Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржы нарығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасында қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар белгіленеді. Олардың қатарында ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру тәртібі, қызметкерлерді оқытуға, үшінші тұлғалардың қолжетімділігін бақылауға, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздіктің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қорғау аясының жұмыс істеуіне, сыртқы қосылыстарды шифрлауға, аудиторлық ізін жүргізуге және сақтауға, резервтік көшірмелерге қойылатын талаптар, сондай-ақ жеке басын биометриялық тексеруді қоса алғанда, пайдаланушылар мен клиенттерді сәйкестендіру және аутентификаттау қағидалары бар.
Қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.