«Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-5-бабының
6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
13-5-бабының 6-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.
1) алқалы орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәжді пайымдауды қабылдайтын органы, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның Басқармасы бекітеді;
2) қадағалау бөлімшесі - уәкілетті органның қаржы ұйымдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның уәжді пайымдауының жобасын қалыптастыратын бөлімшесі;
3) уәжді пайымдау - уәкілетті органның алқалы органның негізделген кәсіби пікірі, ол Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарда көзделген жағдайларда қадағалап ден қою шараларын қолдану және шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның іскерлік беделін бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:
1) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарысы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы;
2) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген адамға қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы құқығынан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
3) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның қылмыс арқылы келтірілген залалды өтеу фактісінің болуы;
4) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның Кодекстің
239-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процеске айыпталушы не сотталушы ретінде қатысуы;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының не өзге мемлекет заңнамасының Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға айналысқан (айналысатын) кәсіби қызмет реттелетін талаптарының бұзылуы;
6) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық кәсіби стандарттардың әдеп, мүдделер қақтығысын алдын алу бөлігіндегі талаптарын орындаудан жалтаруы;
7) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі қызметі және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесінде болған кезеңде немесе оның осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылғаннан және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесі жойылғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде осы тұлға лауазымды тұлғасы және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) болып табылған заңды тұлғаның төлем жасауға қабілетсіз деп танылуы;
8) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғамен жасасқан еңбек шартының теріс себептер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы;
9) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның өзіне (өзінің жеке басына, кәсіби қызметіне, олармен үлестес тұлғаларға) немесе өзінің мүлкіне қатысты дәйексіз ақпаратты ұсынуы не осындай ақпаратты ұсынудан жалтаруы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында орын алатын (орын алған) жағдайларға, фактілерге және (немесе) жағдаяттарға қолданылады.».
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |