Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-5-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін. 
2. «Банк холдингтерінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 94 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4.  Банк конгломераттары 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулы банк пен оның еншілес ұйымдарынан тұратын банк конгломераттарына қатысты қолданылмайды. 
 
 
Лауазымы Аты-жөні 
 
 
 
 
 
Қаулыға қосымша 
 
 
Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
1. Осы Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Талаптарда Банктер туралы заңда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңда, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк конгломератының реттелетін қатысушысы – банк конгломератының қатысушысы болып табылатын қаржы ұйымы;
 2) банк конгломератының реттелмейтін қатысушысы – банк конгломератының қатысушысы болып табылатын және қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға;
3) банк конгломератының жоғары деңгейдегі қатысушысы   – банктің және (немесе) банк холдингінің (бар болса), сондай-ақ банк конгломератының басқа да қатысушыларының капиталын басқаратын немесе елеулі түрде қатысатын банк конгломератының қатысушысы.
3. Талаптардың мақсаты банк конгломератында банк конгломераты  жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі тарапынан (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты қатысушыларының қызметі мен олардың қаржылық жағдайын тиімді бақылауды, оның ішінде:  
1) корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;
2) банк конгломераты жоғары деңгейдегі ұйымының және банк конгломераты  қатысушыларының Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларының, банк конгломератының ішкі саясаттары, рәсімдері және өзге де ішкі құжаттары және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын;
3) банк конгломераты капиталының өзі қабылдайтын тәуекелдерге сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингтеу арқылы банк конгломератының тәуекелдерін тиімді басқаруды;
4) банк конгломератының және банк конгломератының реттелетін қатысушыларының қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін күтпеген немесе төтенше жағдайларды шешу үшін банк конгломератында барабар тетіктер құруды қамтамасыз ету арқылы бақылауды қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау болып табылады 
4. Уәкілетті орган: 
1) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын сақтау мүмкіндігін айқындау мақсатында банк конгломератының және (немесе) банк конгломератының ірі қатысушыларының жоғары деңгейдегі ұйымының қаржылық орнықтылығын қоса алғанда, банк конгломератының меншік құрылымын;
2) банк конгломераты қатысушыларының қаржылық жағдайының бір-бірінің және тұтастай банк конгломератының қаржылық орнықтылығына әсерін;
3) банк конгломератының корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін;
4) банк конгломераты операцияларының түрлері мен күрделілігін ескере отырып, банк конгломераты қызметіне тән елеулі тәуекелдерді;
5) капитал жеткіліктілігін және банк конгломератының қаржылық орнықтылығына ықпалын бағалау мақсатында банк конгломератының реттелмейтін қатысушыларының тәуекелдерін бағалаудың тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.
 
2-тарау. Корпоративтік басқару 
 
5. Банк конгломераты жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты қатысушыларының және тұтастай банк конгломератының қаржылық орнықтылығын сақтау, сондай-ақ акционерлер мен салымшыларды, кредиторларды (қолданылатын жерлерінде) қорғау мақсатында банк конгломератын корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. 
6. Банк конгломератын корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы: 
1) банк конгломератының құрылымын;
2) банк конгломератының даму стратегиясын;
3) банк конгломераты қатысушыларының органдары арасында шешімдер қабылдау бөлігінде міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді;
4) банк конгломераты жоғары деңгейдегі ұйымының органдары мен банк конгломератының сыртқы және ішкі аудиторлары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін;
5) банк конгломератының тәуекелдерді басқару жүйесін;
6) банк конгломератының ішкі бақылау жүйесін;
7) банк конгломераты реттелетін қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банк конгломераты реттелетін қатысушыларының басшы қызметкерлерінің іскерлік бедел талаптарына, біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды;
8) банк конгломератының қатысушылары болып табылатын қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесін;
9) банк конгломератының қатысушылары болып табылатын жария мүдделі ұйымдарды корпоративтік басқарудың ашықтығын;
10) банк конгломераты басқарушылық есептілігінің барабар жүйесінің болуын қамтиды.
7. Конгломерат құрылымында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін –қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты қатысушыларының құрылымына сәйкес келетін корпоративтік басқару жүйесін, сондай-ақ банк конгломераты тәуекелдерін және конгломерат қатысушыларының тәуекелдерін олардың қызметінің ерекшелігін және тіркеу елін реттеу ерекшеліктерін ескере отырып басқару жүйесін (банк конгломератының қатысушылары шетелдік юрисдикцияларда тіркелген жағдайларда) құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
8. Өз міндеттерін орындау үшін банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін –қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы): 
1) банк конгломератының корпоративтік басқару жүйесінде, оның ішінде топішілік операцияларға байланысты туындайтын ықтимал мүдделер қақтығысын анықтау және жою мақсатында бақылаудың тиісті рәсімдері мен әдістерінің болуын қамтамасыз етеді; 
2) банк конгломераты қатысушыларының корпоративтік басқару кодексінің жобасын және (немесе) оған енгізілген өзгерістерді алдын ала қарайды; 
3) банк конгломераты мен конгломерат қатысушыларының даму стратегиясын бекітеді; 
4) банк конгломераты қатысушыларының тәуекелдерін басқару және банк конгломераты қатысушыларының қызметіне тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы мен банк конгломераты қатысушыларының арасында ақпарат алмасудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді; 
5) тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдана отырып, аудиторлық тексерулер жүргізуді қамтамасыз ететін тиімді ішкі аудит қызметінің болуын қамтамасыз етеді; 
6) банк конгломератының тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді; 
7) қажет болған жағдайда банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы стресс-тестілеуді орындайтын және банк конгломераты үшін жиынтық басқару есептілігін жасайтын қатысушыны айқындайды. 
Конгломерат қатысушылары пайдаланатын рәсімдер мен әдістер тәуекелдерді басқарудың тиімділігін бүкіл банк конгломераты деңгейінде сақтайды.
9. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы банк конгломераты шеңберінде тәуекелдерді стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және банк конгломератына қатысушы елдердің заңнамасының талаптарын ескере отырып, банк конгломераты деңгейінде тәуекелдерді басқару саясатын енгізеді. 
10. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы банк конгломератының қатысушыларын қажетті ресурстармен және өкілеттіктермен қамтамасыз етеді, сондай-ақ банк конгломераты қатысушыларының банк конгломераты қатысушыларының ішкі нормативтік құжаттарымен айқындалатын өз қызметі туралы тұрақты басқарушылық ақпарат беру жөніндегі міндеттемелердің орындалуын бақылайды. 
11. Банк конгломераты қатысушыларының стратегиялық мақсаттары, тәуекелдерді басқару жүйесі, корпоративтік құндылықтары мен корпоративтік басқару қағидаттары банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының  саясатына сәйкес келеді, бұл ретте банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін –қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) қажет болған жағдайда банк конгломератының саясаты мен банк конгломераты қатысушысының қызметін реттейтін заңнаманың арасында қайшылықтар туындаған жағдайларда, сондай-ақ топ саясатының жекелеген ережелеріне байланысты банк конгломератының қатысушысын тиімді басқаруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда тиісті өзгерістер енгізеді.
 
3-тарау. Банк конгломератының капиталын басқару 
 
12. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының капиталын басқару саясатын бекітеді. Банк конгломератының капиталын басқару саясаты банк конгломератының барлық қатысушыларының қызметіне тән айтарлықтай тәуекелдерді, оның ішінде банк конгломератының реттелмейтін қатысушыларының қызметіне байланысты тәуекелдерді ескереді. 
13. Банк конгломератының капиталын басқару саясатына мыналар кіреді:
 1) бүкіл банк конгломератының ауқымындағы капиталына және реттелетін ұйымдардың капиталына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін банк конгломератының капиталын жоспарлаудың нақты құжатталған процесі;
 2) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін бағалау; 
 3) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) (пайданы бөлуді, эмиссияны, акцияларды өтеуді немесе сатып алуды қоса алғанда), оның ішінде стресс-тестілеу нәтижелері бойынша банк конгломератының капиталын басқаруға қатысты шешімдер қабылдау процесі; 
4) банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі шаралар.
14. Капиталды жоспарлау процесі:
1) банк конгломератының бағдарлану стратегиясы мен бизнес-жоспарын ескере отырып, тәуекелге бейімділігі дәрежесі мен түріне қатысты капитал жеткіліктілігінің мақсаттарын қамтиды; 
2) банк конгломераты қатысушыларының тәуекелдер бейінін және тәуекел-дәрежесін (бар болса), сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары тарапынан ықтимал айтарлықтай тәуекелдерді ескереді; 
3) қосымша капиталды талап етуі мүмкін айтарлықтай тәуекелдерді анықтайды және өлшейді. Баланстық, сол сияқты баланстан тыс тәуекелдерді, сондай-ақ банк конгломератының капиталына банк конгломераты ішіндегі реттелмейтін ұйымдардың қызметі мен айтарлықтай тәуекелдерін ескереді. Тәуекелдер жеке-жеке (түрлері бойынша), сол сияқты олардың жиынтық әсері ретінде қарастырылады; 
4) банк конгломераты капиталының ішкі нысаналы көрсеткіштерін және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесін (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысын) осы көрсеткіштердің ықтимал бұзылуы туралы хабардар ету рәсімдерін, сондай-ақ күтпеген жағдайларға арналған қаржыландыру жоспарының болуын айқындайды. Қаржыландыру жоспарына оның ішінде капиталдық позициясы нысаналы көрсеткіштен төмен нашарлаған жағдайларда банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесінің (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысының) іс-әрекеттері енгізіледі;
5) банк конгломераты жұмыс істейтін субъектілер, экономика секторлары және юрисдикциялар арасындағы капиталды аударудың нормативтік, құқықтық және басқа да шектеулерін қоса алғанда, банк конгломератының барлық қатысушысының капитал деңгейін ескереді;
6) банк конгломераты қатысушылары капиталының ішкі нысаналы көрсеткішін белгілеу кезінде топішілік кепілдіктерді, болашақтағы әлеуетті капитал құюды және басқару шешімдерін ескереді;
7) ағымдағы және болжамды іскерлік және макроэкономикалық жағдайларды ескереді, нарықтық жағдайлардағы ықтимал оқиғалар мен өзгерістерді және олардың банк конгломераты капиталының позициясына жағымсыз әсерін анықтайтын стресс-тестілеу нәтижелерін қамтиды.
16. Капитал жеткіліктілігін бағалау:
1) банк конгломератының жеткіліктілігін бағалауды қамтиды;
2) шоғырландырылған негізде қабылданатын тәуекелдерді, оның ішінде банк конгломератының реттелмейтін қатысушыларының қызметіне тән елеулі тәуекелдерді ескереді;
3) банк конгломератының қатысушылары арасындағы талаптарды/міндеттемелерді жоюды ескереді.  
17. Банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау шаралары:
1) банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қолдау шараларын қолдану шарттары мен тәртібі;
2) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін тұрақты қамтамасыз ету және қолдау шараларының тізбесі;
3) банк конгломераты капиталының жеткіліктілігін жедел қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі тұрақты шаралар тізбесі.
18. Банк конгломераты капиталының жеткілікті деңгейін тұрақты қамтамасыз ету және қолдау шаралары банк конгломератының қатысушылары ұсынатын мерзімді басқарушылық ақпаратқа жасалған талдау негізінде банк конгломераты қатысушыларының қаржылық жай-күйін, капитал деңгейін, елеулі тәуекелдерге ұшырау деңгейін және қабылдайтын елеулі тәуекелдер деңгейін мерзімді негізде тұрақты бағалау мен бақылауды қамтиды.
19. Банк конгломератының капитал деңгейінің жеткіліктілігін жедел қамтамасыз ету және қолдау шаралары (бірақ олармен шектелмей):
1) банк конгломератының реттелетін қатысушыларының жарғылық капиталын ұлғайту;
2) банк конгломератының реттелетін қатысушыларына реттелген қарыз беру және/немесе тарту;
3) банк конгломератының реттелетін қатысушыларына дивидендтер төлеуді тоқтата тұру;
4) банк конгломераты қатысушыларының банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзарту, осындай міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру.
 
4-тарау. Банк конгломератының өтімділігін басқару
 
20. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты қатысушыларының өтімділік тәуекелін жеке және шоғырландырылған негіздерде анықтаудың, бағалаудың, мониторингтеудің және бақылаудың барабар процесінің болуын қамтамасыз етеді.
21. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін директорлар кеңесі – банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы банк конгломератының қаржылық орнықтылығына қауіп төндіретін мөлшерде зиян туындатқызбай, банк конгломератының құрамына кірмейтін кредиторларға қатысты міндеттемелерді орындау мерзімдерінің басталуына қарай қатысушылардың міндеттемелерін орындауы үшін жеткілікті банк конгломераты қатысушыларының өтімділігін басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
22. Банк конгломератының өтімділігін басқару процесі, сондай-ақ күтпеген мән-жайларға арналған қаржыландыру жоспарлары банк конгломератының даму стратегиясына, қызметінің ауқымына, оның қатысушылары операцияларының түрлері мен күрделілігіне, тәуекелдер бейініне сәйкес келеді.
23. Банк конгломератының өтімділік тәуекелін басқару:
1) өтімділік тәуекелі туындаған жағдайларда тиімді басқарудың және бақылаудың;
2) өтімділіктің қабылданған тәуекеліне қатысты барабар саясаттың, рәсімдер мен шектеулердің;
3) жеке және шоғырландырылған негізде банк конгломераты қатысушыларының өтімділік тәуекелін бағалау, мониторингтеу және бақылау үшін басқарушылық ақпараттың тиімді жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
24. Банк конгломератының өтімділік тәуекелін басқару рәсімдері мыналарды қамтиды:
1) банк конгломераты қатысушыларының бөлімшелері арасында өтімділік тәуекелін бағалауға және басқаруға байланысты функцияларды, банк конгломератының қатысушылары мен жоғары деңгейдегі ұйымдарының арасындағы өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі өзара іс-қимыл рәсімдерін сипаттау және бөлу;
2) өтімділік тапшылығын және өтімділік тапшылығының шекті рұқсат етілген мәндерін айқындауды, лимиттерді белгілеуді қоса алғанда, банк конгломераты мен банк конгломераты қатысушыларының қорландыруға деген қажеттілігін айқындау рәсімдерін сипаттау;
3) өтімділіктің әр түрлі уақыт перспективасына (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді өтімділік) арналған жай-күйіне талдау жүргізу тәртібі;
4) өтімділік лимиттерін белгілеу және көрсетілген лимиттердің сақталуын бақылау әдістерін айқындау, банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымын жол берілген лимиттердің бұзылуы туралы хабардар ету тәртібі, сондай-ақ оларды жою тәртібі;
5) өтімділікті түрлі уақыт аралықтарында басқару рәсімдері;
6) банк конгломераты қатысушылары және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы активтерінің өтімділігін және міндеттемелерінің орнықтылығын талдау әдістері;
7) өтімділікті қалпына келтіру рәсімдері, оның ішінде өтімді активтерді өткізу бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері, өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда қосымша ресурстарды тартудың ықтимал тәсілдері.
25. Банк конгломератының қызметі, нарықтық конъюнктураның, өзге де сыртқы және ішкі оқиғалардың өзгеруі жағдайында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы өтімділік тәуекелін басқару әдіснамасына өзгерістер енгізеді.
26. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы кезең-кезеңмен банк конгломератынын қатысушыларынан ақпарат ұсыну негізінде әртүрлі уақыт аралығында конгломерат өтімділігінің жай-күйіне: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өтімділікке мониторингті жүзеге асырады.
27. Төтенше жағдайлар орын алғанда қаржыландыру жоспарлары банктік конгломерат қатысушылары мен банктік конгломераттың жоғары деңгейдегі ұйымы арасындағы ақша аударымына қатысты шектеулерді, соның ішінде құқықтық және нормативтік шектеулерді ескереді.
Күтпеген жағдайларға қаржыландыру жоспары:
1) осы көздерден тартылатын қаражаттың ықтимал мөлшерін бағалай отырып, қаржыландыру көздерін; 
2) әрбір қаржыландыру көзінен қосымша қаражат тарту үшін қажетті уақытты;
3) іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін және олардың басымдығын;
4) өтімділікке байланысты түрлі стрестік жағдайларды іске асырудың бірнеше нұсқаларын қамтиды.  
Операциялық сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында күтпеген жағдайларға қаржыландыру жоспары тұрақты тестілеуден және жаңартудан өтеді.  
Банк конгломератының реттелетін қатысушылары күтпеген жағдайларға қаржыландыру жоспарын жеке негізде жасайды.
 
5-тарау. Тәуекелдерді басқару 
 
28. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының реттелетін және реттелмейтін қатысушыларының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқарудың, сондай-ақ ішкі бақылау жүйелері мен тетіктерінің болуын қамтитын тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
29. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің болуын және банк конгломераты қатысушыларының бизнес-бірліктерінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін жеткілікті өкілеттік деңгейін қамтамасыз етеді.
30. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) жоғары деңгейде адалдықпен қызмет жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесінің, ішкі бақылау тетіктерінің және банк конгломератының комплаенсінің болуын қамтамасыз етеді.
Тәуекелдерді басқару процесі реттелетін банк конгломераты  қатысушыларының капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, банк конгломераты қатысушыларының және жалпы конгломераттың қызметіне тән тәуекелдерді идентификаттауды, өлшеуді, бағалауды, мониторингті және бақылауды қамтиды.
Тәуекелдерді басқару процестері және банк конгломератының және тұтастай алғанда конгломератқа қатысушылардың ішкі бақылау тетіктері құжатталады және мыналарды:  
1) қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін;
2) географиялық қамтуды қоса алғанда, операциялар әртүрлігін;
3) операциялардың көлемін, жиілігі мен мөлшерін;
4) оның қызметінің әр саласына байланысты тәуекел дәрежесін;
5) конгломерат шеңберінде қатысушылардың өзара байланыстылығын;
6) ақпараттық және есеп беру жүйелерінің күрделілігі мен функционалдығын ескереді.
Тәуекелдерді басқару процесі және банк конгломератының ішкі бақылау тетіктері мыналарды қамтиды:
1) өкілеттіктер мен жауапкершілікті берудің нақты тетіктері;
2) қаржы конгломератының қаражатын бөлуді және активтер мен міндеттемелерді есепке ала отырып, функцияларды бөлу;
3) процестерді келісу;
4) банк конгломератының тәуекел дәрежесінің орындалуын қамтамасыз ету;
5) бақылау шараларының, сондай-ақ заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін комплаенстің тиісті тәуелсіз функциялары.
31. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты мен банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымы қызметкерлерінің тәуекелдерді басқарудың белгіленген рәсімдерін, ішкі рәсімдер мен заңнама талаптарын сақтамағаны туралы хабардар ету рәсімдерінің болуын қамтамасыз етеді.
32. Тәуекел дәрежесі стратегиясының шеңберінде банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекел дәрежесінің өтішіні қалыпастырады, ол бюджеттік жоспарлау және конгломераттың операциялық қызметі шеңберінде банк конгломераты қабылдайтын тәуекелдерге қатысты жалпы бағытты белгілейді. 
33. Тәуекел дәрежесінің тиімді мәлімдемесі:
банк конгломератының даму стратегиясын, банк конгломератының қатысушыларының тәуекелдер бейінін және капитал салымдарының жоспарларын ескере отырып қалыптастырылады;
сандық бағалау мүмкін болмайтын беделді және (немесе) өзге де тәуекелдерді қоса алғанда, конгломераттың тәуекелдерді қабылдау негіздерін не оларды алып тастауды сипаттайтын, сондай-ақ оларды бақылауға мүмкіндік беретін тәсілдерді белгілейтін сапалық сипаттағы мәлімдемені қамтиды.
34. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының тәуекел дәрежесі деңгейін белгілейді.
Тәуекел дәрежесі деңгейлері конгломераттың даму стратегиясын, конгломератқа қатысушылардың тәуекел бейінін және инвестициялау жоспарларын ескереді.
Тәуекел дәрежесі деңгейі банк конгломератының операциялық ортасының, қызметтің жаңа түрлерінің өзгеруіне, банк конгломератының қатысушыларының қатысу нарықтарының серпініне байланысты өзектендіру мақсатында мерзімді негізде қайта қаралады.
35. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) жаңа өнім желілерін бекіту рәсімдерін бекітеді.
36. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) жылына кемінде бір рет конгломерат қызметіне тән тәуекелдің негізгі түрлері бойынша стресс-тестілеу және сезімталдықты талдау нәтижелерін қарайды.
Стресс-тестілеу нәтижелері банк конгломератының қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететін қызметті қамтиды.
Стресс-тестілеу қолайсыз және ықтимал сценарийлерді ескереді.
Стресс-тестілеу нәтижелерін тәуекелдерді басқару бойынша тиімді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету үшін банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) назарға алады.
37. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) конгломератқа қатысушылардың қызметіне тән тәуекелдерді жинақтау рәсімдерін бекітеді.
38. Банк конгломераты ауқымында тәуекелдердің, оның ішінде топішілік операциялардың шоғырлануын анықтау, бағалау, мониторингтеу және бақылау мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі банк конгломераты қатысушыларынан мерзімді негізде қажетті басқару ақпаратын алады.
Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше ұсынған материалдар негізінде тәуекелдер шоғырлануының сандық шектерін және топішілік операцияларға лимиттерді, банк конгломератының қызметіне тән тәуекелдердің әрбір түрі бойынша ішкі лимиттерді, оның ішінде сигналдық лимиттерді (лимитке дейінгі тәсіл) белгілейді.
 
6-тарау. Ішкі бақылау 
 
39. Банк конгломератының тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде ішкі бақылау банк конгломератының әрбір елеулі тәуекелі үшін барабар саясат, басқару рәсімдері және басқа да шаралар көзделгеніне көз жеткізуге, сондай-ақ саясаттардың, рәсімдердің және басқа да шаралардың тиісті қолданылуын тексеруге арналған. Ішкі бақылау тұтастай алғанда процестердің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
40. Ішкі бақылау банк конгломераты қатысушыларының қаржылық және басқару ақпаратының дұрыстығын, уақтылы және толықтығын, оның ішінде банк конгломератының қатысушыларының ішкі саясат талаптарын орындауын және банк конгломератының қатысушылары реттейтін заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
41. Банк конгломератының қатысушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе алаяқтық әрекеттер жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында конгломераттың ішкі бақылау жүйесі банк конгломератының қатысушыларының қызметкерлері мен басшыларының өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді, сондай-ақ олардың қызметін тексеру рәсімдерін қамтиды.
42. Банк конгломератының барлық қатысушыларында басқару шешімдері кем дегенде «төрт көз» қағидатын ескере отырып қабылданады, оған сәйкес екінші қызметкерді операцияны есептеу, санкциялау және құжаттаудың дұрыстығын тексеруге тарту мақсатында бір қызметкердің жұмысын басқа қызметкер тексеруі (мақұлдауы) қажет.
Ішкі бақылау рәсімдері банк конгломератының қатысушысының әрекетінің бекітілген саясатқа, белгіленген рәсімдерге және банк заңнамасының талаптарына қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалауды көздейді.
43. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломераты мен банк конгломераты қатысушыларының ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне тексеру және бағалау жүргізеді, оның жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді анықтайды және талдайды, пайдаланылатын ішкі бақылау процестері мен рәсімдерінің тиімділігіне бағалау жүргізеді, оның ішінде:
1) тәуекелдерді бағалаудың және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің конгломератта қабылданған әдіснамасын қолданудың толықтығы мен тиімділігін бағалау, бұл ретте банк конгломератының реттелетін қатысушыларына қатысты - банк заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;
2) конгломераттың және банк конгломераты қатысушыларының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар; 
3) ақпаратты және тәуекелдер бойынша есептілікті жинау мен ұсынудың дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және уақтылығын тексеру;
4) банк конгломераты қатысушысының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау; 
5) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасын, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы,  кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, банк конгломератының қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнамасын, белгіленген рәсімдер мен саясаттарды бұзудың елеулі фактілері туралы, банк конгломераты қатысушыларының ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі іркілістер туралы оқиғаларды, сондай-ақ банк конгломераты қатысушыларының басқару органдары өздеріне қабылдаған, банк конгломераты үшін қолайсыз болып табылатын тәуекел немесе қабылданған бақылау шаралары қабылданатын тәуекел деңгейіне сәйкес келмейтін фактілер туралы оқиғаларды бағалау.
 
 7-тарау. Ішкі аудит
 
44. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының қатысушыларында ішкі аудиттің барабар және тиімді құрылымының болуын қамтамасыз етеді (заңнама талаптары болған жағдайда), сондай-ақ ішкі аудит қызметінің саясаты мен тетіктерінің заңнама талаптарына, құрылымына, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, еншілес ұйымдардың тәуекел бейініне сәйкестігін қамтамасыз етеді (қолданылуына қарай) 
45. Банк конгломераты қатысушыларының ішкі аудит қызметтерінің қызметіндегі тәсілдердің уағдаластығын қамтамасыз ету мақсатында банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы):
1) банк конгломераты қатысушыларының банк конгломераты қатысушыларының директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) есеп беретін және банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметінің басшысына (ішкі аудитор) есеп беретін өзінің ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор) болуы (заңнама талаптары болған кезде) үшін;
Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметінің басшысы (ішкі аудитор) аудит әдіснамасын және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қоса алғанда, банк конгломератының ішкі аудит қағидаттарын айқындайды;
2) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесіне (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) өзінің құқықтық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін көлемде банк конгломератының қатысушыларына ішкі аудит жүргізуі үшін жауапкершілікте болады.
46. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметінің басшысы (ішкі аудитор) банк конгломератының ішкі аудит стратегиясын айқындайды, банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымында және банк конгломераты қатысушыларының директорлар кеңестерімен келісім бойынша және банк конгломераты қатысушыларының қызметін реттейтін банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломераты қатысушыларының ішкі аудитін ұйымдастыруды айқындайды.
47. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының ішкі аудит стратегиясында жазылған қағидаттарға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының ішкі аудитін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
48. Ішкі аудит қызметі (ішкі аудитор) өздерінің жұмыс жоспарлары мен іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
49. Банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымдарының директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметтерінің (ішкі аудиторы) құзыреті аясын айқындайды.
Бұл ретте заңнама мен нормативтік актілердің талаптары сақталуға, сондай-ақ банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының және банк конгломераты қатысушыларының ішкі аудит қызметтері (ішкі аудитор) қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімі пайдаланылуға тиіс.
50. Конгломерат қатысушыларының ішкі аудиторлары (аудитор) конгломерат қатысушысының банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының тиісті директорлар кеңесіне (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – қадағалау кеңесі (бар болса) немесе қатысушылардың жалпы жиналысы) есеп беруі, сондай-ақ банк конгломератының жоғары деңгейдегі ұйымының ішкі аудит қызметінің басшысына (ішкі аудитор) жыл сайынғы басқарушылық есептілікті ұсынуға тиіс.  
Об утверждении Требований к системе управления рисками и внутреннего контроля банковского конгломерата
Дата публикации
27 ноября 2024