Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарда:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Базалық» доменінің құрамы – СТ ISO/IEC 27001-2022 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және конфиденциалдылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Талаптар» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына немесе ISO/IEC 27001:2022 «Information security, cybersecurity and privacy protection - Informationsecurity management systems - Requirements» (Информэйшн секьюрити, сайберсекьюрити энд прайвэси протекшн. Информэйшн секьюрити мэнэджмент системс - Реквайрментс) (Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және жеке өмірді қорғау -
Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері – Талаптар) халықаралық стандартына сәйкес киберқауіпсіздікті басқару жүйесінің терминологиясы және талаптары.».
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.