізілетін жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі.
1) биометриялық деректерді жинау, сақтау және жою осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүргізіледі;
2) биометриялық деректер рұқсатсыз таралудан қорғалады;
3) биометриялық деректерді жинау, сақтау және жою процестері құжатталады.
2-тарау. Аутентификация жүргізілетін адамның бейнесі бойынша биометриялық аутентификация тәртібі
1) аутентификация жүргізілетін адамның шынайы ағымдағы бейнесін алу;
2) аутентификация жүргізілетін адамның сәйкестендіру деректерін (бұдан әрі – сәйкестендіру деректері) алу;
3) сәйкестендіру жүргізілетін адамның эталондық бейнесін алу;
4) аутентификация жүргізілетін адамның ағымдағы және эталондық бейнесін салыстыру (бұдан әрі – бейнелерді салыстыру).
Бағытталған сигналдардың және (немесе) командалардың кез келгеніне сәйкес келмеуі бейненің дұрыстығын тексеру рәсімінің қайталануына әкеледі. Үш сәтсіз қайталау бейненің дұрыстығын тексерудің теріс нәтиже бергенін білдіреді.
1) бейненің дұрыстығын тексеру нәтижесі;
2) сәйкестендіру деректері;
3) жүйе таңдаған сигналдардың және (немесе) командалардың тізбесі, сигналдарға және (немесе) командаларына сәйкес келетін бейнелер жиынтығы;
4) биометриялық аутентификацияға тапсырыс берушінің деректемелері;
5) бейненің дұрыстығын тексеру күні мен уақыты.
1) бейненің дұрыстығын тексеру нәтижелері бойынша алынған аутентификация жүргізілетін адамның бейнесі;
2) сәйкестендіру деректері;
3) бейнелерді салыстыру нәтижесі;
4) биометриялық аутентификацияға тапсырыс берушінің деректемелері;
5) бейнелерді салыстыру жүргізу күні мен уақыты.
1) бейнелерді салыстыруды жүзеге асырған биометриялық аутентификация провайдерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
2) осындай дерекқор болған кезде бейнелерді салыстыруды жүзеге асырған биометриялық аутентификация провайдерінің тексеруден өткен бейнелерінің дерекқорында сақталады;
3) биометриялық аутентификацияға тапсырыс берушіде сақталады.