Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

  1. «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.    Нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) баланстық құн – бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;

2) инвестициялық қарыз (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз:

қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды;

қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;

қарыз (кредит) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және модернизациялауға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға беріледі;

3) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Нормативтердің 2-2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын офтейк-келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ+» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарымен, экспортты қолдауға мемлекеттік кепілдік берілген Қазақстанның Экспорттық несие агенттігімен, (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтинг агенттігінің кемінде «А» рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымдарымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ+» төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің «В-» төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) (ЕБИТДА) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары (Нормативтердің 2-3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін астық қолхаттары бойынша талап ету құқықтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);

4) кепілсіз тұтынушылық қарыз – мыналарды қоспағандағы тұтынушылық қарыз:

берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін жылжымайтын мүлікке құқықтар кепілімен, міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

тіркелуге тиіс, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар;

берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздар;

білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар;

тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздар;

5) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;

6) қарыз алушы - қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

7) провизиялар (резервтер) - қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;

8) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға;

9) тұрақты AQR – тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер активтерінің және шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайынғы бағалау;

10) офтейк-келісімшарты - тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім;

11) SREP – бизнес модельді, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, банктің корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі.»;

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«81. Банктер 2018 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептеу нәтижелерін уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсына отырып, нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептейді.

Нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

2019 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығында – 1;

2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8;

2024 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1.

Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті:

клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде нетто тұрақты қорландыру коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда онда тұрақты қорландырудың нетто коэффициентінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы болып табылады.»;

5-қосымша Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі-Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

  1. «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады:

1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді:

провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру;

төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру:

шешімдер қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау;

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі), Банктер туралы заңның, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң), «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау;

басқарушылық, реттеушілік және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы;

қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту;

кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-әрекет рәсімдерінің болуы;

бекітілген провизияларды және ішкі капитал жеткіліктілігін бағалау процесін құру әдістемесінің шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін залалдарға сәйкестігін бағалау кіретін тиімді ішкі бақылау жүйесін құру;

1-1) 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді:

банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары;

кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары;

кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері;

қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі.

Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейін банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асатын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

жылжымайтын және басқа мүлігінің болуы;

қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында;

борыштық жүктеме;

қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

басқа да берешегінің болуы;

банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;

әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат;

қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат.

Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;

борыштық жүктеме;

қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;

әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат (бар болса).

Егер заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын болса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

қарыз алушы-заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін және негізгі қаржылық коэффициенттерін (рентабельділігі, меншікті және қарыз қаражатының арақатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары (қаржы ұйымдарына қарыздар беру, қаржы ұйымдарында салымдарды орналастыру, 6 (алты) айдан аз мерзімге кредиттік желі ашу жағдайларын қоспағанда), кірістер деңгейін талдау.

Банк алдындағы жиынтық міндеттемелері банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын қарыз алушының талдау үшін қабылданатын қаржылық есептілігі (мерзімі 6 (алты) айдан кем овердрафттар, кредиттік карталар, кредиттік желілер түрінде қаржыландыру жағдайларын қоспағанда), мынадай талаптарға сәйкес келеді:

баланстың материалдық (маңызды) құрауыштары (баланс валютасынан 5 (бес) пайыздан астам) және (немесе) пайда мен зияндар туралы есеп (түсімнен 5 (бес) пайыздан астам) бойынша шоттардың талдамасымен есептіліктің негізгі үш нысанының болуы. Бұл талап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс), Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch Ratings Inc. (Фич Рейтингс) агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар жария компанияларға, жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін компаниялар куәландырған аудиттелген қаржылық есептіліктің болуы жағдайларына қолданылмайды;

қаржылық есептіліктің барлық нысандары арасындағы толық сәйкестік;

ұсынылған қаржылық есептіліктің астында қарыз алушының жауапты (уәкілетті) тұлғаларының қолдарының болуы.

Қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда кез келген мақсаттар үшін аудиттелген қаржылық есептілікке басымдылық беріледі, сондай-ақ оны салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. Жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілікті салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді.

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап салық декларациясының болуы (Салық кодексіне сәйкес салық декларациясын тапсыру талап етілген жағдайда) және бір кезең үшін құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу үшін пайдаланылатын қаржы есептілігіндегі деректермен салық декларациясындағы деректердің қайшылығының болмауы талап етіледі. Қаржылық және салықтық есептілік көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарға бухгалтерлік және салықтық есепке алу айырмашылықтарына байланысты жол беріледі. Өзге жағдайларда есептілік нысандары арасындағы деректердің айтарлықтай алшақтығының себептері қарыз алушы бойынша банктің жауапты бөлімшесінің қорытындысында сипатталады және банктің уәкілетті алқалы органы қарайды.

Банк ішкі құжаттардағы айырмашылықтардың маңыздылығын белгілейді. Белгіленген шектер болмаған жағдайда түсім, қорытынды қаржылық нәтиже, активтердің рентабельділігі көрсеткіштері бойынша 30 (отыз) пайыздан астам мөлшерде айырмашылықтар (бірақ олармен шектелмей) елеулі алшақтықтар болып табылады.

Қаржылық есептілік объективті болған жағдайда банк қаржылық есептілікті құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу мақсатында пайдаланады.

Қаржылық есептілік және (немесе) салық декларациясы болмаған жағдайда (Салық кодексіне және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес оларды тапсыру талап етілмеген жағдайда) қарыз алушының активтері және өзге де табыс көздері туралы ақпарат (банк шоттары бойынша үзінді көшірмелер, меншікте тиісті активтердің болуын растау) сұратылады.

Құнсыздану белгілері мен құнсыздану санаттарын бағалау шеңберінде қарыз алушылардың, тең қарыз алушылардың, кепілдік беруші мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін шоғырландырылған түрде пайдалануға жол беріледі.

Қарыз бойынша күтілетін ақша ағындарын есептеу мақсатында қарыз алушының қаржылық есептілігін (оның ішінде банк тарапынан) оның төлем қабілетсіздігі басталған жағдайда қарыз алушымен оның берешегін өтеу бойынша шарттық міндеттемелері бар тұлғалардың (оның ішінде қарыз алушымен байланысты) есептілігімен, сондай-ақ егер осы тұлғаның активтері қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылса, қарыз алушымен осындай шарттық міндеттемелері жоқ тұлғалардың есептілігімен шоғырландыруға жол беріледі.

Банк осы тармақшаның отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарында белгіленген талаптарды сақтамай қарыз берген жағдайда, қарыз алушының барлық міндеттемесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі - ХҚЕС) бойынша құнсызданған активтерге жатады;

қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында қарыз берешегінің болуы;

қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредит тарихы);

өтімді активтердің деңгейі;

борыш жүктемесі;

алдындағы берешекті өтеудің өзге көздерінің болуы;

болжамды бос ақша ағындары;

қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жай-күйі, даму перспективалары, өндіріс пен өткізу нарықтарының әртараптандырылуы және қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамалары, мысалы, қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін көрсету, операциялар географиясы, бизнестің циклділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгеріс, экономика секторына кірудегі кедергілер және компанияның табыс алу мен бағаларды ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін басқа да факторлар);

басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел);

қарыз алушының меншік иелерін бағалау;

сот талқылауларына тартылу фактілерінің болуы;

сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енгізу.

Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы қарыз;

қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

борыштық жүктеме;

банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

тиісті саланы дамыту перспективалары.

Кредиттеу саласына және қарыз алушының типіне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жиыны өзгеріп отырады.

Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредиттік саясат олар болған кезде қарыз алушының кредиттік қабілеттілігіне талдау жүргізілмейтін жағдайларды айқындайды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік қарсы кепілдікке шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру). Қазақстан Республикасының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа бір рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауы қарыз алушының кредит алуға өтініші банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы деңгейінде немесе қарыз алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кіретін ұйымның ондай талдауын пайдалануға жол беріледі;

қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде негізділік, мақсатқа лайықтылық және тәуелсіздік ұстанымдарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен талаптарының сипаттамасын қамтитын қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі. Банк қарыз алушының қайта құрылымдау жағдайлары мен түрлерін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі - № 269 қаулы) сәйкес айқындайды.

Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын есепке ала отырып, қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды.

Шартты міндеттемелерді қоса алғанда, жалпы берешегі мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыздан асатын, қарыз алушылардың және (немесе) бір-бірімен байланысқан қарыз алушылар тобының қарыздарына № 269 қаулысына сәйкес айқындалатын мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді банк басқармасы немесе құрамына банк басқармасының төрағасы кіретін банктің алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайын банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі;

мынадай факторларды есепке ала отырып (бірақ олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді тәсілдері:

тәсілді пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы;

экономикалық тиімділігі;

қарыз алушының және (немесе) контрагенттің типі, олардың қаржылық жай-күйі;

3) банк кредиттік қызметін оларға кредиттік тәуекел тән операцияларды жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:

әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) контрагенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттеудің әрбір түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары;

қарыз алушының және (немесе) контрагенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар;

кредиттеу секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредиттеудің ішкі тәртібі;

кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдалану ішкі тәртібі;

оған сәйкес кредит берілетін рейтингтің мүмкін болатын ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса);

кредиттік саясаттан, стандарттардан, процедуралардан, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдау, бекіту және талдау ішкі тәртібі және процедуралары;

кредиттеу лимиттерін және (немесе) қарыз алушыларды талдауды ескерумен, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын есепке ала отырып кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредиттеу лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша кредиттеу лимиттері валюталар, салалар, қарыз алушылардың (контрагенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, жеке кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді;

кредит беру туралы өтініштерді қарау, мақұлдау, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау ішкі тәртібі, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты;

кепілдік қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындайтын ішкі тәртіп:

банктің жекелеген өнімдері үшін, оның ішінде қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін кепіл түрлері және олардың жарамдылық өлшемшарттары;

кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепіл құрылымына қойылатын талаптар;

өнімнің түріне және банктің кредиттік портфелінің құрылымына байланысты кепіл түрлері бойынша лимиттер;

өтімді және жоғары өтімді кепілді анықтау;

қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса) не қолда бар бағалау);

қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы жоғары өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициенті, (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса), не қолда бар бағалау);

кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындай отырып, кепілді қарап-тексеруді жүргізуге қойылатын талаптар (барлық кепілдердің жалпы санының кемінде 20 (жиырма) пайызын тәуелсіз іріктеуді қамтамасыз ете отырып, ипотекалық кредиттеу шеңберінде қарап-тексеруді іріктеу тәсілімен жүргізуге жол беріледі);

кепіл түріне байланысты талаптарды белгілей отырып, кепілмен қамтамасыз етумен мониторинг жүргізу және жұмыс істеу тәртібі;

кепіл мүлкін қайта бағалауға қойылатын талаптар;

кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер, оның ішінде кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепілді тіркеуге қойылатын талаптар;

қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы;

өткізу және өндіріп алудың шекті мерзімдерін қоса алғанда, кепіл және банк өнімі түріне байланысты кепілдік қамтамасыз етуді өткізу рәсімдері;

егер қарыз алушыға берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын болса және бағалау объектісі республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтары болып табылатын қалалардағы жылжымайтын мүлігі болып табылатын жағдайын қоспағанда бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (барабарлығы);

әртүрлі өлшемдерге (бағалауға қате көзқарас, бағалаушы мен қарыз алушының үлестес болуы, бағалаушы мен банктің, оның ішінде кепіл қызметі қызметкерлерінің үлестес болуы) және кепілмен қамтамасыз етудің өтімділігіне қарай бағалаушы айқындаған кепіл құнына қатысты дисконттарды белгілеуге қойылатын талаптар.

Банк ол бойынша кепілзат жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер (жер қойнауын пайдалану құқықтары) қойылатын қарыз беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарайды. Соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құн 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, банк бағалаушының кепілзатты бағалау жүргізуін (жылына кемінде 1 (бір) рет) қамтамасыз етеді.

Банк ХҚЕС-ке, сондай-ақ № 269 қаулының талаптарына сәйкес соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) асатын кепілдер есептік көрсеткішті, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, кепіл бойынша кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері болған жағдайда уәкілетті тіркеуші органда оның түріне қарамастан кепілдің тіркелуін қамтамасыз етеді.

Банк қызметкерлері тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі банктің ішкі бағалауды қалыптастыру кезінде бағалауға жол берілетін тәсілдерге қойылатын талаптарды нақты формалдауды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, бағалауға дұрыс тәсілдерді пайдалануды, атап айтқанда:

осы тәсіл шеңберінде кепіл түріне байланысты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленеді;

кепіл құнын бағалау кезінде сараптамалық бағалау қолданылған жағдайда, осындай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, регламенттелген процес қамтамасыз етіледі;

соңғы 4 (төрт) тоқсандағы не аяқталған күнтізбелік жылдағы объект бойынша теріс операциялық ақша ағындары немесе EBITDA (пайыздарды, салықтарды төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда, тозу және есептелген амортизация) теріс мәні кезінде кіріс тәсілі шеңберінде дисконтталған ақша ағындары негізіндегі тәсілді қолдануға жол берілмейді. Бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды:

компанияны инвестициялық сатысында бағалау, сондай-ақ егер бағаланатын компанияның балансында активтер, оның ішінде ақша ағындарын құруға қабілетті келісімшарттар болған;

растаушы ақпарат немесе нарықтық деректер болған жағдайда ақша ағынын құруға қабілетті объектілерді бағалау.

Объектінің құнын есептеу кезінде кіріс тәсілі шеңберінде есептеу банктің ішкі құжаттарында белгіленетін бағалау объектісінің тәуекел деңгейіне сәйкес келетін дисконттау мөлшерлемесі пайдаланылады.

Салыстырмалы тәсіл шеңберінде объектінің құнын есептеу кезінде нарықта орын алатын неғұрлым өзекті мәмілелер туралы ақпарат және (немесе) бағалау объектісімен салыстырылатын объектілерді сату туралы ұсыныстар пайдаланылады, ал олар болмаған жағдайда тиісті түзетулер қолданылады.

Банктің кепіл қызметі бөлімшесі тарапынан, оның ішінде бағалаушы белгілеген кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі оған ұқсастар тізбесіне және оларды салыстырмалы деп тану өлшемшарттарына қойылатын талаптардың нақты ресімделуін қамтамасыз етеді, бірақ олармен шектелмейді:

объектінің типі және (немесе) кіші түрі;

объектінің орналасқан жері;

объектінің жалпы ауданы;

үй-жайлардың жай-күйі, бағалау объектісінің сыртқы жай-күйі;

объектінің нысаналы мақсаты;

объектінің өзге де техникалық сипаттамалары.

Кепіл қызметінің бөлімшесі бағалаушылардың әрбір есебі бойынша ішкі тәртіп негізінде кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

Банк бағалаушы айқындаған кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдаудың ішкі тәртібін әзірлейді, ол мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ онымен шектелмейді:

кепіл түріне байланысты бағалау тәсілдерін қолдану тәртібі;

бағалау есептеулерінің дұрыстығына қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;

болжамдарды, түзетулерді және сараптамалық пайымдауларды пайдалану бөлігіндегі талаптар мен шектеулер;

толық және негізделген есептеулердің болуы;

кепіл объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық ақпараттың болуы;

кепіл нысанасын міндетті түрде тексеру және бейне-, фототүсірілім жүргізу;

құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасының болуы;

банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнында (10 (он) пайыздан астам) елеулі айырмашылыққа әкеп соққан себептер мен өлшемшарттарды анықтау.

Бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнындағы елеулі (10 (он) пайыздан астам) айырмашылық анықталған кезде банк айырмашылыққа әкеп соққан мән-жайлар бойынша ақпаратты кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына енгізеді.

Банк кепілді дұрыс бағаламау мүмкіндігін болдырмау үшін олар бойынша кепілді қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына ақпарат енгізілген бағалау туралы есептерге талдау жүргізеді.

Қарыз беру туралы шешім қабылдау шеңберінде банк барлық өлшемдерді ескере отырып, бағалаушы айқындаған кепіл құнының объективтілігін (барабарлығын) бағалау қорытындылары бойынша айқындалған кепіл құнын пайдаланады.

Қабылданған шешімдерді белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестігі тұрғысынан бағалау Қағидалардың 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің уәкілетті алқалы органына жеткізеді. Банк қызметіндегі елеулі ауытқуларды болдырмау мақсатында банктің уәкілетті алқалы органы қарыз көлеміне (сомасына) және (немесе) ауытқулар санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Банк мыналарды:

қарызды және (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін және (немесе) қарыз алушы оның құнын бағалауды қоса алғанда, банктің балансындағы кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі деректер банкінің клиенті болуын тоқтатқаннан кейін банктің ішкі жүйелерінде кемінде 5 (бес) жыл сақтауды;

банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы жаңартуды және тәуекел-метрикаларды (PD, LGD, EAD), провизиялар мен капиталды есептеуге жауап беретін модульдерге, сондай-ақ басқарушылық, қаржылық және реттеушілік есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға жауап беретін модульдерге деректерді автоматты түрде ауыстыруды;

қолмен түзетуді қолданғанға дейінгі бастапқы деректерді, қолмен түзетуді қолдануға жауапты тұлғалар туралы деректерді қоса алғанда, кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді кез келген қолмен түзету туралы деректерді автоматты түрде тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді.

Сақтауға жататын кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректер мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):

бағалау объектісінің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне, бизнес-сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - ЖСН) кепіл берушінің, қарыз алушының, тең қарыз алушылардың және кепілгерлердің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН және ЖСН-нен өзгеше болса,) байланыстыру және байланысты қарыз алушылардың сәйкестендіруші топтары мен байланысты қарыз алушылардың барлық БСН немесе ЖСН-нің нақты көрсетілуі;

кепілмен қамтамасыз етудің түрі мен кіші түрі;

бағалау объектісінің кадастрлық нөмірі (егер қолданылса);

бағалау объектісінің орналасқан жері (елі, өңірі, мекенжайы);

банк жүйесінде кепіл шартын тоқтатудың күні;

дисконттарды кепілмен қамтамасыз етуге қолданғанға дейінгі нарықтық құны;

кепілмен қамтамасыз етуге бағалау (қайта бағалау) жүргізу күні;

әрбір бағалау объектісі бойынша, оның ішінде банк балансындағы ағымдағы кепіл және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша, сондай-ақ банк өткізген барлық бағалау объектілері бойынша кемінде 5 (бес) жыл кезең үшін қолданылған дисконттар. № 269 қаулысына сәйкес дисконттар арасында өндіріп алу ықтималдығы және (немесе) өткізу ықтималдығы, сатуға дейінгі күтілетін мерзім, қолданылған дисконттау мөлшерлемесі және индекстер, сатуға арналған күтілетін шығыстар, өтімділік коэффициенттері қолданылмаған жағдайда дисконт мәндері туралы ақпаратты сақтау қамтамасыз етіледі;

барлық дисконттарды, оның ішінде ұлттық валютадағы баламасын есепке алғаннан кейінгі нарықтық құн;

провизияларды есептеу кезінде пайдаланылатын кепілмен қамтамасыз ету құны;

бағалау объектісінің ауыртпалық белгісі;

бағалау объектісінің ауыртпалық кезектілігі;

кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы (заңды немесе жеке тұлға, атауы, бірегей сәйкестендіруші) туралы мәліметтер;

бағалау объектісіне ауыртпалықтың болуын растау күні;

қарыз алушы немесе қарыз деңгейіндегі бағалау объектісі бойынша банктің талап ету құқықтарының кезектілігі;

қарыз алушы мен қарыз деңгейіндегі кепілдер үшін қамтамасыз етудің аллоцирленген құны (олардың бірегей сәйкестендірушісіне сілтеме жасай отырып, әрбір қарыз алушыға кепіл мүлкінің үлесін көрсете отырып);

кепілмен қамтамасыз етуді бағалау тәсілі;

пайдаланылатын аудан бірлігі;

бағалау объектісінің жалпы, пайдаланылатын алаңы (егер қолданылса);

бағалау күніне жалға берілетін алаңның үлесі (егер қолданылса);

жалға беру үшін ықтимал қолжетімді алаңның үлесі (егер қолданылса);

4) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы.

Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады.

Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды;

5) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда - бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді.

Активтерді жан-жақты талдауда:

қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD);

қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD);

дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD);

тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішінде;

кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін;

бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау;

Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:

КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды;

күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады.

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады;

6) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы.

Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

проблемалық активтердің анықтамасы;

проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқа әдістер);

проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері;

проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері;

мүдделі бөлімшелердің тізімі және проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимылының ішкі тәртібі;

директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті ұсынудың ішкі тәртібі;

банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері;

7) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы.

Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне талдауды:

провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау;

ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау;

провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы жүргізеді.

Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады.

Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады.

Банк болжамды макроэкономикалық ақпараттың әсерін есепке алуға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дефолт ықтималдығын бағалаудың әрбір моделі сәйкес келетін егжей-тегжейлі талаптарды сипаттайтын дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің жалпы әдіснамасын әзірлеуді (жаңартуды) қамтамасыз етеді.

Дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің әдіснамасы мынадай талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

кредиттік құнсыздануды анықтау;

пайдаланылатын деректердің сапасы, маңыздылығы және көлемі;

модельдерді әзірлеу және тестілеуге арналған модельдерді қалыптастыру әдіснамасы;

модельдің жекелеген блоктарының болуы (оның ішінде қаржылық, сапалық факторларды, мемлекеттік немесе топтық деңгейде қолдау мүмкіндігін есепке алу жөніндегі талап) және олардың түпкілікті PD айқындаудағы ең жоғары салмағы;

кредиттік құнсызданудың байқалатын деңгейлері негізінде модельді калибрлеу әдіснамасы (кредиттік құнсыздану деңгейлерінің нақты статистикасы негізінде модельді калибрлеу);

макро-сценарийлерді әзірлеу және есепке алу бойынша талаптар, миграция матрицаларын есептеу және қолдану әдіснамасы бойынша;

жетекші рейтинг агенттіктерінің кредиттік шкалаларымен үйлесімді валидтік кредит шкаласын әзірлеу;

PD әр түрлі түрлерін есептеу (он екі айға, бүкіл жарамдылық мерзіміне (lifetime PD), қазіргі сәтте (PIT PD) және циклдік (TTC PD) бастапқы тану кезінде);

қаржылық кепілдіктер бойынша PD моделін есептеу;

бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді пайдалану немесе сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдер арқылы жылдық PD бағалау.

Модельді әзірлеу шеңберінде:

скорингтік модельді қолдану кезінде әзірлеу үшін іріктеме қарыз алушыларының әрқайсысы бойынша скоринг балын есептеу;

скорингтік модельді қолдану кезінде модельді калибрлеу, яғни скоринг балын портфель бойынша кредиттік құнсызданудың байқалатын тарихи деңгейінің модельдерін пайдалана отырып, PD мәніне ауыстыру;

макроэкономикалық жағдайды есепке алу және PD TTC-ті PD PIT-ке аудару моделін әзірлеу;

жылдық PD-ды бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді не сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдерді пайдалану арқылы бағалау;

модельді әзірлеу кезінде дефолттардың бақыланатын деңгейі бойынша тарихи деректердің өзекті көлемін таңдауды және күтілетін макрокөрсеткіштер негізінде PIT мәндерін калибрлеуді көздеуі тиіс;

статистикалық негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін Қазақстан Республикасының PD-ге сәйкес келетін PD-дің ең төменгі шегін белгілеу.

Банк барлық тәуекел-метрикалардың (PD, LGD, EAD), құнсыздану сатыларының және провизиялардың банктің ішкі жүйелерінде автоматты түрде есеп айырысуды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаю оқиғаларын, ХҚЕС бойынша құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғаларды, құнсыздану санаттарын айқындауды қамтамасыз етеді.

Банк мынадай деректердің (бірақ олармен шектелмей) қарызды (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін жүйелерде кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді:

SPPI тесттен өту немесе өтпеу нәтижелері;

9 ХҚЕС-ке сәйкес қаржы құралын жіктеу;

құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғалар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме бойынша әрбір оқиға үшін жеке деректер өрісі);

қарыз алушының құнсыздану сатысы;

жеке бағаланатын қарыз алушылар үшін «going-concern» және «gone-concern» әдістері бойынша сценарийлердің ықтималдылығы;

тиімді пайыздық мөлшерлеме (бастапқы және ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер);

дефолт деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

қайтарым деңгейлері (міндеттемелердің сомасы бойынша - сауығуды ескере отырып және сауығуды есепке алмай) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

қайта құрылымдау деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша - қайта құрылымдау бойынша жеке және мәжбүрлі қайта құрылымдау бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

сауығу деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

есептен шығару деңгейлері (міндеттемелер сомасы бойынша - ішінара есептен шығару бойынша жеке және толық есептен шығару бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде);

PD мәндері (оның ішінде әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін берілген сәттен бастап және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде);

тану сәтіндегі және қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме мерзімі ішіндегі әрбір айға арналған он екі айлық PD және lifetime PD мәндері;

LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

EAD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін EAD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

кредиттік шығындар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін күтілетін кредиттік шығындар мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндері (RWA) (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін RWA мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

кредиттік конверсия коэффициенттері;

қарыз алушының баланстық және баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);

қарыз алушының есептен шығарылған қарыздары (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);

провизиялардың қорытынды мәні (қарыз алушы деңгейінде және міндеттеме деңгейінде);

БСН немесе ЖСН-ге және ішкі бірегей сәйкестендірушілеріне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) қарыз алушы мен қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттемені байланыстыру;

БСН немесе ЖСН және ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) барлық бірлесіп қарыз алушылар мен кепілгерлерді байланыстыру;

банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобының бірегей сәйкестендірушісіне байланыстыру;

банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобы қатысушыларының БСН немесе ЖСН-не байланыстыру;

құнсыздану сатысын және провизияларды есептеу үшін талап етілетін, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштері;

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектінің кәсіпкерлік санатына жататындығының белгісі;

банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіміне тиесілілік белгісі;

қайта құрылымдау және (немесе) мәжбүрлі қайта құрылымдау белгісі;

қарыз бойынша және қарыз алушыға осы банктегі қарыздар бойынша қайта құрылымдауды жүргізудің барлық күндері.

Банк жүйелері барлық қарыз алушылар, олардың баланстық және баланстан тыс міндеттемелері және банк портфельдері үшін кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю оқиғаларының және ХҚЕС бойынша құнсыздану оқиғаларының іске қосылу оқиғасының фактісін тіркейді және жүйелерде сақтайды;

8) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы.

Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді.

Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер:

модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру;

модельдің болжамды дәлдігін бағалау;

рейтингтердің ауысуын талдау;

рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады.

Валидацияны 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет банктің тәуелсіз бөлімшесі не тәуелсіз үшінші тарапты тарта отырып жүзеге асырады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты болады, экономикада немесе банкті кредиттеудің ішкі процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады.

Банктің тәуелсіз бөлімшесі 1 (бір) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізген скорингтік моделдердің ішкі валидациясы.

Банктің тәуелсіз бөлімшесі скорингтік модельдердің ішкі валидациясын банктің ішкі құжаттарында провизияларды есептеуде пайдаланылатын өлшемдерді (қатысушылар, тексеру аясы, тексеру салалары, пайымдауларды дайындау өлшемшарттары, нәтижелерді ұсыну форматы, мерзімдері) валидациялаудың егжей-тегжейлі сипатталған процесін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, валидацияның толық процесін ресімдеу кезінде мүмкін болады.

Банктің валидацияға жауапты тәуелсіз бөлімшесі тексеру процесін сипаттай отырып, нәтижелерді және маңыздылық дәрежесін ашып көрсете отырып, әрбір тексерілген параметр бойынша қорытынды қалыптастырады.

Валидация нәтижелері толық негіздемесімен тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі.

Валидация нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет модельге өзгерістер енгізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы мәселесі бойынша қорытындыны қамтитын хаттама жасайды.

Модельді валидациялау шеңберінде мыналарды жүргізу талап етіледі, оның ішінде:

модельдің реттеуші талаптарға сәйкестігін тексеру;

модельді болжау дәлдігін анықтау үшін модельді бэк-тестингтеу (модель әзірленгеннен өзгеше іріктеулерде модельдің дәлдігін тексеру). Банк неғұрлым кейінгі бақылаулар негізінде модельдің релеванттығын тексереді;

модельдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын деректердің маңыздылығы мен сапасын тексеру. Тексеру шеңберінде кейіннен моделін жасау үшін таңдаудың жеткілікті екендігіне эконометриялық тестілер арқылы көз жеткізу қажет;

модельді тәуекел-метрикаларды бағалаудың басқа модельдеріне сәйкестігін тексеру;

9) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану.

Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк:

мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін;

сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін;

сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды;

сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша):

қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен;

сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен;

жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен;

нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен;

кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады;

10) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы.

Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады:

ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру;

кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру;

кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу.

Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей):

қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады:

осы топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (Банктер туралы заңның 8-1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады.

Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа):

осы топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша:

қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін - жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары;

қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын - банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын - банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін - өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, стартап жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін:

айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі;

тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі:

кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады;

кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда;

кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар.

Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар:

құжаттардың бұл тобына олардың негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады, ол мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):

кепіл құжаттамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі;

банктің Қағидалары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалаушының кепілді бағалаудың барабарлығы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қорытындысы;

кепіл нысанына берілген құқығын растайтын құжаттар;

уәкілетті тіркеуші органдарда тіркелгені туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың көшірмесі.

Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады;

11) басқарушылық ақпарат жүйесінің болуы және жұмыс істеуі.

Банк мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы;

банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы;

байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы;

ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы;

қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы;

провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы;

қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы;

лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы;

саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.».

  1. «Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі - банктер) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;

2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;

4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;

6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;

7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;

8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;

9) жұмыс істемейтін қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының артық болуы;

10) бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының артық болуы.

Осы тармақтың мақсаттары үшін:

жұмыс істемейтін қарыздар деп олар бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен бекітліген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін  құнсыздану белгілері анықталған заңды және  жеке тұлғаларға берілген қарыздар, бастапқы тану сәтінде олар бойынша құнсыздану туралы растау болған қарыздар түрінде сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері түсініледі;

қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі;

қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді;

банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін, осы тармақтың 9-тармақшасының факторларын есептеуде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген кредиттік-құнсызданған қарыздар есепке алынады;

таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған:

1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

өтімділік коэффициенттерін:

ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;

мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;

мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;

мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;

мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;

мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;

мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;

2) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша - меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

3) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша, - банктің несие портфелінде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

4) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейін төмендету;

5) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

6) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша - активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;

7) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - ұлттық валютадағы өтеу коэффициентін кемінде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) деңгейге дейін жеткізу;

8) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген фактор бойынша - жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан кем деңгейге дейін төмендету;

9) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасын мынадай:

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан кем;

2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан кем;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан кем;

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан кем деңгейге дейін төмендету.»;

2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне

1-қосымша

 

Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне 5-қосымша

 

Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесі

 

№

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесі пайызбен

 

I топ

1.       

Қолма-қол теңге

0

 

2.       

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы

0

 

3.       

Тазартылған бағалы металдар

0

 

4.       

Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар

0

 

5.       

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

0

 

6.       

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар

0

 

7.       

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

0

 

8.       

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

0

 

9.       

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген қарыздар

0

 

10.   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын өзге де талаптар

0

 

11.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

 

12.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму банкіндегі салымдар

0

 

13.   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

0

 

14.   

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі

0

 

15.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

 

16.   

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

 

17.   

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған бағалы қағаздар

0

 

18.   

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар

0

 

19.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

 

20.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

 

21.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ»-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

0

 

22.   

Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

0

 

II топ

23.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң «АА-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы

20

 

24.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

20

 

25.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

20

 

26.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

20

 

27.   

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына берілген қарыздар

20

 

28.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

20

 

29.   

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдігімен жабылған қарыз сомасының бір бөлігі үшін берілген қарыздар

25

 

30.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

20

 

31.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

 

32.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

 

33.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

20

 

34.   

Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дебиторлық берешегі

20

 

35.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

20

 

36.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

 

37.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

 

38.   

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар

20

 

39.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

 

40.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

 

41.   

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ААА»-дан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzAAA»-дан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

20

 

42.   

Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

20

 

III топ

43.   

Тазартылмаған бағалы металдар

50

 

44.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

50

 

45.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

50

 

46.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

50

 

47.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

50

 

48.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»- тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

50

 

49.   

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды

35

 

50.   

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар

35

 

51.   

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаға қайта берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар

35

 

52.   

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнын қоса алғанда 51 (елу бір) пайыздан 85 (сексен бес) пайызға дейінгі шекте болады

50

 

53.   

Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда)

100

 

54.   

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) кемінде 35 (отыз бес) пайызы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

100

 

55.   

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) 35 (отыз бес) пайыздан астамы және кемінде 50 (елу) пайызы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

75

 

56.   

Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) 50 (елу) пайыздан астамы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

50

 

57.   

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар:

1) қарыз сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды;

2) қарыз валютасы – теңге

2024 жылғы
1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін
– 50
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-– 75

 

58.   

Синдикатталған қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғаларға теңгемен берілген қарыздар

2024 жылғы
1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда
– 50

 

59.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

 

60.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

 

61.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

50

 

62.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

50

 

63.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

 

64.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

 

65.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

 

66.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

 

67.   

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізімінің «Негізгі» немесе «Баламалы» алаңының «Борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар:
1) эмитенттің бір бағалы қағаздар шығарылымына салынған инвестициялар меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздар шығарылымының валютасы – теңге.

50

 

68.   

Банк баланста ұстап қалатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzА+»-тен «kzА-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

50

 

69.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ-»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

50

 

70.   

«Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамына және «KASE» клирингтік орталығы» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

50

 

71.   

Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда)

50

 

IV топ

72.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

100

 

73.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

100

 

74.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

100

 

75.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

100

 

76.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар

100

 

77.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар

200

 

78.   

Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар

100

 

79.   

Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарына, сондай-ақ тиісті рейтингтік рейтингі жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарына 1 (бір) жылдан астам мерзімге шетел валютасында берілген қарыздар бағалау және келесі критерийлерге сәйкес:

- қарыздың кемінде 50 (пайызы) ұлттық валютада берілген;

- қарыздың кемінде 50 (пайызы) қатты кепілмен қамтамасыз етілген

100

 

80.   

Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар

200

 

81.   

Банк есептейтін төмендегі өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыз: 2017 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында ай сайын қарыздарды мониторингтеу кезінде:

1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшерінің 9-тарауына сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады;

2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабылған қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген;

3) қарыздарды ай сайынғы мониторингтеу кезінде осы жолдың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген есептеуге арналған ақпарат жоқ.
Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді

150

 

82.   

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыз (осы кестенің 79-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қарыздарды және Нормативтерге 5-1-қосымшада көрсетілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда)

100

 

83.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

 

84.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

 

85.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар

100

 

86.   

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі

100

 

87.   

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

 

88.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен»В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

 

89.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

 

90.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен»В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

 

91.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

 

92.   

Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

100

 

93.   

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

100

 

94.   

ІV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

100

 

95.   

Төлемдер бойынша есептеулер

100

 

96.   

Негізгі құрал-жабдықтар

100

 

97.   

Материалдық қорлар

100

 

98.   

Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

 

V топ

99.   

Банктің қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары

100

 

100.           

Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы

100

 

101.           

Банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы және Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының және Нормативтердің 11-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс соманың жиынтығында 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі бар қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестицияларының сомасы

250

 

102.           

Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын инвестициялары

150

 

103.           

Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) банктің меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан асатын инвестициялары

1250

 

104.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

150

 

105.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

150

 

106.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

150

 

107.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

150

 

108.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берілген қарыздар

150

 

109.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар

200

 

110.           

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларға немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар; Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

 

111.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

 

112.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

 

113.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар

150

 

114.           

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдивия Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

 

115.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

 

116.           

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдивия Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

 

117.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

 

118.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

 

119.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

 

120.           

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

 

121.           

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
25) Маврикий Республикасы;
26) Мальдивия Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

 

122.           

Банк баланста ұстап қалатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

 

123.           

V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

150

 

 

 

 

Салымдардың кредиттiк тәуекел

дәрежесi бойынша
мөлшерленген банк активтерiнiң

кестесіне қосымша

 

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме

 

  1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;

қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

  1. Банктің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарының қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар қарыздар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің «А-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері бар сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне енгізіледі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің «А-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері бар қамтамасыз етудің түзетілген құны сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.

  1. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.

Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

  1. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне осы Түсіндірменің (бұдан әрі - Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

2) офшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаға тәуелді немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

3) офшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын

Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

  1. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;

2) офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе офшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;

Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

  1. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:

ипотекалық тұрғын үй қарызы деп тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз түсініледі;

тұтынушылық банктік қарыз деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз түсініледі.

  1. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
  2. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.
  3. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі.
  4. Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Кестеге немесе Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесін мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес қарыз бойынша кредит тәуекелінің дәрежесі Нормативтерге 5-1-қосымшаға (бұдан әрі - Мәндер) сәйкес егер осындай қарызға қатысты қарыз алушы-жеке тұлға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының 19-тармағына сәйкес жасалған оңалту жоспарын орындауды жүзеге асырса, екі есе азайтылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оңалту жоспарын қарыз алушы-жеке тұлға орындамаған жағдайда, қарыз Кестеге немесе Мәндерге сәйкес кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

  1. Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

банк қызметін реттеу мәселелері

бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік

құқықтық актілерінің тізбесіне

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2018 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 317 қаулысына

2-қосымша

 

Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

 

  1. Осы Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес әзірленді.

1-1. Осы Әдістеменің банктерге қатысты қолданылатын ережелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі - № 23 нормативтер) сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган):

осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін ай сайын есептіліктің деректер қорында банк қызметін талдауды жүзеге асырады;

осы қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін тоқсан сайын есептіліктің деректер қорында банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады.

  1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiнде, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiнде (бұдан әрі - № 170 нормативтер) немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде (бұдан әрі - № 144 нормативтер) немесе № 23 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге (нөл бүтін оннан бір) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;

2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).

Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

мынадай талаппен:

ТЖҚ6>80%МҚ6 және (ЖҚБ6 – ЖҚБ0)> (ПР6 – ПР0), мұнда:

ТЖҚ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

МК (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге, № 144 нормативтерге немесе № 23 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;

ЖҚБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

Пр (ай) - жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп № 23 нормативтерге сәйкес есептелетін резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;

4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

 

МҚ61-90- қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).

Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

- есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

- есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:

ТҚ - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

НП - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

келесі талап орындалған жағдайда

ЖДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек;

ДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек;

А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.

Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.

Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі.

Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;

7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.

Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

БТК (0ТШ) (n) - табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;

Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

Т к - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:

А - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.

Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;

n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;

8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі.

Ұлттық валютадағы бос активтерге:

қолма-қол ақша;

корреспонденттік шоттардағы қаражат;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;

шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар;

банктердегі овернайт - салымдары;

кері репо - овернайт;

2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді.

Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге:

жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

басқа банктердің овернайт - салымдары;

2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді.

Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі:

n - бір айдағы күнтізбелік күндердің саны.

Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген факторды есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі;

9) жұмыс істемейтін қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмай, банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасы, мына формула бойынша есептеледі:

жұмыс істемейтін қарыздар / НП > =10%, мұнда:

жұмыс істемейтін қарыздар - олар бойынша құнсыздану белгілері анықталған заңды және жеке тұлғаларға берілген, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар, бастапқы тану уақытында құнсыздану туралы растауы болған қарыздар түрінде сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері;

НП (ай) - белгілі бір айдың соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);

10) бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасы мына формула бойынша есептеледі:

 ≥ 45%, мұнда

ПР – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін «РЕПО» операцияларының баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәні;

МІН – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін жиынтық міндеттемелердің баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәні.

Бұл ретте «РЕПО» операциялары сомасының міндеттемелер сомасына қатынасы әрбір жұмыс күні 45 (қырық бес) пайыздан аспауға тиіс.

Бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының мәні, сондай-ақ «РЕПО» операциялары сомасының осы тармақшада көрсетілген әрбір жұмыс күніндегі міндеттемелер сомасына қатынасы:

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан аспайды;

2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан аспайды;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аспайды;

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың 7) тармақшасы № 23 нормативтерінде көзделген (k1) резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігі коэффициенті 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) коэффициентіне тең немесе төмен болған жағдайда қолданылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің нәтижесі (таза кірістер немесе таза шығыстар) түсініледі.

  1. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады.
  2. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі - № 309 нормативтер) көзделген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту;

2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең мәндерінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;

3) есепті тоқсанда банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының банк конгломератының меншікті капиталынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) деңгейіне дейін ұлғайту.

  1. Банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптарының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 болып тіркелген, «Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған банк конгломератының топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау бойынша есепте көзделеді.

Банк конгломератына қатысушылардың арасындағы топішілік мәмілелер бойынша банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының нақтылы құнының № 170 Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы 1. «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) баланстық құн – бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы; 2) инвестициялық қарыз (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз: қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды; қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады; қарыз (кредит) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және модернизациялауға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға беріледі; 3) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта түсетін мүлік және ақша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты бойынша, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа аударылатын ақша түсімі бойынша мемлекеттік серіктестікке қойылатын талап құқықтарын, сондай-ақ Нормативтердің 2-2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келгенде банктік қарыз шарты бойынша кепіл болып табылатын офтейк-келісімшарты бойынша болашақта түсетін ақшаны қоспағанда), оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақшаны қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ+» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарымен, экспортты қолдауға мемлекеттік кепілдік берілген Қазақстанның Экспорттық несие агенттігімен, (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтинг агенттігінің кемінде «А» рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымдарымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын, жағдайлары Нормативтердің 2-1-тармағында көзделген сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ+» төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің «В-» төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының және (немесе) халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) (ЕБИТДА) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары (Нормативтердің 2-3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін астық қолхаттары бойынша талап ету құқықтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда); 4) кепілсіз тұтынушылық қарыз – мыналарды қоспағандағы тұтынушылық қарыз: берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін жылжымайтын мүлікке құқықтар кепілімен, міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар; тіркелуге тиіс, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар; берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар; берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздар; білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар; тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздар; 5) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек; 6) қарыз алушы - қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 7) провизиялар (резервтер) - қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер; 8) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға; 9) тұрақты AQR – тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер активтерінің және шартты (ықтимал) міндеттемелерінің сапасын жыл сайынғы бағалау; 10) офтейк-келісімшарты - тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім; 11) SREP – бизнес модельді, капитал тәуекелдерін, өтімділік тәуекелін, банктің корпоративтік басқару жүйесін бағалауды сандық және сапалық талдау арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын банктер қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалаудың жыл сайынғы қадағалау процесі.»; 81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «81. Банктер 2018 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептеу нәтижелерін уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсына отырып, нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептейді. Нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді: 2019 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығында – 1; 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8; 2024 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1. Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті: клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне; шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға; банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді. Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 9 (тоғыз) айға дейінгі мерзімде нетто тұрақты қорландыру коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді. Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда онда тұрақты қорландырудың нетто коэффициентінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы болып табылады.»; 5-қосымша Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі-Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2. «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында: 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады: 1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді: провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру; төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру: шешімдер қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі), Банктер туралы заңның, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң), «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау; басқарушылық, реттеушілік және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау; бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы; қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту; кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-әрекет рәсімдерінің болуы; бекітілген провизияларды және ішкі капитал жеткіліктілігін бағалау процесін құру әдістемесінің шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін залалдарға сәйкестігін бағалау кіретін тиімді ішкі бақылау жүйесін құру; 1-1) 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 2) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді: банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары; кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары; кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері; қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі. Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейін банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асатын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; жылжымайтын және басқа мүлігінің болуы; қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында; борыштық жүктеме; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса); басқа да берешегінің болуы; банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар; білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат; әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары; ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат; қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат. Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы; борыштық жүктеме; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса); банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар; білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат; әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары; ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат (бар болса). Егер заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын болса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушы-заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін және негізгі қаржылық коэффициенттерін (рентабельділігі, меншікті және қарыз қаражатының арақатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары (қаржы ұйымдарына қарыздар беру, қаржы ұйымдарында салымдарды орналастыру, 6 (алты) айдан аз мерзімге кредиттік желі ашу жағдайларын қоспағанда), кірістер деңгейін талдау. Банк алдындағы жиынтық міндеттемелері банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын қарыз алушының талдау үшін қабылданатын қаржылық есептілігі (мерзімі 6 (алты) айдан кем овердрафттар, кредиттік карталар, кредиттік желілер түрінде қаржыландыру жағдайларын қоспағанда), мынадай талаптарға сәйкес келеді: баланстың материалдық (маңызды) құрауыштары (баланс валютасынан 5 (бес) пайыздан астам) және (немесе) пайда мен зияндар туралы есеп (түсімнен 5 (бес) пайыздан астам) бойынша шоттардың талдамасымен есептіліктің негізгі үш нысанының болуы. Бұл талап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс), Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch Ratings Inc. (Фич Рейтингс) агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар жария компанияларға, жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін компаниялар куәландырған аудиттелген қаржылық есептіліктің болуы жағдайларына қолданылмайды; қаржылық есептіліктің барлық нысандары арасындағы толық сәйкестік; ұсынылған қаржылық есептіліктің астында қарыз алушының жауапты (уәкілетті) тұлғаларының қолдарының болуы. Қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда кез келген мақсаттар үшін аудиттелген қаржылық есептілікке басымдылық беріледі, сондай-ақ оны салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. Жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілікті салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап салық декларациясының болуы (Салық кодексіне сәйкес салық декларациясын тапсыру талап етілген жағдайда) және бір кезең үшін құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу үшін пайдаланылатын қаржы есептілігіндегі деректермен салық декларациясындағы деректердің қайшылығының болмауы талап етіледі. Қаржылық және салықтық есептілік көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарға бухгалтерлік және салықтық есепке алу айырмашылықтарына байланысты жол беріледі. Өзге жағдайларда есептілік нысандары арасындағы деректердің айтарлықтай алшақтығының себептері қарыз алушы бойынша банктің жауапты бөлімшесінің қорытындысында сипатталады және банктің уәкілетті алқалы органы қарайды. Банк ішкі құжаттардағы айырмашылықтардың маңыздылығын белгілейді. Белгіленген шектер болмаған жағдайда түсім, қорытынды қаржылық нәтиже, активтердің рентабельділігі көрсеткіштері бойынша 30 (отыз) пайыздан астам мөлшерде айырмашылықтар (бірақ олармен шектелмей) елеулі алшақтықтар болып табылады. Қаржылық есептілік объективті болған жағдайда банк қаржылық есептілікті құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу мақсатында пайдаланады. Қаржылық есептілік және (немесе) салық декларациясы болмаған жағдайда (Салық кодексіне және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес оларды тапсыру талап етілмеген жағдайда) қарыз алушының активтері және өзге де табыс көздері туралы ақпарат (банк шоттары бойынша үзінді көшірмелер, меншікте тиісті активтердің болуын растау) сұратылады. Құнсыздану белгілері мен құнсыздану санаттарын бағалау шеңберінде қарыз алушылардың, тең қарыз алушылардың, кепілдік беруші мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін шоғырландырылған түрде пайдалануға жол беріледі. Қарыз бойынша күтілетін ақша ағындарын есептеу мақсатында қарыз алушының қаржылық есептілігін (оның ішінде банк тарапынан) оның төлем қабілетсіздігі басталған жағдайда қарыз алушымен оның берешегін өтеу бойынша шарттық міндеттемелері бар тұлғалардың (оның ішінде қарыз алушымен байланысты) есептілігімен, сондай-ақ егер осы тұлғаның активтері қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылса, қарыз алушымен осындай шарттық міндеттемелері жоқ тұлғалардың есептілігімен шоғырландыруға жол беріледі. Банк осы тармақшаның отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарында белгіленген талаптарды сақтамай қарыз берген жағдайда, қарыз алушының барлық міндеттемесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі - ХҚЕС) бойынша құнсызданған активтерге жатады; қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында қарыз берешегінің болуы; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредит тарихы); өтімді активтердің деңгейі; борыш жүктемесі; алдындағы берешекті өтеудің өзге көздерінің болуы; болжамды бос ақша ағындары; қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жай-күйі, даму перспективалары, өндіріс пен өткізу нарықтарының әртараптандырылуы және қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамалары, мысалы, қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін көрсету, операциялар географиясы, бизнестің циклділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгеріс, экономика секторына кірудегі кедергілер және компанияның табыс алу мен бағаларды ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін басқа да факторлар); басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел); қарыз алушының меншік иелерін бағалау; сот талқылауларына тартылу фактілерінің болуы; сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енгізу. Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы қарыз; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); борыштық жүктеме; банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; тиісті саланы дамыту перспективалары. Кредиттеу саласына және қарыз алушының типіне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жиыны өзгеріп отырады. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредиттік саясат олар болған кезде қарыз алушының кредиттік қабілеттілігіне талдау жүргізілмейтін жағдайларды айқындайды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік қарсы кепілдікке шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру). Қазақстан Республикасының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа бір рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауы қарыз алушының кредит алуға өтініші банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы деңгейінде немесе қарыз алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кіретін ұйымның ондай талдауын пайдалануға жол беріледі; қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде негізділік, мақсатқа лайықтылық және тәуелсіздік ұстанымдарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен талаптарының сипаттамасын қамтитын қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі. Банк қарыз алушының қайта құрылымдау жағдайлары мен түрлерін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі - № 269 қаулы) сәйкес айқындайды. Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын есепке ала отырып, қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды. Шартты міндеттемелерді қоса алғанда, жалпы берешегі мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыздан асатын, қарыз алушылардың және (немесе) бір-бірімен байланысқан қарыз алушылар тобының қарыздарына № 269 қаулысына сәйкес айқындалатын мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді банк басқармасы немесе құрамына банк басқармасының төрағасы кіретін банктің алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайын банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі; мынадай факторларды есепке ала отырып (бірақ олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді тәсілдері: тәсілді пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы; экономикалық тиімділігі; қарыз алушының және (немесе) контрагенттің типі, олардың қаржылық жай-күйі; 3) банк кредиттік қызметін оларға кредиттік тәуекел тән операцияларды жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді: әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) контрагенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттеудің әрбір түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары; қарыз алушының және (немесе) контрагенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар; кредиттеу секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредиттеудің ішкі тәртібі; кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдалану ішкі тәртібі; оған сәйкес кредит берілетін рейтингтің мүмкін болатын ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса); кредиттік саясаттан, стандарттардан, процедуралардан, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдау, бекіту және талдау ішкі тәртібі және процедуралары; кредиттеу лимиттерін және (немесе) қарыз алушыларды талдауды ескерумен, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын есепке ала отырып кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредиттеу лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша кредиттеу лимиттері валюталар, салалар, қарыз алушылардың (контрагенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, жеке кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді; кредит беру туралы өтініштерді қарау, мақұлдау, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау ішкі тәртібі, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты; кепілдік қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындайтын ішкі тәртіп: банктің жекелеген өнімдері үшін, оның ішінде қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін кепіл түрлері және олардың жарамдылық өлшемшарттары; кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепіл құрылымына қойылатын талаптар; өнімнің түріне және банктің кредиттік портфелінің құрылымына байланысты кепіл түрлері бойынша лимиттер; өтімді және жоғары өтімді кепілді анықтау; қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса) не қолда бар бағалау); қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы жоғары өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициенті, (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса), не қолда бар бағалау); кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындай отырып, кепілді қарап-тексеруді жүргізуге қойылатын талаптар (барлық кепілдердің жалпы санының кемінде 20 (жиырма) пайызын тәуелсіз іріктеуді қамтамасыз ете отырып, ипотекалық кредиттеу шеңберінде қарап-тексеруді іріктеу тәсілімен жүргізуге жол беріледі); кепіл түріне байланысты талаптарды белгілей отырып, кепілмен қамтамасыз етумен мониторинг жүргізу және жұмыс істеу тәртібі; кепіл мүлкін қайта бағалауға қойылатын талаптар; кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер, оның ішінде кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепілді тіркеуге қойылатын талаптар; қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы; өткізу және өндіріп алудың шекті мерзімдерін қоса алғанда, кепіл және банк өнімі түріне байланысты кепілдік қамтамасыз етуді өткізу рәсімдері; егер қарыз алушыға берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын болса және бағалау объектісі республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтары болып табылатын қалалардағы жылжымайтын мүлігі болып табылатын жағдайын қоспағанда бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (барабарлығы); әртүрлі өлшемдерге (бағалауға қате көзқарас, бағалаушы мен қарыз алушының үлестес болуы, бағалаушы мен банктің, оның ішінде кепіл қызметі қызметкерлерінің үлестес болуы) және кепілмен қамтамасыз етудің өтімділігіне қарай бағалаушы айқындаған кепіл құнына қатысты дисконттарды белгілеуге қойылатын талаптар. Банк ол бойынша кепілзат жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер (жер қойнауын пайдалану құқықтары) қойылатын қарыз беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарайды. Соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құн 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, банк бағалаушының кепілзатты бағалау жүргізуін (жылына кемінде 1 (бір) рет) қамтамасыз етеді. Банк ХҚЕС-ке, сондай-ақ № 269 қаулының талаптарына сәйкес соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) асатын кепілдер есептік көрсеткішті, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, кепіл бойынша кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері болған жағдайда уәкілетті тіркеуші органда оның түріне қарамастан кепілдің тіркелуін қамтамасыз етеді. Банк қызметкерлері тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі банктің ішкі бағалауды қалыптастыру кезінде бағалауға жол берілетін тәсілдерге қойылатын талаптарды нақты формалдауды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, бағалауға дұрыс тәсілдерді пайдалануды, атап айтқанда: осы тәсіл шеңберінде кепіл түріне байланысты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленеді; кепіл құнын бағалау кезінде сараптамалық бағалау қолданылған жағдайда, осындай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, регламенттелген процес қамтамасыз етіледі; соңғы 4 (төрт) тоқсандағы не аяқталған күнтізбелік жылдағы объект бойынша теріс операциялық ақша ағындары немесе EBITDA (пайыздарды, салықтарды төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда, тозу және есептелген амортизация) теріс мәні кезінде кіріс тәсілі шеңберінде дисконтталған ақша ағындары негізіндегі тәсілді қолдануға жол берілмейді. Бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды: компанияны инвестициялық сатысында бағалау, сондай-ақ егер бағаланатын компанияның балансында активтер, оның ішінде ақша ағындарын құруға қабілетті келісімшарттар болған; растаушы ақпарат немесе нарықтық деректер болған жағдайда ақша ағынын құруға қабілетті объектілерді бағалау. Объектінің құнын есептеу кезінде кіріс тәсілі шеңберінде есептеу банктің ішкі құжаттарында белгіленетін бағалау объектісінің тәуекел деңгейіне сәйкес келетін дисконттау мөлшерлемесі пайдаланылады. Салыстырмалы тәсіл шеңберінде объектінің құнын есептеу кезінде нарықта орын алатын неғұрлым өзекті мәмілелер туралы ақпарат және (немесе) бағалау объектісімен салыстырылатын объектілерді сату туралы ұсыныстар пайдаланылады, ал олар болмаған жағдайда тиісті түзетулер қолданылады. Банктің кепіл қызметі бөлімшесі тарапынан, оның ішінде бағалаушы белгілеген кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі оған ұқсастар тізбесіне және оларды салыстырмалы деп тану өлшемшарттарына қойылатын талаптардың нақты ресімделуін қамтамасыз етеді, бірақ олармен шектелмейді: объектінің типі және (немесе) кіші түрі; объектінің орналасқан жері; объектінің жалпы ауданы; үй-жайлардың жай-күйі, бағалау объектісінің сыртқы жай-күйі; объектінің нысаналы мақсаты; объектінің өзге де техникалық сипаттамалары. Кепіл қызметінің бөлімшесі бағалаушылардың әрбір есебі бойынша ішкі тәртіп негізінде кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды. Банк бағалаушы айқындаған кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдаудың ішкі тәртібін әзірлейді, ол мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ онымен шектелмейді: кепіл түріне байланысты бағалау тәсілдерін қолдану тәртібі; бағалау есептеулерінің дұрыстығына қойылатын өлшемшарттар мен талаптар; болжамдарды, түзетулерді және сараптамалық пайымдауларды пайдалану бөлігіндегі талаптар мен шектеулер; толық және негізделген есептеулердің болуы; кепіл объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық ақпараттың болуы; кепіл нысанасын міндетті түрде тексеру және бейне-, фототүсірілім жүргізу; құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасының болуы; банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнында (10 (он) пайыздан астам) елеулі айырмашылыққа әкеп соққан себептер мен өлшемшарттарды анықтау. Бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнындағы елеулі (10 (он) пайыздан астам) айырмашылық анықталған кезде банк айырмашылыққа әкеп соққан мән-жайлар бойынша ақпаратты кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына енгізеді. Банк кепілді дұрыс бағаламау мүмкіндігін болдырмау үшін олар бойынша кепілді қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына ақпарат енгізілген бағалау туралы есептерге талдау жүргізеді. Қарыз беру туралы шешім қабылдау шеңберінде банк барлық өлшемдерді ескере отырып, бағалаушы айқындаған кепіл құнының объективтілігін (барабарлығын) бағалау қорытындылары бойынша айқындалған кепіл құнын пайдаланады. Қабылданған шешімдерді белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестігі тұрғысынан бағалау Қағидалардың 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің уәкілетті алқалы органына жеткізеді. Банк қызметіндегі елеулі ауытқуларды болдырмау мақсатында банктің уәкілетті алқалы органы қарыз көлеміне (сомасына) және (немесе) ауытқулар санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Банк мыналарды: қарызды және (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін және (немесе) қарыз алушы оның құнын бағалауды қоса алғанда, банктің балансындағы кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі деректер банкінің клиенті болуын тоқтатқаннан кейін банктің ішкі жүйелерінде кемінде 5 (бес) жыл сақтауды; банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы жаңартуды және тәуекел-метрикаларды (PD, LGD, EAD), провизиялар мен капиталды есептеуге жауап беретін модульдерге, сондай-ақ басқарушылық, қаржылық және реттеушілік есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға жауап беретін модульдерге деректерді автоматты түрде ауыстыруды; қолмен түзетуді қолданғанға дейінгі бастапқы деректерді, қолмен түзетуді қолдануға жауапты тұлғалар туралы деректерді қоса алғанда, кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді кез келген қолмен түзету туралы деректерді автоматты түрде тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді. Сақтауға жататын кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректер мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді): бағалау объектісінің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне, бизнес-сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - ЖСН) кепіл берушінің, қарыз алушының, тең қарыз алушылардың және кепілгерлердің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН және ЖСН-нен өзгеше болса,) байланыстыру және байланысты қарыз алушылардың сәйкестендіруші топтары мен байланысты қарыз алушылардың барлық БСН немесе ЖСН-нің нақты көрсетілуі; кепілмен қамтамасыз етудің түрі мен кіші түрі; бағалау объектісінің кадастрлық нөмірі (егер қолданылса); бағалау объектісінің орналасқан жері (елі, өңірі, мекенжайы); банк жүйесінде кепіл шартын тоқтатудың күні; дисконттарды кепілмен қамтамасыз етуге қолданғанға дейінгі нарықтық құны; кепілмен қамтамасыз етуге бағалау (қайта бағалау) жүргізу күні; әрбір бағалау объектісі бойынша, оның ішінде банк балансындағы ағымдағы кепіл және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша, сондай-ақ банк өткізген барлық бағалау объектілері бойынша кемінде 5 (бес) жыл кезең үшін қолданылған дисконттар. № 269 қаулысына сәйкес дисконттар арасында өндіріп алу ықтималдығы және (немесе) өткізу ықтималдығы, сатуға дейінгі күтілетін мерзім, қолданылған дисконттау мөлшерлемесі және индекстер, сатуға арналған күтілетін шығыстар, өтімділік коэффициенттері қолданылмаған жағдайда дисконт мәндері туралы ақпаратты сақтау қамтамасыз етіледі; барлық дисконттарды, оның ішінде ұлттық валютадағы баламасын есепке алғаннан кейінгі нарықтық құн; провизияларды есептеу кезінде пайдаланылатын кепілмен қамтамасыз ету құны; бағалау объектісінің ауыртпалық белгісі; бағалау объектісінің ауыртпалық кезектілігі; кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы (заңды немесе жеке тұлға, атауы, бірегей сәйкестендіруші) туралы мәліметтер; бағалау объектісіне ауыртпалықтың болуын растау күні; қарыз алушы немесе қарыз деңгейіндегі бағалау объектісі бойынша банктің талап ету құқықтарының кезектілігі; қарыз алушы мен қарыз деңгейіндегі кепілдер үшін қамтамасыз етудің аллоцирленген құны (олардың бірегей сәйкестендірушісіне сілтеме жасай отырып, әрбір қарыз алушыға кепіл мүлкінің үлесін көрсете отырып); кепілмен қамтамасыз етуді бағалау тәсілі; пайдаланылатын аудан бірлігі; бағалау объектісінің жалпы, пайдаланылатын алаңы (егер қолданылса); бағалау күніне жалға берілетін алаңның үлесі (егер қолданылса); жалға беру үшін ықтимал қолжетімді алаңның үлесі (егер қолданылса); 4) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы. Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады. Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады. Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды; 5) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда - бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді. Активтерді жан-жақты талдауда: қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD); қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD); дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD); тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішінде; кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін; бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау; Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды: КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды; күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады; 6) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы. Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, ол мыналарды қамтиды: проблемалық активтердің анықтамасы; проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқа әдістер); проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері; проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері; мүдделі бөлімшелердің тізімі және проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимылының ішкі тәртібі; директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті ұсынудың ішкі тәртібі; банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері; 7) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы. Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне талдауды: провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау; ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау; провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы жүргізеді. Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады. Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады. Банк болжамды макроэкономикалық ақпараттың әсерін есепке алуға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дефолт ықтималдығын бағалаудың әрбір моделі сәйкес келетін егжей-тегжейлі талаптарды сипаттайтын дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің жалпы әдіснамасын әзірлеуді (жаңартуды) қамтамасыз етеді. Дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің әдіснамасы мынадай талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: кредиттік құнсыздануды анықтау; пайдаланылатын деректердің сапасы, маңыздылығы және көлемі; модельдерді әзірлеу және тестілеуге арналған модельдерді қалыптастыру әдіснамасы; модельдің жекелеген блоктарының болуы (оның ішінде қаржылық, сапалық факторларды, мемлекеттік немесе топтық деңгейде қолдау мүмкіндігін есепке алу жөніндегі талап) және олардың түпкілікті PD айқындаудағы ең жоғары салмағы; кредиттік құнсызданудың байқалатын деңгейлері негізінде модельді калибрлеу әдіснамасы (кредиттік құнсыздану деңгейлерінің нақты статистикасы негізінде модельді калибрлеу); макро-сценарийлерді әзірлеу және есепке алу бойынша талаптар, миграция матрицаларын есептеу және қолдану әдіснамасы бойынша; жетекші рейтинг агенттіктерінің кредиттік шкалаларымен үйлесімді валидтік кредит шкаласын әзірлеу; PD әр түрлі түрлерін есептеу (он екі айға, бүкіл жарамдылық мерзіміне (lifetime PD), қазіргі сәтте (PIT PD) және циклдік (TTC PD) бастапқы тану кезінде); қаржылық кепілдіктер бойынша PD моделін есептеу; бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді пайдалану немесе сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдер арқылы жылдық PD бағалау. Модельді әзірлеу шеңберінде: скорингтік модельді қолдану кезінде әзірлеу үшін іріктеме қарыз алушыларының әрқайсысы бойынша скоринг балын есептеу; скорингтік модельді қолдану кезінде модельді калибрлеу, яғни скоринг балын портфель бойынша кредиттік құнсызданудың байқалатын тарихи деңгейінің модельдерін пайдалана отырып, PD мәніне ауыстыру; макроэкономикалық жағдайды есепке алу және PD TTC-ті PD PIT-ке аудару моделін әзірлеу; жылдық PD-ды бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді не сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдерді пайдалану арқылы бағалау; модельді әзірлеу кезінде дефолттардың бақыланатын деңгейі бойынша тарихи деректердің өзекті көлемін таңдауды және күтілетін макрокөрсеткіштер негізінде PIT мәндерін калибрлеуді көздеуі тиіс; статистикалық негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін Қазақстан Республикасының PD-ге сәйкес келетін PD-дің ең төменгі шегін белгілеу. Банк барлық тәуекел-метрикалардың (PD, LGD, EAD), құнсыздану сатыларының және провизиялардың банктің ішкі жүйелерінде автоматты түрде есеп айырысуды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаю оқиғаларын, ХҚЕС бойынша құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғаларды, құнсыздану санаттарын айқындауды қамтамасыз етеді. Банк мынадай деректердің (бірақ олармен шектелмей) қарызды (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін жүйелерде кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді: SPPI тесттен өту немесе өтпеу нәтижелері; 9 ХҚЕС-ке сәйкес қаржы құралын жіктеу; құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғалар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме бойынша әрбір оқиға үшін жеке деректер өрісі); қарыз алушының құнсыздану сатысы; жеке бағаланатын қарыз алушылар үшін «going-concern» және «gone-concern» әдістері бойынша сценарийлердің ықтималдылығы; тиімді пайыздық мөлшерлеме (бастапқы және ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер); дефолт деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; қайтарым деңгейлері (міндеттемелердің сомасы бойынша - сауығуды ескере отырып және сауығуды есепке алмай) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; қайта құрылымдау деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша - қайта құрылымдау бойынша жеке және мәжбүрлі қайта құрылымдау бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; сауығу деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; есептен шығару деңгейлері (міндеттемелер сомасы бойынша - ішінара есептен шығару бойынша жеке және толық есептен шығару бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде); PD мәндері (оның ішінде әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін берілген сәттен бастап және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде); тану сәтіндегі және қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме мерзімі ішіндегі әрбір айға арналған он екі айлық PD және lifetime PD мәндері; LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; EAD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін EAD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; кредиттік шығындар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін күтілетін кредиттік шығындар мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндері (RWA) (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін RWA мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; кредиттік конверсия коэффициенттері; қарыз алушының баланстық және баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы (соңғы 5 (бес) жыл бойынша); қарыз алушының есептен шығарылған қарыздары (соңғы 5 (бес) жыл бойынша); провизиялардың қорытынды мәні (қарыз алушы деңгейінде және міндеттеме деңгейінде); БСН немесе ЖСН-ге және ішкі бірегей сәйкестендірушілеріне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) қарыз алушы мен қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттемені байланыстыру; БСН немесе ЖСН және ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) барлық бірлесіп қарыз алушылар мен кепілгерлерді байланыстыру; банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобының бірегей сәйкестендірушісіне байланыстыру; банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобы қатысушыларының БСН немесе ЖСН-не байланыстыру; құнсыздану сатысын және провизияларды есептеу үшін талап етілетін, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштері; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектінің кәсіпкерлік санатына жататындығының белгісі; банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіміне тиесілілік белгісі; қайта құрылымдау және (немесе) мәжбүрлі қайта құрылымдау белгісі; қарыз бойынша және қарыз алушыға осы банктегі қарыздар бойынша қайта құрылымдауды жүргізудің барлық күндері. Банк жүйелері барлық қарыз алушылар, олардың баланстық және баланстан тыс міндеттемелері және банк портфельдері үшін кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю оқиғаларының және ХҚЕС бойынша құнсыздану оқиғаларының іске қосылу оқиғасының фактісін тіркейді және жүйелерде сақтайды; 8) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы. Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді. Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер: модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру; модельдің болжамды дәлдігін бағалау; рейтингтердің ауысуын талдау; рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады. Валидацияны 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет банктің тәуелсіз бөлімшесі не тәуелсіз үшінші тарапты тарта отырып жүзеге асырады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты болады, экономикада немесе банкті кредиттеудің ішкі процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады. Банктің тәуелсіз бөлімшесі 1 (бір) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізген скорингтік моделдердің ішкі валидациясы. Банктің тәуелсіз бөлімшесі скорингтік модельдердің ішкі валидациясын банктің ішкі құжаттарында провизияларды есептеуде пайдаланылатын өлшемдерді (қатысушылар, тексеру аясы, тексеру салалары, пайымдауларды дайындау өлшемшарттары, нәтижелерді ұсыну форматы, мерзімдері) валидациялаудың егжей-тегжейлі сипатталған процесін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, валидацияның толық процесін ресімдеу кезінде мүмкін болады. Банктің валидацияға жауапты тәуелсіз бөлімшесі тексеру процесін сипаттай отырып, нәтижелерді және маңыздылық дәрежесін ашып көрсете отырып, әрбір тексерілген параметр бойынша қорытынды қалыптастырады. Валидация нәтижелері толық негіздемесімен тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі. Валидация нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет модельге өзгерістер енгізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы мәселесі бойынша қорытындыны қамтитын хаттама жасайды. Модельді валидациялау шеңберінде мыналарды жүргізу талап етіледі, оның ішінде: модельдің реттеуші талаптарға сәйкестігін тексеру; модельді болжау дәлдігін анықтау үшін модельді бэк-тестингтеу (модель әзірленгеннен өзгеше іріктеулерде модельдің дәлдігін тексеру). Банк неғұрлым кейінгі бақылаулар негізінде модельдің релеванттығын тексереді; модельдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын деректердің маңыздылығы мен сапасын тексеру. Тексеру шеңберінде кейіннен моделін жасау үшін таңдаудың жеткілікті екендігіне эконометриялық тестілер арқылы көз жеткізу қажет; модельді тәуекел-метрикаларды бағалаудың басқа модельдеріне сәйкестігін тексеру; 9) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану. Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк: мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін; сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін; сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды; сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша): қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен; сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен; жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен; нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен; кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады; 10) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы. Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады: ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру; кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру; кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу. Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей): қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады: осы топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (Банктер туралы заңның 8-1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады. Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа): осы топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша: қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін - жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары; қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын - банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын - банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін - өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, стартап жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады. Осы тармақтың мақсаттары үшін: айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі; тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі: кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады; кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда; кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар. Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар: құжаттардың бұл тобына олардың негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады, ол мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді): кепіл құжаттамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар; бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі; банктің Қағидалары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалаушының кепілді бағалаудың барабарлығы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қорытындысы; кепіл нысанына берілген құқығын растайтын құжаттар; уәкілетті тіркеуші органдарда тіркелгені туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың көшірмесі. Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады; 11) басқарушылық ақпарат жүйесінің болуы және жұмыс істеуі. Банк мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей: кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы; банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы; байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы; ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы; қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы; провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы; қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы; лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы; саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.». 3. «Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі - банктер) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін: 1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі; 2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы; 3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы; 4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы; 5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі; 6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы; 7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі; 8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі; 9) жұмыс істемейтін қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының артық болуы; 10) бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының артық болуы. Осы тармақтың мақсаттары үшін: жұмыс істемейтін қарыздар деп олар бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен бекітліген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін құнсыздану белгілері анықталған заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, бастапқы тану сәтінде олар бойынша құнсыздану туралы растау болған қарыздар түрінде сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері түсініледі; қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі; қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді; банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін, осы тармақтың 9-тармақшасының факторларын есептеуде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген кредиттік-құнсызданған қарыздар есепке алынады; таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған: 1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша: өтімділік коэффициенттерін: ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4; мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1; мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1; мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9; мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1; мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1; мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу; 2) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша - меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу; 3) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша, - банктің несие портфелінде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу; 4) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейін төмендету; 5) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу; 6) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша - активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу; 7) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - ұлттық валютадағы өтеу коэффициентін кемінде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) деңгейге дейін жеткізу; 8) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген фактор бойынша - жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан кем деңгейге дейін төмендету; 9) осы қаулының 1 - тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген фактор бойынша, - бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасын мынадай: 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан кем; 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан кем; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан кем; 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан кем деңгейге дейін төмендету.»; 2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.   Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне 5-қосымша Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесі № Баптар атауы Тәуекел дәрежесі пайызбен I топ Қолма-қол теңге 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы 0 Тазартылған бағалы металдар 0 Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 0 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген қарыздар 0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын өзге де талаптар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму банкіндегі салымдар 0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі 0 Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі 0 Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары 0 Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары 0 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған бағалы қағаздар 0 Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 0 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ»-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар 0 Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 0 II топ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң «АА-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 20 Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына берілген қарыздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар 20 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдігімен жабылған қарыз сомасының бір бөлігі үшін берілген қарыздар 25 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар 20 Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дебиторлық берешегі 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 20 Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар 20 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «AA-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар 20 Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ААА»-дан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzAAA»-дан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары 20 Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 20 III топ Тазартылмаған бағалы металдар 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»- тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар 50 Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды 35 Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар 35 Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаға қайта берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар 35 Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнын қоса алғанда 51 (елу бір) пайыздан 85 (сексен бес) пайызға дейінгі шекте болады 50 Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) 100 Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) кемінде 35 (отыз бес) пайызы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) 100 Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) 35 (отыз бес) пайыздан астамы және кемінде 50 (елу) пайызы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) 75 Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес провизиялардың (резервтердің) 50 (елу) пайыздан астамы қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) 50 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар: 1) қарыз сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды; 2) қарыз валютасы – теңге 2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 50 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-– 75 Синдикатталған қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғаларға теңгемен берілген қарыздар 2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар 50 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар 50 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізімінің «Негізгі» немесе «Баламалы» алаңының «Борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар: 1) эмитенттің бір бағалы қағаздар шығарылымына салынған инвестициялар меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды; 2) бағалы қағаздар шығарылымының валютасы – теңге. 50 Банк баланста ұстап қалатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzА+»-тен «kzА-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары 50 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ-»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ+»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар 50 «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамына және «KASE» клирингтік орталығы» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар 50 Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда) 50 IV топ Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар 200 Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар 100 Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарына, сондай-ақ тиісті рейтингтік рейтингі жоқ Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарына 1 (бір) жылдан астам мерзімге шетел валютасында берілген қарыздар бағалау және келесі критерийлерге сәйкес: - қарыздың кемінде 50 (пайызы) ұлттық валютада берілген; - қарыздың кемінде 50 (пайызы) қатты кепілмен қамтамасыз етілген 100 Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар 200 Банк есептейтін төмендегі өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыз: 2017 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында ай сайын қарыздарды мониторингтеу кезінде: 1) қарыз алушы - жеке тұлғаның бір айлық орташа кірісін есептеу үшін соңғы 6 (алты) айдағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені немесе қарыз алушының банктің төлем карточкалары арқылы қарыз алушы өтініш берген күн алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жалақыны алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшерінің 9-тарауына сәйкес есептелген қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің деңгейі 0,35 асады; 2) берілген күн алдындағы соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде кез келген қолданыстағы немесе жабылған қарыз берешегі және (немесе) ол бойынша сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асады не мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен асатын мерзімі өткен төлемдерге 3 (үш) реттен артық жол берілген; 3) қарыздарды ай сайынғы мониторингтеу кезінде осы жолдың 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген есептеуге арналған ақпарат жоқ. Банктің осы жолдың жоғарыда көрсетілген тармақшаларының бірінде көзделген ақпараты болмаған жағдайда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар қамтамасыз етілмеген деп танылады және осы жолға сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді 150 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыз (осы кестенің 79-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қарыздарды және Нормативтерге 5-1-қосымшада көрсетілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 100 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар 100 Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі 100 Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен»В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен»В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 100 Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары 100 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар 100 ІV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 100 Төлемдер бойынша есептеулер 100 Негізгі құрал-жабдықтар 100 Материалдық қорлар 100 Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу 100 V топ Банктің қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары 100 Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы 100 Банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы және Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының және Нормативтердің 11-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс соманың жиынтығында 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі бар қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестицияларының сомасы 250 Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын инвестициялары 150 Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) банктің меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан асатын инвестициялары 1250 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берілген қарыздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар 200 Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларға немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 3) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 4) Багам аралдары достастығы; 5) Барбадос мемлекеті; 6) Бахрейн мемлекеті; 7) Белиз мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминикан Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 18) Кипр Республикасы; 19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Князьдігі; 24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 25) Маврикий Республикасы; 26) Мальдив Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Князьдігі; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 35) Палау Республикасы; 36) Панама Республикасы; 37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті; 38) Сейшел аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар 150 Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 3) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 4) Багам аралдары достастығы; 5) Барбадос мемлекеті; 6) Бахрейн мемлекеті; 7) Белиз мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминикан Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 18) Кипр Республикасы; 19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Князьдігі; 24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 25) Маврикий Республикасы; 26) Мальдивия Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Князьдігі; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 35) Палау Республикасы; 36) Панама Республикасы; 37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті; 38) Сейшел аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі 150 Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі: 1) Андорра Князьдігі; 2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 3) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 4) Багам аралдары достастығы; 5) Барбадос мемлекеті; 6) Бахрейн мемлекеті; 7) Белиз мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминикан Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 18) Кипр Республикасы; 19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Князьдігі; 24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 25) Маврикий Республикасы; 26) Мальдивия Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Князьдігі; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 35) Палау Республикасы; 36) Панама Республикасы; 37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті; 38) Сейшел аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 150 Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 150 Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: 1) Андорра Князьдігі; 2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 3) Антигуа және Барбуда мемлекеті; 4) Багам аралдары достастығы; 5) Барбадос мемлекеті; 6) Бахрейн мемлекеті; 7) Белиз мемлекеті; 8) Бруней Даруссалам мемлекеті; 9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 10) Вануату Республикасы; 11) Гватемала Республикасы; 12) Гренада мемлекеті; 13) Джибути Республикасы; 14) Доминикан Республикасы; 15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 16) Индонезия Республикасы; 17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 18) Кипр Республикасы; 19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы; 20) Коста-Рика Республикасы; 21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 22) Либерия Республикасы; 23) Лихтенштейн Князьдігі; 24) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 25) Маврикий Республикасы; 26) Мальдивия Республикасы; 27) Мальта Республикасы; 28) Маршалл аралдары Республикасы; 29) Монако Князьдігі; 30) Мьянма Одағы; 31) Науру Республикасы; 32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 33) Нигерия Федеративтік Республикасы; 34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 35) Палау Республикасы; 36) Панама Республикасы; 37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті; 38) Сейшел аралдары Республикасы; 39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті; 40) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 41) Сент-Люсия мемлекеті; 42) Тонга Корольдігі; 43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы 150 Банк баланста ұстап қалатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкала бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары 350 V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 150 Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесіне қосымша Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме 1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі. Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға: салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары; қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына; қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады. Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді. 2. Банктің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарының қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар қарыздар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің «А-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері бар сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне енгізіледі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтар қамтылған сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етуі бар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby practices, ISP98) немесе Талап бойынша кепілдіктер үшін бірыңғай ережелерге (Uniform rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің «А-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері бар қамтамасыз етудің түзетілген құны сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады. 3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі. Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді. 4. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне осы Түсіндірменің (бұдан әрі - Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген, мынадай: 1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген; 2) офшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаға тәуелді немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын; 3) офшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді. 5. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай: 1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА-»-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар; 2) офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе офшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын; Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді. 6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында: ипотекалық тұрғын үй қарызы деп тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз түсініледі; тұтынушылық банктік қарыз деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз түсініледі. 7. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет. 8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді. 9. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі. 10. Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Кестеге немесе Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесін мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес қарыз бойынша кредит тәуекелінің дәрежесі Нормативтерге 5-1-қосымшаға (бұдан әрі - Мәндер) сәйкес егер осындай қарызға қатысты қарыз алушы-жеке тұлға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының 19-тармағына сәйкес жасалған оңалту жоспарын орындауды жүзеге асырса, екі есе азайтылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оңалту жоспарын қарыз алушы-жеке тұлға орындамаған жағдайда, қарыз Кестеге немесе Мәндерге сәйкес кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді. 11. Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.   Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына 2-қосымша Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі 1. Осы Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес әзірленді. 1-1. Осы Әдістеменің банктерге қатысты қолданылатын ережелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі - № 23 нормативтер) сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі. 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган): осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін ай сайын есептіліктің деректер қорында банк қызметін талдауды жүзеге асырады; осы қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін тоқсан сайын есептіліктің деректер қорында банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады. 3. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады: 1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiнде, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiнде (бұдан әрі - № 170 нормативтер) немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде (бұдан әрі - № 144 нормативтер) немесе № 23 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге (нөл бүтін оннан бір) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі; 2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі: МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары). Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі: 3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі: мынадай талаппен: ТЖҚ6>80%МҚ6 және (ЖҚБ6 – ЖҚБ0)> (ПР6 – ПР0), мұнда: ТЖҚ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); МК (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге, № 144 нормативтерге немесе № 23 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал; ЖҚБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); Пр (ай) - жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері; Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп № 23 нормативтерге сәйкес есептелетін резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі; 4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі: МҚ61-90- қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары). Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі: - есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); - есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); 5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі: ТҚ - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); НП - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); 6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі: келесі талап орындалған жағдайда ЖДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек; ДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек; А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер. Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі: Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі. Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі. Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды; 7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі. Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: БТК (0ТШ) (n) - табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы; Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы; Т к - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті: А - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны. Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы; А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері; n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны; 8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі. Ұлттық валютадағы бос активтерге: қолма-қол ақша; корреспонденттік шоттардағы қаражат; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар; шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар; банктердегі овернайт - салымдары; кері репо - овернайт; 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді. Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге: жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары; заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары; басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары; басқа банктердің овернайт - салымдары; 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді. Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі: n - бір айдағы күнтізбелік күндердің саны. Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген факторды есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі; 9) жұмыс істемейтін қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмай, банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасы, мына формула бойынша есептеледі: жұмыс істемейтін қарыздар / НП > =10%, мұнда: жұмыс істемейтін қарыздар - олар бойынша құнсыздану белгілері анықталған заңды және жеке тұлғаларға берілген, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар, бастапқы тану уақытында құнсыздану туралы растауы болған қарыздар түрінде сатып алынған немесе құрылған қаржы активтері; НП (ай) - белгілі бір айдың соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары); 10) бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасы мына формула бойынша есептеледі: ПР/МІН ≥ 45%, мұнда ПР – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін «РЕПО» операцияларының баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәні; МІН – тиісті есепті айдағы жұмыс күндерінің санына есепті айдың әрбір жұмыс күні үшін жиынтық міндеттемелердің баланстық құнының сомасы ретінде есептелетін жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәні. Бұл ретте «РЕПО» операциялары сомасының міндеттемелер сомасына қатынасы әрбір жұмыс күні 45 (қырық бес) пайыздан аспауға тиіс. Бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларының орташа айлық мәнінің жиынтық міндеттемелердің орташа айлық мәніне қатынасының мәні, сондай-ақ «РЕПО» операциялары сомасының осы тармақшада көрсетілген әрбір жұмыс күніндегі міндеттемелер сомасына қатынасы: 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жиынтық міндеттемелердің 45 (қырық бес) пайызынан аспайды; 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 40 (қырық) пайызынан аспайды; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық міндеттемелердің 35 (отыз бес) пайызынан аспайды; 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жиынтық міндеттемелердің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың 7) тармақшасы № 23 нормативтерінде көзделген (k1) резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігі коэффициенті 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) коэффициентіне тең немесе төмен болған жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің нәтижесі (таза кірістер немесе таза шығыстар) түсініледі. 4. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады. 5. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады: 1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі - № 309 нормативтер) көзделген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту; 2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең мәндерінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту; 3) есепті тоқсанда банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының банк конгломератының меншікті капиталынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) деңгейіне дейін ұлғайту. 6. Банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптарының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 болып тіркелген, «Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған банк конгломератының топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау бойынша есепте көзделеді. Банк конгломератына қатысушылардың арасындағы топішілік мәмілелер бойынша банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының нақтылы құнының № 170 Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Дата публикации
05 мая 2025