Алматы қаласы
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
47-1-бабының 2-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының 2025 жылғы «__» «_________»
№ ___ қаулысына
1-қосымша
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалау
3-тарау. Сақтандыру шарттарын біріктіру, сегменттеу
4-тарау. Бағалаудың жалпы моделі бойынша сақтандыру міндеттемелерін бастапқы бағалау
2) шартта көзделген қызметтер үшін маржаның сомасы ретінде бағаланады.
Дисконттау мөлшерлемелерінің қисығы қаржы құралдарының нарықтық кірістілігі негізінде, сондай-ақ міндеттемелердің сипаттамаларын ескере отырып, өтімсіздік сыйлықақысына ықтимал түзетулер енгізу арқылы да айқындалуы мүмкін.
Сақтандыру шарттары тобын бастапқы тану күні айқындалған дисконттау мөлшерлемелерінің қисығы топқа жаңа шарттар қосылған кезде ай сайын жаңартып отыруға жатады.
Шартта көзделген қызметтер үшін маржа Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған сақтандыруды өтеу бірліктері негізінде сақтандыру шарттары тобы үшін өтеу кезеңі ішінде амортизацияланады.
Топтағы сақтандыру өтемі бірліктерінің саны осы топқа енгізілген шарттар бойынша берілген жауапкершіліктің шекті көлемін білдіреді, ол шарт бойынша берілетін пайданың шамасын және сақтандыру өтемінің күтілетін ұзақтығын талдау негізінде әрбір шарт бойынша айқындалады.
Шығын құрауышы пайданың немесе шығынның құрамында танылады және сақтандыру түсімінің құрамына кірмейді.
5-тарау. Бағалаудың жалпы моделі бойынша сақтандыру міндеттемелерін кейіннен бағалау
1) шарт бойынша болашақ кезеңдерде берілетін сақтандыру өтеміне жататын шарттарды орындау бойынша ақша ағындары;
2) есепті күнгі жағдай бойынша бағаланған, шартта көзделген қызметтер үшін маржа ретінде қайта бағалайды.
2017 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған сақтандыру шарттарына «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерінен аспайтын көрсеткіштер пайдаланылады;
2017 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған сақтандыру шарттарына «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген) бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне 2-қосымшада көрсетілген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерінен аспайтын көрсеткіштер пайдаланылады.
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша МРШМ қалыптастыру үшін Талаптардың 39-тармағында белгіленген негіздер болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң МРШМ есептен шығаруды жүзеге асырады.
Сақтанушыда (сақтандырылушыда, пайда алушыда) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында шығынның мөлшері туралы жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда МРШМ сақтандыру төлемі үшін жеткілікті мөлшерде, бірақ алдыңғы қаржы жылындағы немесе алдыңғы 2 (екі) қаржы жылындағы сақтандыру жағдайларының ұқсас тобы бойынша жүргізілген төленген талаптардың орташа мәнінен кем емес мөлшерде, мәндердің қайсысының үлкен болуына қарай қалыптастырылады.
Алдыңғы қаржы жылындағы немесе алдыңғы 2 (екі) қаржы жылындағы сақтандыру жағдайларының ұқсас тобы бойынша жүргізілген төленген талаптар туралы жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда, МРШМ сақтандыру сыныбы бойынша өткен қаржы жылы немесе алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін жүргізілген төленген талаптардың орташа нарықтық мәнінен кем емес мөлшерде, мәндердің қайсысының үлкен болуына қарай қалыптастырылады.
Актуарий қажет болған жағдайда ірі болып табылатын төленген талаптардың орташа (орташа нарықтық) мәнін есептеуде есепке алынатын шығынды түзетуді жүргізеді.
Шығын мөлшері туралы жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты қалыптастырылған МРШМ мөлшері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес есептелген олардың мөлшерлерін негізге ала отырып, әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша қайта есептеледі.
Шығынның мөлшерін растайтын құжаттар болған кезде немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін МРШМ мәлімделген және құжатпен расталған шығын мөлшерінде қалыптастырылады.
Сақтандыру шарттарының портфельдері бойынша МРШМ-ның жалпы шамасы барлық мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қалыптастырылған МРШМ-ны жинақтау жолымен айқындалады.
1) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инфляцияға қарай түзетілмеген, болған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша міндеттемелерді тізбекті саты әдісімен есептеуге сәйкес инфляцияға қарай түзетілмеген және осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инфляцияға қарай түзетілген, болған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша міндеттемелерді тізбекті саты әдісімен есептеуге сәйкес инфляцияға қарай түзетілген тізбекті саты әдісі.
Осы Талаптардың мақсаттары үшін тізбекті саты әдісі деп сақтандырушының есепті кезеңде немесе есепті кезеңнің алдындағы кезеңдерде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін бөлу әдісі түсініледі.
Тізбекті саты әдісінде сақтандырушының міндеттемелерін бөлу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлемдері (төленген шығыны) немесе шеккен шығыны негізінде құрылады.
Инфляцияға қарай түзетілген тізбекті саты әдісінде төлемдер (төленген шығын) немесе келтірілген шығын инфляция көрсеткішіне ұлғаяды;
2) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген шығын міндеттемелерін есептеуге сәйкес Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісі.
Борнхьюттер-Фергюсон әдісі міндеттемелерді бөлу төлемдер (төленген шығын) немесе келтірілген шығын негізінде құрылатын тізбекті саты әдісіне және келешектегі шығынның күтілетін шамасын айқындауға негізделген.
Келешектегі шығынның күтілетін шамасы еңбек сіңірілген сыйлықақының және осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелерді бөлу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есепке алатын шығынның басталу кезеңінің алдындағы аяқталған қаржы жылдары бойынша есептелген полистер бойынша шығындылық коэффициентінің орташа мәнінен кем емес мөлшерін құрайтын шығындылық коэффициентінің көбейтіндісіне тең.
Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шығынды реттеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, келтірілген шығын және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті күнге дейін аяқталған қаржы жылдары бойынша есепке алынады.
Сақтандыру міндеттемелерін есептеу кезінде пайдаланылатын полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде актуарий қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығынды түзетеді.
БМШМ-ді актуарлық әдістермен есептеу кезінде актуарий сақтандырушының міндеттемелерін келтірілген шығын негізінде бөлген жағдайда осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инфляцияға қарай түзетілген, болған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша міндеттемелерді тізбекті саты әдісімен есептеудің Өткен кезеңдердегі инфляцияға қарай түзетілген жинақталған шығын кестесі осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес Келтірілген шығын негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығын негізінде жинақталған шығын кестесіне сәйкес жинақталған шығынның үшбұрышын құру үшін пайдаланылатын шығынның басталуының әрбір кезеңінің соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын мен төлемдердің (төленген шығынның) жинақталған шамаларын қосу жолымен құрылады.
БМШМ-ді актуарлық әдістермен есептеу кезінде актуарий сақтандырушының міндеттемелерін келтірілген шығын негізінде бөлген жағдайда осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша міндеттемелер есебінің жинақталған шығын кестесі осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес Келтірілген шығын негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығын негізінде жинақталған шығын кестесіне сәйкес жинақталған шығынның үшбұрышын құру үшін пайдаланылатын шығынның басталуының әрбір кезеңінің соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын мен төлемдердің (төленген шығынның) жинақталған шамаларын қосу жолымен құрылады.
БМШМ = БӘМШМ + БТМШМ, мұнда:
БӘМШМ осы Талаптардың 40-тармағында көрсетілген актуарлық әдістермен есептеледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша қызметін 3 (үш) жылдан кем жүзеге асырған не Талаптардың 40-тармағында көрсетілген әдістермен БӘМШМ есептеу үшін деректер жеткіліксіз болған жағдайда, БӘМШМ есептеу күнінің алдындағы соңғы он екі айда күшіне енген осы сынып бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қосымша келісімдер бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақы сомасының 5 (бес) пайызынан кем емес болады.
Актуарий зиян келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда актуарлық әдістермен БӘМШР есептеген кезде осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес Тізбекті саты әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз болған, бірақ мәлімделмеген зияндар міндеттемелерін есептеудің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған зияндар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын зияндар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген зияндар) қосу арқылы құрылады.
Актуарий зиян келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген кезде актуарлық әдістермен БӘМШМ есептеген кезде осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбекті саты әдісі бойынша инфляцияға түзетумен болған, бірақ мәлімделмеген зияндар міндеттемелерін есептеуінің Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетумен жинақталған зиян кестесі Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген зиян негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын зиян басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген зиян) қосу арқылы құрылады.
Актуарий зиян келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген кезде актуарлық әдістермен БӘМШМ есептеу кезінде осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген зияндар міндеттемелерін есептеуінің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған зияндар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған зияндар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын зияндар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген зиян) қосу арқылы құрылады.
БТМШМ – КЕҚЖ дәрежесін белгілеуге және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған пайда алушылар бойынша есептеледі.
БТМШМ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша КЕҚЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты күтілетін міндеттемелерді бағалау мақсатында қалыптасады.
БТМШМ КЕҚЖ дәрежесі белгіленген және ол бойынша қайта ұзарту (қайта куәландыру) күтілетін әрбір пайда алушы бойынша жеке айқындалатын КЕҚЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға залалды өтеуге байланысты болжанып отырған төлем сомасына тең.
БТМШМ есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген) бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу қағидаларына және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір пайда алушы бойынша болжанған төлемдерді бағалау мақсатында КЕҚЖ дәрежесін белгілеу мерзімін ұзарту, 100 (жүз) пайыз төлемді жүзеге асыру ықтималдылығымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнетақы жасына жеткенге дейін жүзеге асырылады.
Болжанған төлемдерді бағалау мақсатында БТМШМ 100 (жүз) пайыз ықтималдылығымен Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге құқығы бар әрбір адам бойынша қалыптастырылады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына пайда алушының КЕҚЖ дәрежесін қайта ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты аннуитет шартын жасасу жөніндегі өтініш аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін 2 (екі) жыл ішінде түспесе және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайда алушының КЕҚЖ дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) туралы ақпараты болмаса, онда актуарий қажет болған жағдайда БТМШМ есебінен пайда алушы бойынша болжанатын төлемдердің келтірілген сомасын алып тастайды;
2) аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайда алушының КЕҚЖ дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) туралы ақпаратқа ие болса, онда актуарий болжанатын төлемдерді бағалауды пайда алушының кәсіби пайымын негізге ала отырып, актуарий есептеген қайта өтінішінің ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырады.
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының топтары бойынша МТҚ есептеуді жүзеге асыру кезінде «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген) көзделген өлім-жітім кестесінен аспайтын өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады.
Актуарий актуарлық әдістермен БМШМ және (немесе) БӘМШМ есептеу кезінде шығындардың даму факторларын теңестіру мақсатында, қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығындарды түзетуді жүргізеді.
Пайда болған сақтандыру шығындары бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде ақша ағындарын дисконттау үшін қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі сақтандыру міндеттемелерінің өтімділігі мен ерекшеліктеріне түзетілген тиісті валютаның тәуекелсіз кірістілік қисығы негізінде не сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттік тәуекелден тазартылған қаржы құралдарының нарықтық кірістілігі негізінде айқындалады.
6-тарау. Сыйлықақыны бөлу негізінде сақтандыру міндеттемелерін бағалау
1) бастапқы тану кезінде:
СӨҚМ0 = С0 - Ак0, мұнда
– бастапқы тану сәтіндегі сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер;
– бастапқы тану кезінде алынған сақтандыру сыйлықақылары;
– ұйым осы төлемдерді шығыстар ретінде тануға шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, осы күндегі жағдай бойынша аквизициялық ақша ағындары.
СӨҚМt = СӨҚМt-1 + Сt - Арt + АМt - Кt, мұнда
СӨҚМt-1 – t-1 кезеңіндегі жағдай бойынша бағаланған сақтандырудың қалған бөлігі бойынша міндеттемелер;
– t кезеңінде алынған сақтандыру сыйлықақылары;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы төлемдерді шығыстар ретінде тануға шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, t кезеңіндегі аквизициялық ақша ағындары;
- t кезеңіндегі аквизициялық ақша ағындарының амортизациясына байланысты кез келген сомалар;
- t кезеңінде қызмет көрсету салдарынан сақтандыру кірісі ретінде танылған сома.
7-тарау. Тәуекелдік түзету
Тәуекелдік түзетуде сақтандыру тәуекелі, бұзу тәуекелі және шығыстардың өсу тәуекелі ескеріледі, бірақ олармен шектелмейді.
Тәуекелдік түзетудің пайызы (коэффициенті) тәуекел деңгейі өзгерген жағдайда ғана қайта қаралады.
8-тарау. Қайта сақтандырушының сақтандыру міндеттемелеріндегі үлесі
қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемені орындау валютасы бағамының өзгеруі нәтижесінде асып кеткен жағдайды қоспағанда, сақтандыру тәуекелін беру сәтіндегі факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру шарты бойынша сыйлықақының мөлшерінен аспайды;
қайта сақтандыру шарты жауапкершілік көлемінің 10 (он) пайызынан азын және сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) пайызынан астамын беруді көздемейді;
қайта сақтандыру шартында қайта сақтанушы мен сақтандырылған тұлғаны, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін, қайта сақтандырушының шарт немесе қайта сақтандыру шарттары тобы бойынша кірістері мен шығыстары арасындағы пайданы және (немесе) оң айырманы қоспағанда, қайта сақтанушының үлестес тұлғасының және (немесе) сақтанушының үлестес тұлғасының алғаны туралы талап қамтылмайды;
факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша есепті күндегі жағдай бойынша қайта сақтандырушының туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін өтеуіне байланысты, қайта сақтандырушыға, сақтандыру брокеріне немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына қайта сақтандырушының сақтандыру төлемін өтеуі туралы талап қойылған күннен бастап 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге кешіктірілген дебиторлық берешегі жоқ;
қайта сақтандырушы оффшорлық аймақтарда тіркелмеген;
қайта сақтандырушы есепті күндегі жағдай бойынша тыйым салынған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне кірмейді.
|
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындарды тізбекті
баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз есептеу
Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «________________» жағдай бойынша
Нысан
_________________________ бойынша есепті күнге шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
Шығындар кестесі __________________________ шығындар негізінде құрылды
(төленген, келтірілген)
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша шығындар (j) |
|||||
|
Мерзімділік |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
Х (1,1) |
Х (1,2) |
|
Х (1, n-2) |
Х (1, n-1) |
Х (1, n) |
|
2 |
Х (2,1) |
Х (2,2) |
|
Х (2, n-2) |
Х (2, n-1) |
х |
|
3 |
Х (3,1) |
Х (3,2) |
… |
Х (3, n-2) |
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
Х (n-1,1) |
Х (n-1,2) |
х |
х |
х |
х |
|
n |
Х (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Ескертпе:
Х (i,j)- i-ші кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша j-ші кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар;
n- төлемдер туралы деректер қаралатын кезеңдердің саны;
есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
_________________________ жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i)
|
Жинақталған шығындар (j) |
|||||
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
|
1 |
S(1,1)=Х (1,1) |
S(1,2) =Х (1,1) + Х (1,2) |
… |
S(1,n-2) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) |
S(1,n-1) = Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) + Х (1,n-1) |
S(1,n) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n) |
|
2 |
S(2,1)=Х (2,1) |
S(2,2) =Х (2,1) + Х (2,2) |
… |
S(2,n-2) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) |
S(2,n-1) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) + Х (2,n-1) |
х |
|
3 |
S(3,1)=Х (3,1) |
S(3,2)=Х (3,1) + Х (3,2) |
… |
S(3,n-2) =Х (3,1) + Х(3,2)+… + Х (3,n-2) |
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
S(n-1,1)=Х (n-1,1) |
S(n-1,2)= Х (n-1,1) + Х (n-1,2) |
х |
х |
х |
х |
|
n |
S(n,1)= Х (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Ескертпе: Жинақталған шығындар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған төлемдердің (төленген шығындардың) немесе келтірілген шығындардың жиынтықты шамасы көрсетіледі.
Шығындардың даму коэффициенттерінің кестесі g(j)_____________________________________________________
Шығындардың даму әдісі (орташа арифметикалық, орташа n- кезеңдер үшін, орташа шамасы)
|
Шығындардың басталу кезеңі (i) |
Шығындардың даму факторлары (j) |
|||||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
||
|
1 |
|
… |
|
х |
||||
|
2 |
… |
х |
х |
|||||
|
3 |
… |
х |
х |
х |
||||
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
||
|
n-1 |
|
х |
х |
х |
х |
|||
|
n |
x |
х |
х |
х |
х |
х |
||
|
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) |
||||||||
|
g(j) |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
||
|
орташа арифметикалық |
|
|
|
|
|
х |
||
|
орташа n- кезеңдер үшін |
|
|
|
|
|
х |
||
|
орташа шамасы |
|
|
|
|
|
х |
||
Ескертпе: Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде мәлімделген шығындардың жиынтықты шегінің бір төлем жасау кезеңінен келесісіне тиісінше ұлғаюына қатысты шығындардың даму F(i,j) факторлары мынадай формула бойынша анықталады:
Шығындардың даму факторы = F(i,j)= S (i,j+1)/S (i,j).
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) шығындардың басталу кезеңдері бойынша шығындардың даму факторларының орташа алынған мәні ретінде есептеледі.
_________________________ бойынша болжамды жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Болжамды жинақталған шығындар |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
2 |
х |
х |
х |
x |
x |
UL(2,n) = S(2,n-1) * g(n-1) |
|
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
|
n-1 |
х |
x |
… |
S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-3) |
S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-2) |
UL(n-1,n) = S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-1) |
|
n |
х |
S(n,1) * g(1) |
… |
S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-3) |
S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-2) |
UL(n,n) = S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-1) |
Ескертпе: Болжанған жинақталған шығындар кестесінде әрбір кезеңдегі күтілетін шама немесе әрбір кезеңдегі келтірілген шығындар анықталады.
Төлемдердің немесе келтірілген шығындардың күтілетін шамасы Жинақталған шығындар кестесіндегі және шығындардың даму коэффициенттері g(j) кестесіндегі шығындар пайда болған кезеңде жинақталған төлемдер немесе келтірілген шығындардың көбейтіндісі S (i,j-1) ретінде есептеледі.
_________________________ бойынша шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Шығындардың болжамды жинақталуы |
Кезеңдер бойынша шығындар шамасы
|
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
|
1 |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
x |
|
2 |
х |
х |
х |
x |
x |
UL(2,n) = S(2,n-1) * g(n-1) |
UL(2,n)-S(2,n-1) |
|
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
|
n-1 |
х |
x |
… |
S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-3) |
S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-2) |
UL(n-1,n) = S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-1) |
UL(n-1,n)-S(n-1,2) |
|
n |
х |
S(n,1) * g(1) |
… |
S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-3) |
S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-2) |
UL(n,n) = S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-1) |
UL(n, n)-S(n,1) |
____________________ бойынша болған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша туындаған шығындар |
Мәлiмделген, бірақ реттелмеген шығындар |
Болған, бiрақ мәлiмделмеген шығындар |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
n-1 |
|
|
|
|
n |
|
|
|
|
Жиынтығы |
|
|
|
Ескертпе:
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесінде мыналар көрсетіледі:
«Кезеңдер бойынша туындаған шығындар» бағанында - тиісті кезеңдердегі шығындар мәндері;
«Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар» бағанында - тиісті кезеңдердегі мәлімделген шығындар сомасы;
«Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар» бағанында - тиісті кезеңдегі «Кезеңдер бойынша туындаған шығындар» және «Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар» бағандарының арасындағы айырмашылық. Теріс айырмашылық болған жағдайда «Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар» бағанында 0 (нөл) мәні қабылданады;
егер есеп төлемдерге негізделсе, онда БМШР - бұл Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 3-бағанында көрсетілген болған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы, егер есеп келтірілген шығындарға негізделсе, онда БМШР - бұл кезеңдер бойынша шығындар резервінің сомасы болады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына қойылатын талаптарға
2-қосымша
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындарды тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетумен есептеу
Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «________________» жағдай бойынша
Нысан
______________________ бойынша есепті күнге шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
Шығындар кестесі __________________________ шығындар негізінде құрылды
(төленген, келтірілген)
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша шығындар (j) |
|||||
|
Мерзімділік |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
х |
|
3 |
|
|
|
|
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
|
|
х |
х |
х |
х |
|
n |
|
х |
х |
х |
х |
х |
Ескертпе: есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
Әрбір өткен кезеңдегі инфляция бойынша ақпарат кестесі
|
Кезеңдер |
Әрбір өткен кезеңдегі инфляция (пайызбен) |
|
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
… |
|
|
n-1 |
|
|
n |
|
Ескертпе: Әрбір өткен кезеңдегі инфляция бойынша ақпарат кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдеріне ресми инфляциялық мәндердің жинақталған мәндері көрсетіледі.
______________________ бойынша әрбір өткен кезеңдегі инфляцияға түзетілген шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Әрбір өткен кезеңдегі инфляцияға түзетілген кезеңдер бойынша шығындар (j) |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
х |
|
3 |
|
|
|
|
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
|
|
х |
х |
х |
х |
|
n |
|
х |
х |
х |
х |
х |
______________________ бойынша әрбір өткен кезеңдегі инфляцияға түзетумен жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Әрбір өткен кезеңдегі инфляцияға түзетілген кезеңдер бойынша шығындар (j) |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
х |
|
3 |
|
|
|
|
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
|
|
х |
х |
х |
х |
|
n |
|
х |
х |
х |
х |
х |
Шығындардың даму коэффициенттерінің кестесі g(j) _____________________________________________________
шығындардың даму әдісі (орташа арифметикалық, орташа n- кезеңдер үшін, орташа шамасы)
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Шығындардың даму факторлары (j) |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
х |
|
3 |
|
|
|
|
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
|
|
х |
х |
х |
х |
|
n |
|
х |
х |
х |
х |
х |
|
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) |
||||||
|
g(j) |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
орташа арифметикалық |
|
|
|
|
|
х |
|
орташа n- кезеңдер үшін |
|
|
|
|
|
х |
|
орташа шамасы |
|
|
|
|
|
х |
_________________ бойынша өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген шығындармен болжамды жинақталған
сақтандыру шарттары тобы шығындар кестесі
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген шығындардың болжамды жинақталуы |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
х |
х |
… |
х |
х |
х |
|
2 |
х |
х |
… |
х |
х |
|
|
3 |
х |
х |
… |
х |
|
|
|
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
|
n-1 |
х |
х |
… |
|
|
|
|
n |
х |
|
|
|
|
|
______________________ бойынша өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетумен шығындар резервінің кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген шығындардың болжамды жинақталуы |
Кезеңдер бойынша шығындар шамасы |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
|
1 |
х |
х |
… |
х |
х |
х |
0 |
|
2 |
х |
х |
… |
х |
х |
|
|
|
3 |
х |
х |
… |
х |
|
|
|
|
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
|
n-1 |
х |
х |
… |
|
|
|
|
|
n |
х |
|
|
|
|
|
|
|
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетумен шығындар шамасы |
|
||||||
____________________ бойынша болған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесі
сақтандыру шарттары тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша туындаған шығындар |
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар |
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
n-1 |
|
|
|
|
n |
|
|
|
|
Жиынтығы |
|
|
|
Ескертпе:
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесінде мыналар көрсетіледі:
«Кезеңдер бойынша туындаған шығындар» бағанында - тиісті кезеңдердегі шығындар мәндері;
«Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар» бағанында - тиісті кезеңдердегі мәлімделген шығындар сомасы;
«Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар» бағанында - тиісті кезеңдегі «Кезеңдер бойынша туындаған шығындар» және «Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар» бағандарының арасындағы айырмашылық. Теріс айырмашылық болған жағдайда «Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар» бағанында 0 (нөл) мәні қабылданады;
егер есеп төлемдерге негізделсе, онда БМШР - бұл Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 3-бағанында көрсетілген болған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы, егер есеп келтірілген шығындарға негізделсе, онда БМШР - бұл кезеңдер бойынша туындаған шығындар сомасы болады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына қойылатын талаптарға
3-қосымша
Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен
болған, бірақ мәлімделмеген шығындар шамасын есептеу
Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «________________» жағдай бойынша
Нысан
_______________________ бойынша есепті күнге шығындар кестесі
сақтандыру шарттарының тобы
Шығындар кестесі __________________________ шығындар негізінде қалыптастырылған
(төленген, келтірілген)
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) |
Кезеңдер бойынша шығындар (j) |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
Х (1,1) |
Х (1,2) |
|
Х (1, n-2) |
Х (1, n-1) |
Х (1, n) |
|
2 |
Х (2,1) |
Х (2,2) |
|
Х (2, n-2) |
Х (2, n-1) |
х |
|
3 |
|
|
|
|
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
Х (n-1,1) |
Х (n-1,2) |
х |
х |
х |
х |
|
n |
Х (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Ескертпе:
Х (i,j) – і-кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша j-кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар;
n – шығындар туралы деректер қаралатын кезеңдердің саны;
есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
_______________________ бойынша жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру шарттарының тобы
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) |
Жинақталған шығындар (j) |
|||||
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
|
1 |
S(1,1)=Х (1,1) |
S(1,2) =(Х (1,1) + Х (1,2) |
… |
S(1,n-2) =(Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) |
S(1,n-1) =( Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) + Х (1,n-1) |
S(1,n) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n) |
|
2 |
S(2,1)=Х (2,1) |
S(2,2) =Х (2,1) + Х (2,2) |
… |
S(2,n-2) =(Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) |
S(2,n-1) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) + Х (2,n-1) |
х |
|
3 |
S(3,1)=Х (3,1) |
S(3,2)= Х (3,1) + Х (3,2) |
… |
S(3,n-2) =(Х (3,1) + Х(3,2)+… + Х (3,n-2) |
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
S(n-1,1)=Х (n-1,1) |
S(n-1,2)= Х (n-1,1) + Х (n-1,2) |
х |
х |
х |
х |
|
n |
S(n,1)= Х (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Ескертпе: Жинақталған шығындар кестесінде жиынтықты төлемдер (төленген шығындар) немесе сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған келтірілген шығындар көрсетіледі.
Шығындардың даму коэффициенттері кестесі g(j)_______________________________________________________
шығындарды дамыту әдісі (орташа арифметикалық, орташа n-кезеңдер, орташа шама)
|
Шығындардың басталу кезеңі (і) |
Шығындарды дамыту факторлары (j) |
|||||
|
|
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
|
… |
|
х |
||
|
2 |
… |
х |
х |
|||
|
3 |
… |
х |
х |
х |
||
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
х |
х |
х |
х |
||
|
n |
x |
х |
х |
х |
х |
х |
|
Шығындардың даму коэффициенті g(j) |
||||||
|
g(j) |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
орташа арифметикалық |
|
|
|
|
|
х |
|
орташа n-кезеңдер |
|
|
|
|
|
х |
|
орташа шама |
|
|
|
|
|
х |
Ескертпе: Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде бір ақы төлеу кезеңінен кейінгіге қарай мәлімделген шығындардың бірлескен шамасына сәйкес келетін шығындардың даму факторлары F(і,j) мына формула бойынша анықталады:
Шығындардың даму факторлары F(i,j)= S (i,j+1)/S (i,j).
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) шығындардың басталу кезеңдері бойынша шығындардың даму факторларының орташа мәні ретінде есептеледі.
Коэффициенттер кестесі
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) |
Шығындардың даму коэффициенті g(j) |
Шығындардың даму факторлары f (j) |
Кешігу факторлары h(j)= 1 - 1/f (j) |
|
1 |
1 |
1 |
1-1/ 1 |
|
2 |
g(n-1) |
1*g(n-1) |
1-1/( g(n-1)) |
|
3 |
g(n-2) |
1*g(n-1) *g(n-2) |
1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)) |
|
… |
… |
… |
… |
|
n-1 |
g(2) |
1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2) |
1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)) |
|
n |
g(1) |
1*g(n-1)*g(n-2)*…* g(2)*g(1) |
1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)*g(1)) |
Ескертпе: Коэффициенттер кестесінде:
«Шығындардың даму коэффициенттері g(j)» бағанында - Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде g(j) көрсетілген шығындардың даму коэффициенттерінің мәні;
«Шығындардың даму факторлары f (j)» бағанында - шығындардың даму коэффициенттерінің жинақталған мәні;
«Кешігу факторлары h(j)» бағанында -1 - 1/f (j) тең мәндер көрсетіледі, мұнда f (j) даму факторы болып табылады.
Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кестесі
|
Қаржы жылы (y) |
Келтірілген шығындар |
Еңбек сіңірілген сыйлықақылар
|
Полистер бойынша шығындылық коэффициенті |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
UL(1) |
UP(1) |
U(1)=UL(1)/UP(1) |
|
2 |
UL(2) |
UP(2) |
U(2)=UL(2)/UP(2) |
|
… |
… |
… |
… |
|
m-1 |
UL(m-1) |
UP(m-1) |
U(m-1)=UL(m-1)/UP(m-1) |
|
m |
UL(m) |
UP(m) |
U(m)=UL(m)/UP(m) |
Ескертпе: Шығындылық коэффициентін есептеу кестесінде:
«Келтірілген шығындар» бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындарды реттеу шығыстарын қоса алғанда, есепті күнгі жағдай бойынша келтірілген шығындардың мәндері көрсетіледі;
«Еңбек сіңірілген сыйлықақылар» бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сыйлықақы көрсетіледі;
U шығындылық коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
U = [U (1) + U (2) + … + U(m)]/m, мұнда:
U(m) - сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы m-шы қаржы жылы үшін полистер бойынша тиісті қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындарды реттеу шығыстарын қоса алғанда, келтірілген шығындар шамасының көрсетілген шарттар бойынша есепті күнгі еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы ретінде есептелетін шығындылық коэффициенттері;
m - қаржы жылының саны.
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесі
|
|
|||||||
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (і) |
Еңбек сіңірілген сыйлықақылар |
U шығындылық коэффициенті |
Күтілетін түпкілікті шығындар z(і) |
Кешігу факторлары h(j) |
Болған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар R(і) |
Мәлімделген, бірақ есепті күнге реттелмеген шығындар |
Болған, бірақ мәлімделмеген шығындар |
|
1 |
2 |
3=1*2 |
4 |
5=3*4 |
6 |
7=5-6 |
|
|
1 |
|||||||
|
2 |
|||||||
|
3 |
|||||||
|
… |
|||||||
|
n-1 |
|||||||
|
n |
|||||||
|
Жиынтығы |
|||||||
Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына сәйкес
сақтандыру міндеттемелерін
бағалауға және олардың құрылымына
қойылатын талаптарға
4-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келтірілген шығындар негізінде міндеттемелерін бөлу
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған жинақталған төлемдер шамасының (төленген шығындар) кестесі
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша жинақталған төленген шығындар (j) |
|||||
|
Кезеңділік |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
Х (1,1) |
Х (1,1) + Х (1,2) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-2) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Х (1, n-1) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-1) + Х (1, n) |
|
|
2 |
Х (2,1) |
Х (2,1) + Х (2,2) |
Х (2,1) + … + Х (2, n-2) |
Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Х (2, n-1) |
х |
|
|
3 |
Х (3,1) |
Х (3,1) + Х (3,2) |
… |
Х (3,1) + … +Х (3, n-2) |
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
Х (n-1,1) |
Х (n-1,1) + Х (n-1,2) |
х |
х |
х |
х |
|
N |
Х (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Х (i,j) – i-ші кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша, j-ші кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар).
Шығындардың әрбір пайда болу кезеңінің соңындағы жағдай бойынша топтастырылған мәлімделген реттелмеген шығындардың кестесі
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Кезеңдер бойынша мәлімделген реттелмеген шығындар (j) |
|||||
|
Кезеңділік |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
Y (1,1) |
Y (1,2) |
Y (1, n-2) |
Y (1, n-1) |
Y (1, n) |
|
|
2 |
Y (2,1) |
Y (2,2) |
Y (2, n-2) |
Y (2, n-1) |
x |
|
|
3 |
Y (3,1) |
Y (3,2) |
… |
Y (3, n-2) |
x |
x |
|
… |
… |
… |
… |
x |
x |
x |
|
n-1 |
Y (n-1,1) |
Y (n-1,2) |
x |
x |
x |
x |
|
n |
Y (n,1) |
x |
x |
x |
x |
x |
Y (i,j) – i-ші кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша j-ші кезеңнің соңындағы мәлімделген шығындар.
__________________ есепті күнге келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесі
|
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) |
Келтірілген шығындар (j) |
|||||
|
Кезеңділік |
1 |
2 |
… |
n-2 |
n-1 |
n |
|
1 |
Х (1,1) + Y (1,1) |
Х (1,1) + Х (1,2) + Y (1,2) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Y (1, n-2) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Х (1, n-1) + Y (1, n-1) |
Х (1,1) + … + Х (1, n-1) + Х (1, n) + Y (1, n) |
|
|
2 |
Х (2,1) + Y (2,1) |
Х (2,1) + Х (2,2) + Y (2,2) |
Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Y (2, n-2) |
Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Х (2, n-1) + Y (2, n-1) |
х |
|
|
3 |
Х (3,1) + Y (3,1) |
Х (3,1) + Х (3,2) + Y (3,2) |
… |
Х (3,1) + … +Х (3, n-2) + Y (3, n-2) |
х |
х |
|
… |
… |
… |
… |
х |
х |
х |
|
n-1 |
Х (n-1,1) + Y (n-1,1) |
Х (n-1,1) + Х (n-1,2) + |
х |
х |
х |
х |
|
Y (n-1,2) |
||||||
|
n |
Х (n,1) + Y (n,1) |
х |
х |
х |
х |
х |
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының 2025 жылғы «__» «_________»
№ ___ қаулысына
2-қосымша
Сақтандыру міндеттемелерін бағалауды автоматтандыруға қойылатын талаптар
Құжаттама өзекті күйінде сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының 2025 жылғы «__» «_________»
№ ___ қаулысына
3-қосымша
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген толық емес тізбелерді және (немесе) ақпаратты айқындауға жол берілмейді.
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде көрсетілмеген өзге де көздерге, құжаттарға, ақпаратқа және (немесе) негіздерге сілтемелерді Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде пайдалануға жол берілмейді.
1) біртекті белгілері бар сақтандыру шарттарын сегменттеу үшін қолданылатын өлшемшарттар тізімі (өнім түрі, мерзімі, саласы, тәуекелі және басқа да өлшемшарттар);
2) біртекті белгілері бар сақтандыру шарттарын сегменттеуді статистикалық талдауға тәсілдердің сипаттамасы (оның ішінде статистиканың біркелкілігін, жеткіліктілігін талдау және басқа құрауыштар), сондай-ақ сараптамалық тәсілді қолданған жағдайда сараптамалық тәсіл негізінде сегменттеуді сипаттау және негіздеу.
Сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне және (немесе) осы Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулерінің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жібереді.
Уәкілетті органның ескертулерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген хабарламаларды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінің осы Талаптардың
6-тармағында көзделген бір немесе бірнеше негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын ережелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның ескертулерін жойғанға дейін, сондай-ақ оларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.
Сақтандыру міндеттемелерін
бағалау әдістемесіне, оны келісу
тәртібі мен мерзімдеріне
қойылатын талаптарға
1-қосымша
Нысан
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат
Қаржы ұйымының толық атауы: _____________________________________________
20__ жылғы «__» «___________» жағдай бойынша
(мың теңгемен)
|
№ |
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінің тармағы, тармақшасы |
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейінгі редакция |
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакция |
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздері және Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздеріне түсіндірмелер |
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар нәтижесінде сақтандыру міндеттемелері мөлшерінің өзгеруін есептік бағалау |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
|||||
|
2 |
Актуарий ____________________________________________ ________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы лицензия №
|
|
|
Бірінші басшы немесе
ол Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесін және (немесе) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітуге уәкілеттік берген тұлға
____________________________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
|
|
|
Сақтандыру міндеттемелерін
бағалау әдістемесіне, оны келісу
тәртібі мен мерзімдеріне
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне және (немесе) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат
Қаржы ұйымының толық атауы: ______________________________________________
20__ жылғы «__» «___________» жағдай бойынша
|
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне және (немесе) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің жоқ екендігі туралы |
☐ |
|||
|
Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне және (немесе) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес ескертулердің бар екендігі туралы |
☐ |
|||
|
р/с № |
Құрылымдық элементтің нөмірі |
Құрылымдық элементтің редакциясы |
Ескерту |
Жою мерзімі |
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
Уәкілетті органның басшысы
немесе басшының орынбасары _______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы