«Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сауда-саттықты өткізу үшін электрондық сауда алаңында сатушы Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген объектілерге қатысты сатып алу-сату шартының жобасын және (немесе) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген объектілерге қатысты құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының жобасын қоса бере отырып, сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруды сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын орналастырады.
Сатушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруды орналастырғаннан кейін оператор сатушы орналастырған электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруға барлық ниет білдірушілердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
1) сауда-саттықты өткізу әдісі;
2) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 1-тармағында көзделген сатылатын объектінің түрі;
3) бастапқы баға және объектіні сауда-саттықта одан төмен сатылмайтын баға (бұдан әрі – резервтік баға);
4) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты (электрондық сауда алаңында орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын белгіленеді);
5) объектіге қатысты сатушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
6) кепілдік жарнаны енгізу мөлшері, тәртібі және мерзімі, оператордың банктік деректемелері (банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды);
7) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау мерзімдері.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Резервтік бағаны сатушы белгілейді, бірақ объектінің нарықтық құнының 100 (жүз) пайызынан аспайды.
Сауда саттық өтпеген жағдайда кейінгі сауда саттықтың резервтік бағасын сатушы мынадай деңгейде белгілейді:
екінші сауда-саттықта объектінің нарықтық құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайды;
кейінгі сауда-саттықта объектінің нарықтық құнының 50 (елу) пайызынан аспайды.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қағидалардың 25, 26-тармақтарында және 30-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сатушы өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.
Өткізілмеген сауда-саттық туралы акт электрондық сауда алаңында қалыптастырылады, одан кейін оператор «Сауда-саттық өткізілмеген» мәртебесі бар сауда-саттық нәтижелері туралы мәліметтерді жариялайды және өткізілмеген сауда-саттық туралы актіні сатушыға жібереді.
Сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда, кейінгі сауда-саттық өткізілмеген сауда-саттық туралы бірінші актіге қол қойылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күннен кейін өткізіледі.».
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |