Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
2024 жылдағы қызметі туралы
ЕСЕП
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне[1] сәйкес мемлекеттік қызметтердің 31 түрін көрсетеді, оның ішінде:
- электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда 25 мемлекеттік қызмет;
- электрондық (ішінара автоматтандырылған) нысанда 1 мемлекеттік қызмет;
- электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз нысанда 3 мемлекеттік қызмет;
- электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз нысанда 1 мемлекеттік қызмет;
- қағаз нысанда 1 мемлекеттік қызмет.
Осылайша, Агенттіктің мемлекеттік қызметтерінің 90%-ынан астамы электрондық нысанға ауыстырылған.
2024 жылы Агенттік 851 мемлекеттік қызмет көрсетті, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 502 жағдайды құрады. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Агенттіктің 4 бөлімшесінде бақылау іс-шаралары өткізілді.
Агенттіктің мемлекеттік қызметтерін проактивті форматқа ауыстыру мақсатында 2024 жылғы қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі жоспар бекітілді, ол 2026 жылға дейін 9 мемлекеттік қызмет бойынша іс-шараларды қамтиды.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу қорытындысы бойынша Агенттіктің қоғамдық мониторинг үшін іріктеп алынған мемлекеттік қызметтерінің («Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» және «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу») сапасымен қанағаттанудың жоғары деңгейі байқалды, ол тиісінше 86,8% және 100%-ды құрады.
[1] Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 31.01.2020ж. № 39/НҚ бұйрығы