2023 жылы Агенттік тарапынан экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы ақпаратты ашу жөніндегі Нұсқаулық бекітілген. Нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, жетілдірілді.
Нұсқаулықты жетілдіру аясында келесі негізгі өзгерістер көзделген:
Нұсқаулықтың атауын «Климат және тұрақты даму бойынша нұсқаулық» деп өзгерту;
ESG терминін «тұрақты даму немесе климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктер» деп ауыстыру, ақпаратты ашудың бірізділігін қамтамасыз ету және оны өлшеуге болатын етіп жасау мақсатында, Халықаралық қаржылық есеп стандарттары (МСФО) Кеңесінің тәсілдеріне сәйкес;
Тұрақты даму саласындағы корпоративтік басқару ұғымын МСФО талаптарына сәйкес нақтылау;
EBA, TCFD стандарттары және Экватор принциптері бойынша қосымшаларды шығарып тастау, назарды МСФО S1 және S2 стандарттарына шоғырландыру, өйткені олар аталған тәсілдерді біріктірген;
«Банк пен қаржы ұйымдары» формулировкасын «Қаржы ұйымдары» деп ауыстыру арқылы терминологияны біріздендіру.