Экономиканың барынша зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету және банктік қарыз шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларын болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Экономиканың барынша зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің банктік қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі бойынша төлемдерді тоқтата тұру тәртібі бекітілсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
- Стратегия және талдау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахмановқа жүктелсін.