«Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

«Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына

реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

1. Проблеманы сипаттау:

р/с №

 

Проблемалық мәселе

Туындаған проблеманың негізгі себептері

Сипатталған проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер

Проблеманы өлшеу тәсілдері

1.

Апатты оқиғалар орын алған жағдайда, қолданыстағы өтемақы тетіктері (мысалы, мемлекеттік қолдау немесе сақтандыру ұйымдары арқылы) апаттардан келтірілген залалды толық өтеу үшін жеткіліксіз, ал төтенше жағдайлардан (бұдан әрі – ТЖ) зардап шеккендер қаржылық қолдаусыз көрсетіледі.

Бұл азаматтар мен бизнес үшін, әсіресе табиғи апаттар қаупі жоғары аймақтарда үлкен тәуекелдер тудырады.

Табиғи апаттар қаупі жоғары аймақтардағы азаматтардың тұрғынжайын сақтандыру бойынша заңнамалық талаптардың болмауы апаттық тәуекелдерден қорғау жүйесінің тиімділігін айтарлықтай шектейді.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағының 75%-ында табиғи апаттар қаупі жоғары, олардың ішінде жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, көшкін, сел, эпидемия, төтенше температура және орман өрттері аса маңызды болып табылады. Жер сілкінісі ең үлкен қауіп төндіреді: 2018-2021 жылдар аралығындағы 68 569 табиғи оқиғаның 60 858 жағдайы бойынша жер сілкінісі төтенше жағдайға себеп болды.

Қазақстандағы жер сілкінісі қаупінің жоғары болуы елдің геологиялық құрылымына және әсіресе Тянь-Шань аймағында Еуразиялық және Үнді плиталарының белсенді болуына байланысты.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) деректеріне сәйкес:

Республикалық маңызы бар 2 қала және 6 облыс су тасқыны құбылыстарына бейім;

Республикалық маңызы бар 2 қала және 13 облыс сейсмикалық құбылыстарға бейім.

5 облыс апаттар қаупі төмен аймақтарда орналасқан: Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. 2024 жылғы жер сілкінісі мен су тасқыны, сондай-ақ 2023 жылғы орман өрттері табиғи апаттар қаупін қаржыландырудағы олқылықтарды анықтады, бұл азаматтарды қорғау жүйесін тиісті деңгейде ұстап тұруға, сондай-ақ зардап шеккен халықты шығындарды қалпына келтіруге және зақымдануды қалпына келтіруге қолдауды шектеуге мүмкіндік берді.

ТЖМ деректері бойынша 2024 жылы Қазақстанда 12 516 (2023 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға аз – 12 883) ТЖ және табиғи және техногендік сипаттағы оқиға тіркелген, 1 786 адам зардап шекті (2023 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға аз – 1 944), оның ішінде 688 адам қайтыс болды (2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға аз – 744), материалдық шығын 459 698 млн теңгені құрады (2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе артық – 172 911 млн теңге).

ТЖ жалпы санынан табиғи сипаттағы ТЖ 7,6%-ды құрайды, 946 жағдай тіркелді (2023 жылмен салыстырғанда 40,4%-ға аз – 1 588), бұл ретте 616 адам зардап шекті (2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға аз – 854), оның ішінде 216 адам қайтыс болды, (2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға аз – 258), материалдық шығын 435 362 млн теңгені құрады. (2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп – 166 921 млн теңге). Табиғи өрттердің үлесіне – 34,1% тиесілі (2024 жылы – 323, 2023 жылы - 862), бұл ретте 7 адам зардап шекті (2023 жылмен (27) салыстырғанда 74,1% - ға аз), 1 адам қаза тапты (2023 жылы – 14).

Алдын ала бағалаулар бойынша, Қазақстандағы су тасқынынан келтірілген залал 53 млрд теңгені құрады.

 

 

2.

Апаттытәуекелдердеңгейіжоғарыаймақтардамүліктіеріктісақтандыруменқамтудың төмендеңгейі

 

 

 

1.Апаттытәуекелдерденсақтандырудыңмаңыздылығыменқажеттілігітуралыхалықтыңхабардар болуының жеткіліксіз деңгейі

2. Сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейі,ондаапаттыоқиғаларсирек кездесетін жәнеекіталайоқиғаларретіндеқабылданады,бұлхалықтыңсенімдіқорғаутетіктерінеемес,жағдайғасенугебейімділігінеәкеледі.

Бүгінгі күні тұрғынжайды табиғи апаттардан сақтандыру мүлікті ерікті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады. 25 сақтандыру ұйымының ішінде сақтандырудың бұл түрі бойынша лицензия 15 ұйымда бар.

Сақтандыру шарттарының 96%-ы зілзала тәуекелінмүлікті өтеудің бір бөлігіретіндестандартты топтама ретіндежабудыұсынады(мысалы,кепілдіжылжымайтынмүліктізалалдансақтандырукезіндетабиғи апаттарсалдарынан келтірілген залалдажабылады).

Тұрғынжайды табиғи апаттардан сақтандырумен қамту ел бойынша небәрі 3,2%-ды құрайды. Зілзала мен су тасқыны қаупі жоғары Алматы қаласында бұл көрсеткіш 7,7%-ды құрайды.

01.01.2025ж. жағдай бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 310 622 шартты құрады, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша – 219 206 және заңды тұлғалар бойынша – 91 416.

Қолданыстағы шарттардың саны (бірлікпен) – 245 118, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша – 216 828 және заңды тұлғалар бойынша – 28 290.

Қолданыстағы шарттар бойынша сақтандыру объектілерінің саны (бірлікпен) 146 947 282, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша – 1 980 343, заңды тұлғалар бойынша – 144 966 939.

Мүлікті ерікті сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 231 123 141мыңтеңгеніқұрайды.

Сақтандыру төлемдері 66 114 501 мың теңгені құрады.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарына Қазақстандағы су тасқыны салдарымен байланысты сақтандыру жағдайлары туралы 166 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 129 өтініш жеке тұлғалардан және 37 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары 711,3 млн теңге өтемақы төледі, оның ішінде жеке тұлғаларға – 325,9 млн теңге, заңды тұлғаларға – 385,3 млн теңге.

3.

Сақтандырудың төмен қаржылыққолжетімділігі

 

 

 

Ерікті мүліктік сақтандыру полистерінің құны оны халықтың едәуір бөлігіне, әсіресе халықтың аз қамтылған топтары мен ауылдық аймақтардың тұрғындарына қолжетімсіз етеді.

Бұл, әсіресе, зілзала мен су тасқыны қаупі жоғары аймақтар үшін өзекті, мұнда сақтандыру ұйымдары сақтандыру жағдайларының пайда болу ықтималдығының жоғарылауына байланысты барынша жоғары жарналар белгілейді.

Нәтижесінде көптеген азаматтар сақтандырудан бас тартады, бұл олардың апаттарға осалдығын арттырады және қаржылық салдардың ауыртпалығын мемлекетке жүктейді.

S&P есебіне сәйкес, Қазақстанда сақтандыру қызметтерінің ену деңгейі жалпы сақтандыру бойынша ІЖӨ-ден 0,5-0,6%-ды құрайды, ал 2022 жылғы Swiss Re Institute деректері бойынша әлемдік орташа көрсеткіш 6,8%-ды құрайды.

 

 

S&P сарапшылары Қазақстанның сақтандыру нарығы өте жас, ал халықтың сақтандыру сауаттылығы әлі де даму үстінде екенін атап өтті. Сақтандыру нарығы өсуінің ІЖӨ-нің ұлғаюына тікелей тәуелділігі маңызды фактор болып табылады: экономиканың өсуімен сақтандыру қызметтері мен өнімдеріне қажеттілік артады. Халықтың кірісі өскен сайын адамдар көбірек саяхаттай бастайды, жылжымайтын мүлік сатып алады және тиісті сақтандыру шешімдерін іздей бастайды.

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеуге барынша ұқсас әлемдік тәжірибені салыстыру:

р/с №

 

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе

1.

Қазақстанның мүлікті табиғи апаттардан сақтандыруға қатысты тәжірибесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүлікті сақтандыру тараптардың ерік білдіруі бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі шартпен айқындалады.

Сақтандыру нарығында орташа тұтынушының сұраныстарына жауап беретін стандартты «қорап» өнімдерінен бастап сақтандыру ұйымдары клиенттерінің жеке тілектерін қамтитын кеңейтілген кешенді мүлікті сақтандыру шарттарына дейін түрлі сақтандыру өнімдері бар.

Бұл ретте, меншік иесі өз мүлкін қорғау үшін сақтандыру шартына көбірек тәуекелдерді қосқысы келген сайын мұндай сақтандырудың құны да соғұрлым қымбат болады. Сақтандыру тәуекелдерінің тізімінен басқа сақтандыру шартының құнына сақтандыру объектісінің орналасқан жері, оны пайдалану шарттары және т.б. сияқты факторлар да әсер етеді. Сақтандыру тарифтерін сақтандыру ұйымы тәуекел дәрежесін айқындау үшін елеулі маңызы бар факторларға байланысты белгілейді.

Сақтандырудың барлық талаптары сақтандыру шартында көрсетіледі, ол сондай-ақ сақтандыру төлемін жүзеге асырудың не жүзеге асырудан бас тартудың тәртібі мен мерзімдерін қамтиды. Сақтандыру төлемі сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасы шегінде мүлікке келтірілген нақты залал мөлшерінде жүзеге асырылады. Мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі нақты құнынан аспауға тиіс.

Өз мүлкін дұрыс сақтандыру үшін тұтынушы ең алдымен қандай тәуекелдерден сақтандырылуы маңызды екенін, сақтандыру тетігінің қалай жұмыс істейтінін, төлем сомасы қандай мөлшерде болатынын және қандай да бір сақтандыру ұйымының тарифтері қандай болатынын түсінуі керек.

Мүлікті табиғи апаттардан сақтандырудың халықаралық тәжірибесі

1. АҚШ: су тасқыны қаупі бар аумақтардағы тұрғындар мен бизнес үшін міндетті сақтандыру. Коммерциялық сақтандыру ұйымдарын мемлекет қайта сақтандырады, бұл тәуекелдердің ауқымды болуымен негізделген. Бағдарламаларға мыналар кіреді:

- Су тасқынынан сақтандырудың ұлттық бағдарламасы (National Flood Insurance Program);

- Мемлекеттік дауылдан қорғау қорлары (Флорида, Гавайи);

- Калифорния жер сілкінісінен сақтандыру бағдарламасы (California Earthquake Authority).

2. Еуропа: сақтандыру және тәуекелді өтеу жүйелері мынадай үш санатқа бөлінеді

Жеке сақтандыру жүйесі: қамту оқиға басталғанға дейін жинақталған сақтандыру сыйлықақыларымен қаржыландырылады. Францияда (Caisse Centrale de Reassurance - CatNat), Ұлыбританияда (Flood Re) және Румынияда (Pool of Insurance Against Natural Disasters) кепілдік берілген қайта сақтандыру арқылы мемлекет тарапынан қолдау бар.

Сақтандыру пулдары: мемлекеттің белсенді қатысуымен сақтандырушылардың ерікті бірлестіктері (Дания, Швейцария). Бұл елдердің үкіметтері сақтандыру пулдарын құру және басқару арқылы маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік жүйелер: Испанияда апаттық тәуекелдерді 100% өтейтін Concorsio de Compensacion de Seguros арнайы мемлекеттік қоры бар. Сақтанушылар сақтандыруды жеке секторда сатып алғанның өзінде осы қорға міндетті сыйлықақыны аударуға міндетті.

3. Түркия: Жылжымайтын тұрғын үй мүлкін жер сілкінісінен сақтандырудың ұлттық бағдарламасы (Turkish Catastrophe Insurance Pool) 1999 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін 2000 жылы құрылды. Пулды құрамына мемлекеттік органдар мен министрліктердің, сақтандыру нарығының және ғылыми-зерттеу саласының өкілдері кіретін Директорлар кеңесі басқарады. Пул операторы – Turk Reasurans сақтандыру компаниясы, оператор әр 5 жыл сайын сайланады.

Бағдарлама құрылыстарды тіркеуге байланысты міндетті сақтандыру ретінде жүзеге асырылады. Мөлшерлемелер елдің аймақтары бойынша тәуекел дәрежесіне қарай өзгереді.

Тәуекелдер бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да қайта сақтандырылған. Бұл ретте Түркияда су тасқынынан мүлікті сақтандыру ерікті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.

4. Қырғызстан: 2016 жылдан бастап Қырғызстанда Тұрғын үй-жайларды өрттен және табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң қолданылады. 2024 жылғы тамызда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді сақтандыру полисі болған жағдайда ғана жасасуға болатын қаулы қабылданды.

Міндетті сақтандырудың жалғыз операторы «Мемлекеттік сақтандыру ұйымы» ААҚ (МСҰ) болып табылады.

Сақтандыру төлемдері қала тұрғындары үшін 1 млн сомға дейін және ауыл тұрғындары үшін 500 мың сомға дейінгі мөлшерде. Полистің құны – қалаларда 1200 сом және ауылдық жерлерде 600 сом. Азаматтардың жеңілдік берілетін санаттары сақтандыруды тегін немесе 50% жеңілдікпен алады, алайда мұндай полистерді өтеуге мемлекеттік қаржыландыру қарастырылмаған.

5. Әзірбайжан: «Міндетті сақтандыру» туралы заңға сәйкес (2011 жылғы 24 маусымда қабылданған және 2011 жылғы 17 қазанда күшіне енген), тізбесін тиісті атқарушы билік органы айқындайтын ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, тұрғын үйлер мен құрылыстарды, пәтерлерді, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті сақтандыру міндетті болып табылады. Мүлікті міндетті сақтандырудың мақсаты жер сілкінісі, су тасқыны, көшкін, дауыл, өрт және басқа қауіптер сияқты тәуекелдер салдарынан жылжымайтын мүлікке келтірілген залалды өтеу болып табылады.

Міндетті сақтандыру полистерін жеке сақтандыру компаниялары сатады, ал төлемдерді Міндетті сақтандыру қоры (ISB) және халықаралық қайта сақтандыру қамтамасыз етеді.

Мүлікті міндетті сақтандыру құны мүлік орналасқан аймаққа және оның нарықтық құнына қарай айқындалады. Пәтерлер мен жеке үйлер үшін сақтандыру тарифтері стандартты және орналасқан жеріне қарай өзгереді: Баку – 50 манат (өтеу 25000 манат), Ганджа, Сумгаит, Нахчыван – 40 манат (өтеу 20000 манат) және басқа аймақтар – 30 манат (өтеу 15000 манат).

Осылайша, халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері мынадай негізгі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді:

1) апаттық тәуекелдерді сақтандырудың барлық сәтті модельдері ықтимал шығындардың мөлшерінің өте көп болуына байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру, әдетте, адам факторының көрінісі нәтижесінде болған техногендік апаттарды, сондай-ақ олардың пайда болу ықтималдығы мен кездейсоқтық белгілері жоқ оқиғаларды өтемейді;

2) алдыңғы қатарлы халықаралық қайта сақтандырушыларда міндетті қайта сақтандыру өтеуі бар мемлекеттік қорларда ақша қаражатын жинақтау кезеңінің болуы болжанады. Әдетте, бірде-бір ел өз аумағында болып жатқан апаттар қаупінің шығынын өз бетінше өтей алмайды;

3)    ықтимал шығындарды өтеу мақсатында сақтандыру тарифтерін дұрыс есептеу үшін елдің өңірлері бойынша ТО және жылжымайтын мүліктің бұзылу дәрежесіне қарай шығынды өтеу мөлшері туралы тарихи ақпарат қажет. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылыс түрі, салынған жылы, сейсмикалық деңгейі және т.б. бойынша толық базасының болуы маңызды аспект болып табылады.

3.                  Сипатталған проблеманы шешудің ұсынылатын жолдары:

р/с

№

Шешім

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1.

1. Елде азаматтардың мүліктік мүдделерін табиғи апаттардан қорғауды қамтамасыз ету үшін «Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» заңды әзірлеу және қабылдау арқылы тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылады. Сақтандырылатын тәуекелдер ретінде жер сілкінісі, су басу, су тасқыны және табиғи орман өрттерін анықтау ұсынылады.

2. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

1. Заңнамалық база табиғи апаттарға бейім аймақтарда табиғи апаттардан сақтандыру үшін құқықтық жағдайлар жасайтын болады.

Жаңа заң міндетті сақтандыруды жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, ерекшеліктерін айқындайтын, міндетті сақтандырудың енгізілетін түрі саласында туындайтын қатынастарды реттейтін, оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейтін болады.

2. Табиғи апаттарға бейім аймақтарда тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу халықтың мүлкін қорғаудың тиімді және қолжетімді тетіктерін жасауға мүмкіндік береді.

Табиғи апаттарға бейім аймақтарда тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін қалыптастыру және нығайту барысында азаматтарға дер кезінде көмек беруді және тұрғынжайларды қалпына келтіру және қайта құруға тез арада төлем жүргізуді қамтамасыз ететін тұрақты және сенімді жүйе құрылатын болады.

3. Бюджетке түсетін жүктеменің төмендеуі, себебі сақтандыру төлемдерінің болуы зардап шеккендерге келтірілген залалды толығымен өтеу қажеттілігінен босатады.

4. Жылжымайтын мүлік бойынша статистикалық базаны, оның ішінде елді мекендер мен тұрғынжайлардың геодеректерін көрсете отырып, өңірлік тәуекелдер картасын жаңарту және цифрландыру.

5. Жер сілкінісіне төзімділік, өртке төзімділік, көшкінге қарсы жүйелерге қойылатын стандарттарды арттыру және олардың сақталуы үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ету есебінен құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы инфрақұрылымды біртіндеп жақсарту.

6. Табиғи апаттар салдарынан келтірілген залалды өтеу арқылы халықты мүліктік қорғау.

1. Міндетті сақтандыру жарналарын енгізуді халық қосымша салық салу ретінде қабылдауы мүмкін.

2. Мемлекеттік дерекқорларды ықпалдастыруға негізделген басқарудың жаңа жүйесін құру қажеттілігі.

 

2.

Сақтандыру жарналарын жинақтаудың бірыңғай операторы болатын мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымының құқықтық ережелері заңнамада айқындалатын болады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымы қызметтің айрықша түрі ретінде апаттық тәуекелден сақтандыруды жүзеге асыратын болады және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның реттеуінде болады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдері қайта сақтандыруға жатады, бұл қосымша қорғауды және орнықтылықты қамтамасыз етеді.

1.        Мемлекеттік сақтандыру ұйымының болуы ірі апаттар кезінде шығындарды өтеу үшін резерв қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сақтандыру ұйымында жинақталған активтер орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдеріне, инвестициялауға (ақшаның жинақтаушы бөлігін), қайта сақтандыруға бағытталатын болады.

2.        Апаттық тәуекелдерді басқарудың орталықтандырылған жүйесі мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық өзара ықпалдастығын қамтамасыз етеді, бұл тұрғынжайды сақтандыру кезеңінде де, зардап шеккендерге төлемдерді жүзеге асыру кезеңінде де жедел өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

3.        Мемлекеттік сақтандыру ұйымы активтерінің жинақтаушы бөлігін инвестициялау зиянды өтеу резервтерін біртіндеп ұлғайтуды қамтамасыз етеді, бұл келешекте жаңа тұрғын үйді жөндеуге және сатып алуға арналған шығыстарды өтеуге мүмкіндік береді.

4.        Мемлекеттік сақтандыру ұйымы тәуекелдерінің бір бөлігін қайта сақтандыру елдегі тәуекелдердің шоғырлануын әртараптандыру және төмендету есебінен мемлекеттік сақтандыру ұйымының қаржылық орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

1.    Мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру.

Апаттық тәуекелдерден сақтандырудың тиімді тетігін құру үшін айтарлықтай бастапқы қаржыландыру қажет.

2. Жеткілікті активтер мен жинақтардың болмауына байланысты бірінші кезеңде мемлекеттік сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері зардап шеккендердің бірінші кезектегі мұқтаждарға арналған шығыстарын өтеуді қамтамасыз ететін болады. Қаражат жинақталған сайын төлемдер мөлшері артады.

3.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ілеспе жобасын әзірлеу.

 «Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес келтіру.

Жоқ.

4.                  Ұсынылған шешу жолдарының мыналарға әсері:

 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1.        Әлеуметтік дамуға (адам капиталын өлшеу деңгейі)

1.        Азаматтардың тұрғынжайларын қорғауды арттыру.

Табиғи апаттардан міндетті сақтандыру табиғи апаттарға бейім аймақтардағы халықтың мүлкін қорғауды қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттырады және апаттық оқиға туындаған кезде қаржылық шығындарды азайтады.

2.        Сақтандыру туралы хабардарлықтың артуы.

Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру бағдарламаларын енгізу азаматтардың сақтандыру тәуекелдері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуын жақсартуға ықпал етеді, бұл олардың мүлкін неғұрлым саналы түрде қорғауға әкеледі.

3.        Сақтандыру құны өңірлік тәуекел коэффициентіне және тұрғынжайдың орнықтылық деңгейі бойынша жеңілдік коэффициентіне түзетумен, ең төменгі және ең жоғары шектеулерді ескере отырып, аумақ бойынша айқындалатын болады.

4.        Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекет тарапынан жарналарды субсидиялау ұсынылады.

Жоқ.

2.        Кәсіпкерлікті дамытуға

Сақтандыру қызметтері мен жаңа өнімдерге сұраныстың өсуі. Жеке тұлғалардың әртүрлі санаттарына (мысалы, мүлік иелері, саяжайлар және басқа да объектілер) бағытталған өнімдерді жасау сақтандырудың жаңа сегменттерінің дамуына әсер етіп, нарықтағы бәсекелестікті ынталандыруы мүмкін. Сақтандырудың танымалдылығының артуымен мүлік қауіпсіздігін жақсартуға және жер сілкінісіне төзімді ғимараттар салу бойынша стандарттарды нығайтуға байланысты тауарлар мен қызметтерге сұраныс артады.

Сақтандыру ұйымдарының тұрғын үйді ерікті сақтандыруды дамыту үшін ынталандыруды төмендетуі. Мемлекеттік сақтандыру ұйымынан төлемдердің болуы халықтың жеке сақтандыруға деген сұранысының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

 

3.        Мемлекеттік билік органдарына

Апаттық тәуекелдерден болатын шығындарды азайту.

Сақтандыру тәуекелдерді мемлекет, жеке сектор және халық арасында бөлу арқылы табиғи апаттардан болатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру жүйесінің жұмысы шеңберінде негізгі мемлекеттік органдар тартылатын болады. Бұл іс-қимылдарды үйлестіруді және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, апатты жағдайлар жағдайында өзара іс-қимылдың орнықты және тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

 Бақылау және қадағалау бөлігінде басқару органдарына жүктемені ұлғайту.

 

4. Экономикалық жүйеге

1.        Қаржы жүйесінің орнықтылығын нығайту.

Міндетті сақтандыруды енгізу апат болған жағдайда бюджетке тәуелділікті азайта отырып, ел экономикасының табиғи апаттарға орнықтылығын арттырады.

2.        Шұғыл бюджеттік қаржыландыру қажеттілігін азайту.

3.      Сақтандыру жүйесі апаттардың салдарын жою кезінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, себебі өтемақы шығындары ішінара сақтандыру төлемдерімен өтелетін болады.

Жоқ.

5. Экологиялық ортаға

Апаттардан сақтандыру және оларды басқару экологиялық залалды барынша азайту арқылы табиғи апаттардың салдарын жедел жоюға ықпал етеді.

Жоқ.

6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне

Сақтандыру бюджеттің ауыртпалығын азайтуға көмектеседі, себебі апаттардың салдарын жою шығыстарын Мемлекеттік сақтандыру ұйымы өтейтін болады.

Жоқ.

7. Өзге

      

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Міндетті сақтандыруды енгізу халықтың қаржылық сауаттылығын арттырады, бұл адамдарды ұзақ мерзімді жоспар жасауға және өздерінің әл-ауқаты үшін жауапкершілікке шақырады.

Жоқ.

 

5. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:

р/с

№

Ағымдағы көрсеткіштер

Нәтиже

Мерзімі (негіздеме)

1.

Ел бойынша тұрғынжай табиғи апаттардан сақтандырумен қамту небәрі 3,2%-ды құрайды, бұл ретте өңірлерден Алматы қаласында ең көп -7,7%-ды құрайды.

Су тасқыны немесе жер сілкінісі сияқты табиғи апаттар кезінде тұрғынжайды қалпына келтіру және азаматтарға көмек көрсету жауапкершілігі тек мемлекетке жүктеледі.

 

 

Халықты апаттардың қаупінен сақтандырумен барынша қамту жеке сақтандыру ұйымдарын халықтан сақтандыру жарналарын жинау бойынша қызметтер көрсетуге тарту, халықты жарналарды төлеу қажеттігі туралы хабардар ету және қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғынжайларды міндетті сақтандыру шарттарын түсіндіру есебінен қамтамасыз етіледі.

Аймақтың табиғи апаттарға ұшырау деңгейіне байланысты сақтандыру сыйлықақысының сомасын саралау сақтандырудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Алдын ала бағалау бойынша мұндай сақтандырудың құны ең төменгі және ең жоғары шектерді (1 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін) белгілей отырып, мүлік салығының сомасына жуықтайды.

Бірінші кезеңде сақтандыру төлемдер апаттан зардап шеккен азаматтардың бірінші кезектегі қажеттіліктерін төленген сақтандыру сыйлықақысынан 500 есе мөлшерде ғана қамтамасыз ететін болады (1 000 теңге төлем төлеген кезде 500 000 теңге төлем жасалады, ал 20 000 теңге жарна төленген кезде төлем 10 млн теңгені құрайды). Қаражаттың жинақталуына қарай тұрғынжайды жөндеуге және жаңасын сатып алуға жұмсалатын шығыстар өтелетін болады.

Қайта сақтандыру есебінен тәуекелдерді әртараптандыру, Мемлекеттік сақтандыру ұйымы активтерінің жинақтаушы бөлігін құру, Мемлекеттік сақтандыру ұйымын құрудың бірінші жылынан бастап төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: алғашқы 3 жылда бірінші кезектегі қажеттіліктерге, кейіннен тұрғынжайды жөндеуге және қайта салу арналған шығыстар өтелетін болады.

 

6. Заңнамалық реттелген жағдайда іс-қимылдың алгоритмдерін көрсете отырып іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):

Іс-шаралар

Мерзімдері

Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды тұлға)

Бюджет

«Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» Заң жобасын іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу мен қабылдау.

2026

ҚНРДА, мемлекеттік органдар

Талап етілмейді

 

Агенттіктің ішкі актілерін әзірлеу және «Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келтіру.

2026

ҚНРДА, мемлекеттік органдар

Талап етілмейді

 

 

7. Ықтимал тәуекелдер:

Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер)

Ықтимал тәуекелдердің себептері

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Азаматтарға ықтимал қаржылық жүктеме

Сақтандыру өтемінің құны аумаққа тән тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейіне, сондай-ақ өңірлік тәуекел коэффициентіне және тұрғынжайдың тұрақтылық деңгейі бойынша жеңілдік коэффициентіне түзетулерге байланысты болады.

 

Табиғи апаттардан сақтандыру туралы хабардарлықтың жоғары деңгейін сақтау қажет.

Ақпараттық науқандар мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын өткізу.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жарналарды әлеуметтік субсидиялау.

 

  1. Жария талқылау үшін нысаналы топтар:

- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына қатысушылар;

- мемлекеттік органдар;

- жеке тұлғалар.

 

  1. Жария талқылау тәсілі:

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жария талқылау үшін Агенттіктің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

 

10. Жария талқылау нәтижелері:

р/с №

Ұсынылатын шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1.       

 

 

2.       

 

 

3.       

 

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылданған жағдайда):

 

«Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1-тарау. Жалпы ережелер

             1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заңнама

3-бап. Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандырудың негізгі мақсаты, қағидаттары мен міндеттері

4-бап. Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру объектісі

2-тарау. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғынжайды міндетті сақтандыру саласындағы құзыреті

7-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

8-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

9-бап. Қадағалап ден қою шаралары

3-тарау. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының қызметі

10-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, қызметін ұйымдастыру және мәртебесі

11-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының негізгі функциялары

12-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының органдары

13-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

14-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымын лицензиялау

15-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының меншікті активтері және сақтандыру төлемдеріне резервтері

16-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының меншікті активтерін және сақтандыру төлемдеріне резервтерін басқару тәртібі

17-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақысы

18-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының аудиті

4-тарау. Тұрғынжайды міндетті сақтандыруды жүзеге асыру талаптары және тәртібі

19-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты

20-бап. Сақтанушының (пайда алушының) құқықтары мен міндеттері

21-бап. Мемлекеттік сақтандыру ұйымының және Мемлекеттік сақтандыру ұйымының атынан әрекет ететін сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері

22-бап. Сақтандыру сыйлықақысы және оны төлеу тәртібі

23-бап. Сақтандыру жағдайын және келтірілген зиян мөлшерін айқындау

24-бап. Сақтандыру сомасы

5-тарау. Сақтандыру төлемдері

25-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

26-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі

6-тарау. Қорытынды ережелер

27-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

28-бап. Дауларды шешу

29-бап. Қазақстан Республикасының тұрғынжайды міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы:

Заң жобасы 2 баптан тұрады:

1-бап – мыналарға:

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

- Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексі;

- «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

2-бап – осы заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін көздейді.

 

  1. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары:

р/с №

Ағымдағы көрсеткіштер

1 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

2 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

3 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

4 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

5 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

1.

Тұрғынжайды табиғи апаттардан сақтандырумен қамту, жасалған сақтандыру шарттарының саны.

300 000

400 000

500 000

600 000

700 000



«Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты
Дата публикации
17 апреля 2025