«Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына және «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына
өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 8-4-тармақпен толықтырылсын:
«8-4. Банк Интернет арқылы банктік қарыз шарты жасалғанға дейін клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерді енгізеді, көрсетілген нөмірге бір реттік пароль жібереді және Идентификаттау деректерін алмасу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы немесе банк құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиентті биометриялық идентификаттауды жүргізеді және Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мен құжаттардан басқа, банктік қарыз бойынша клиентке мынадай ақпарат ұсынады:
1) банктік қарыз беру мерзімі;
2) банктік қарыздың шекті сомасы мен валютасы;
3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: тіркелген немесе өзгермелі, егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болып табылған жағдайда есептеу тәртібі;
4) сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайызбен мөлшері және оның клиент жүгінген күнге дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі мөлшері (нақты құны);
5) банк пайдасына банктік қарызды алуға және оған қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және өзге де шығыстардың толық тізбесі мен мөлшері;
6) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелдері;
7) қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарабы болып табылатын кепіл берушінің, кепілгердің, кепілдік берушінің және өзге де тұлғаның жауапкершілігі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиентті биометриялық идентификаттауды жүргізу туралы талап берілген банктік қарыз сомасы шегінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін төлем карточкасын пайдалануды көздейтін Интернет арқылы банктік қарыз шарты жасалған жағдайда қолданылмайды.».
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. Банктің қызметтерін қашықтан көрсету үшін мобильді қосымша арқылы келіп түсетін клиенттердің өтініштері банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен тіркеледі. Осы мақсаттар үшін мобильді қосымшаның басты бетінде клиентке қатысты алаяқтық әрекеттерге шағым беру үшін клиент бірегей идентификаттайтын функционал көзделеді.».
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі - конфиденциалдылықты бұзу, банк активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;
2) ақпараттық технологиялар тәуекелі - банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы – алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болдырмауға бағытталған шараларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы (бұдан әрі – ҚРҰБ антифрод-орталығы);
4) банктің антифрод-жүйесі – банк қызметтерін пайдалану кезінде алаяқтықты болдырмау және анықтау үшін әзірленген және бағытталған техникалық және талдамалық шаралар кешені;
5) банктің уәкілетті алқалы органы - директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;
6) бедел тәуекелі - қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;
7) дропперлер – алаяқтар үшінші тұлғалардың банктік шоттарынан ұрлаған ақшаны алу үшін жағдай жасайтын жеке немесе заңды тұлғалар, алаяқтардың көмекшілері. Дропперлер алаяқтарға өздерінің дербес деректерін және ақпаратты ұсынады және сыйақы үшін ұрланған ақшаны шығарып алады;
8) заңдық тәуекел - банктің не контрагенттің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда - оның шығу елінің заңнамасының, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;
9) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі - активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдастыру құрылымын, стратегиялық жоспарларды, банктің тәуекел-профилін, нормативтік құқықтық базасын есепке алғандағы маңызды тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін банк капиталы жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін анықтау мақсатында мұндай тәуекелдерді бағалау және біріктіру.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының капиталы деп, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысының талаптарына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
10) капиталды қаржыландыру жоспары - банк капиталының күрт төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдер мен іс-әрекеттердің жиыны;
11) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналы - кепілмен қамтамасыз етудің сипаты мен сипаттамасын, сапаны тәуелсіз бағалаудың бірінші және неғұрлым өзекті бағалауының қорытындысы (бағалау күні, сапаны тәуелсіз бағалаудың атауы, бағалау құны, әдісі) бойынша ақпаратты, кепіл қызметінің қорытындысын (күні, құны), құнының әр түрлі болуының себептерін, өткізу бойынша ақпаратты қамтитын кепілмен қамтамасыз ету құнының ішкі журналы;
12) кепілсіз тұтынушылық қарыз - жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;
13) комплаенс-тәуекел - банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;
14) корпоративтік басқару - банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері), акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлар директорлар кеңесінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;
15) кредиттік тәуекел - қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;
16) кредит төлеу қабілеттілігі - қарыз алушының болашақта банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толығымен және мерзімінде орындай алу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы;
17) кредит шарты - нәтижесінде банк тарапынан қарыз алушыға талаптар туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;
18) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары - банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;
19) қадағалап стресс-тестілеу - бұл оқиғалардың өрбуінің болжамды (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығын бағалауға бағытталған уәкілетті органның құралы. Банктер қадағалап стресс-тестілеуге қатысушылар үшін бірыңғай әдіснаманың және сценарийлердің негізінде ішкі модельдерді қолданумен есептеулер жүргізеді және уәкілетті органға стресс-тестілеудің нәтижелерін ұсынады. Бұл ретте, банктер жүргізілген есептеулердің сапасы мен стресс-тестілеудің нәтижелері үшін жауапты болады;
20) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган - қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;
21) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше - банк бөлімшесі, ақпарат иесі, ақпараттың конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзу банкті шығындарға алып келеді;
22) маңызды ақпараттық актив - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген, «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес айқындалатын ақпараттық актив;
23) маңызды тәуекел - іске асырылуы банктің қаржылық тұрақтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;
24) мүдделер қайшылығы - банктің, оның акционерлерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері) және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі және олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында қарама-қайшылық туындайтын жағдай, бұл банк және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін;
25) нарықтық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстан тыс баптары бойынша қаржы шығыны туындау ықтималдығы;
26) оқыс оқиғалар дерекқоры – электрондық түрде жүргізілетін күдікті операциялар мен алаяқтық дерекқоры;
27) операциялық тәуекел - стратегиялық тәуекел және беделдік тәуекелді қоспағанда, қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адами ресурстар мен жүйелер, немесе сыртқы оқиғалардың ықпалының нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдылығы;
28) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі - банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызмет, валюта түріне байланыссыз түрлі уақыттық аралықтарда өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;
29) өтімділік тәуекелі - банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде қаржылық залалдардың туындау ықтималдығы;
30) пайыздық тәуекел - банктің активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруінің салдарынан шығындардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі;
31) саясат - банктің директорлар кеңесі бекіткен, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемдерін, қағидаттарын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
32) стратегиялық тәуекел - банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;
33) стресс-тестілеу - ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;
34) тәуекел - күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық орнықтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;
35) тәуекел-бейін - тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберіндегі келесі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;
36) тәуекел дәрежесі - банк стратегияны іске асыру кезінде қабылдауға дайын не алып тастауға ниетті маңызды тәуекелдердің біріктірілген деңгейі (деңгейлері);
37) тәуекел дәрежесін мәлімдеу - банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;
38) тәуекел-мәдениет - тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;
39) тәуекелді өңдеу - тәуекелдерді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;
40) тәуекелдер тізілімі - тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау себептері, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;
41) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
42) ұйымдастыру құрылымы - банктің бағыныстылық, есеп беру құрылымын көрсететін басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы;
43) цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген және «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
44) ішкі (экономикалық) капитал - маңызды тәуекелдерді, оның ішінде әлеуетті, банк қабылдаған, меншікті модельдерді қолданумен банктің ішінде есептелген капитал.
Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданған кезде:
директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі;
басқарма деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері түсініледі;
меншікті капитал деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» қаулысының талаптарына сәйкес есептелген резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
қаржылық есептілік деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі;
тәуекел-менеджмент басшысы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;
бас комплаенс-бақылаушы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі.».
мынадай мазмұндағы 15-тараумен толықтырылсын:
«15-тарау.Алаяқтықтәуекелдерінбасқару
1) алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі саясат пен рәсімдер;
2) басқарушылық есептілік жүйесі;
3)ақпараттықтехнологиялар,оныңішіндебанктіңантифрод-жүйесі.
1) банктің алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ол мыналарды жария етеді, бірақ олармен шектелмейді:
ресурстарға қажеттілікті анықтау, оның ішінде алаяқтыққа қарсы процестермен байланысты бюджетті анықтау;
алаяқтыққақарсыіс-қимыл бойынша талап етілетін іс-шаралардыңмерзімдеріменоларды іске асыруғажауаптыларды көрсете отырыпсипаттамасы.
2) сыртқы қызмет көрсету арналарында банк клиенттеріне қатысты және банк қызметкерлері жасаған алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу тәсілдерін, модельдерін, технологиялары мен процестерін енгізу;
3) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл процестерін және қаржылық өнімдерді және/немесе қызметтерді ұсынудың цифрлық арналарын енгізу, олардың жұмыс істеуі және үздіксіз жақсарту;
4) алаяқтық тәуекелдерін басқару жүйесі шеңберінде банк жүзеге асыратын, алаяқтық белгілері бар тұтынушылық қарыз, ақша аударымдары және (немесе) қолма-қол ақша алу шарттарын жасауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
5) бизнес-процестерді және енгізілетін қаржы өнімдерін және немесе/көрсетілетін қызметтерді алаяқтық тәуекелдері тұрғысынан бағалау;
6) қаржы өнімдерін және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеушілік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету, банктің ішкі құжаттарында бақылау рәсімдерін белгілеу кезінде әзірлеу және кейіннен әдіснамалық қолдау;
7) сыртқы және ішкі деректерді анықтау және талдау, сондай-ақ алаяқтықтың жаңа схемаларының алдын алу;
8) алаяқтық белгілері бар күдікті операциялардың типологиясын әзірлеу;
9) алаяқтыққа күдіктілердің тізімін және алаяқтардың тізімін қалыптастыру;
10) клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың күдікті операцияларына, күдікті әрекеттеріне мониторингті жүзеге асыру;
11) оқыс оқиғалар дерекқорын жүргізу және үздіксіз жаңарту;
12) алаяқтық белгілері бар күдікті операциялар туралы деректерді ҚРҰБ-ның антифрод-орталығына тәулік бойы режимінде беру және пайда болуына қарай жаңа ақпаратпен үздіксіз толықтыру;
13) қаржы нарығына басқа қатысушылармен және уәкілетті органдармен ақпарат алмасу;
14) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 34772 болып тіркелген «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 43 қаулысына сәйкес ҚРҰБ-ның антифрод-орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
15) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында банк клиенттерінің, банк қызметкерлерінің және үшінші тараптардың хабардар болуын арттыруды қамтамасыз ету;
16) ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеу және тергеп-тексеру;
17) ішкі тергеп-тексерулерге қатысу, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түзету шаралары мен ұсынымдар әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар жасау;
18) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алқалы органның шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындау;
19) алаяқтық тәуекелдерін іске асыру туралы, сондай-ақ олардың салдарын ішкі құжаттарға сәйкес жою туралы басқарушылық есептілікті дайындау және ұсыну;
1) алаяқтық тәуекелдерін сәйкестендіру рәсімдері және алаяқтық тәуекелдеріне ұшырауды ерте анықтау индикаторларын айқындау;
2) бағалаудың сапалық және (немесе) сандық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде алаяқтықтың барлық анықталған тәуекелдерінің ықтималдығы мен салдарын бағалау рәсімдері;
3) алаяқтықтың елеулі тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау рәсімдері;
4) алаяқтық тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін қалыптастыру рәсімдері;
5) алаяқтық тәуекелдерін өңдеу шараларын әзірлеу рәсімдері;
6) алаяқтық тәуекелдерін өңдеу шараларының орындалуын мониторингтеу рәсімдері.
1) ҚРҰБ-ның антифрод-орталығымен техникалық интеграцияны қамтамасыз етеді;
2) күдікті операциялар және оқыс оқиғалар дерекқорындағы алаяқтық туралы ақпаратты толық көрсетуді және ҚРҰБ антифрод-орталығына деректерді тәулік бойы режимінде үздіксіз беруді қамтамасыз етеді;
3) күдікті әрекеттерді анықтау үшін әр түрлі өлшемдер үшін алдын-ала белгіленген шекті мәндерді (аударым сомасы, бір аккаунттағы операциялардың жиілігі және т. б.) қолданады;
4) алаяқтыққа күдіктілер мен банк алаяқтарының тізімдерін жүргізуді және ҚРҰБ-ның антифрод-орталығының тізімін қоса алғанда, барлық транзакциялар үшін банктің ішкі тізімдерімен автоматты түрде салыстыруды қамтамасыз етеді;
5) транзакцияны тоқтата тұру және жалғастыру немесе қабылдамау мүмкіндігі қарастырылған;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес деректерді сақтауды қамтамасыз етеді;
7) уәкілетті органға ұсыну үшін алаяқтықтың оқыс оқиғалары бойынша талдамалық есептілікті қамтамасыз етеді;
8) күдікті операцияларды анықтау, тестілеу және банктің антифрод-жүйесіне өзгерістер енгізу процесін регламенттейтін банктің ішкі құжаттарына сәйкес күдікті операцияларды және алаяқтықты анықтау үшін өлшемдерді талдау және теңшеу үшін икемділікті қамтамасыз етеді.
1) стратегияның мақсаттары: алдын алу, анықтау және тергеу, тиісті шараларды қабылдау;
2) қаржы секторының қазіргі жағдайын, соның ішінде алаяқтықпен байланысты маңызды мәселелерді ескереді;
3) алаяқтық саласындағы өзгерістерді, өнімдердегі, реттеудегі өзгерістерді ескереді
4) мерзімді негізде немесе елеулі өзгерістер болған кезде алаяқтыққа қарсы стратегияны жаңарту.
1) талаптарға сәйкес келмейтін қарым-қатынастардың алдын алуға мүмкіндік беретін, қызметкерлерге, клиенттерге және үшінші тұлғаларға байланысты алаяқтық тәуекелін бағалау стандарттары;
2) қаралуға тиіс операциялардың тізбесі;
3) оның ішінде уәкілетті орган белгілейтін күдікті операциялар мен алаяқтық өлшемшарттары;
4) мобильді қосымшаны және онлайн-банкингті қоса алғанда, кемінде күнтізбелік бір жыл мерзімге тамшыларға банктік қызметтерді қашықтықтан көрсетуді тоқтата тұру тәртібі, қызметтерді қашықтықтан көрсетуді қалпына келтіру критерийлері, сондай-ақ шартта белгіленген тәртіппен хабардар ету;
5) алаяқтыққа күдіктілер тізіміне және алаяқтар тізіміне қосу және алып тастау өлшемшарттары;
6) алаяқтық тәуекелдерін бағалау тәсілдері, әдістері мен модельдері мынадай талаптарға жауап береді:
бағалаудың сапалық және сандық әдістері;
тәсілдер, әдістер мен модельдер алаяқтықтың жаңа әдістеріне және банк операцияларының күрделілік деңгейіне, сондай-ақ банк процестері мен заңнамадағы өзгерістерге бейімделуі керек;
транзакциялық және транзакциялық емес деректердегі ауытқуларды, сондай-ақ күдікті операциялар мен алаяқтықты куәландыруы мүмкін клиенттер мен қызметкерлердің мінез-құлқын анықтауға арналған алаяқтықты анықтау жүйелері автоматты режимде тексеруді қамтамасыз етеді;
7) банк бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібі және ҚРҰБ антифрод-орталығының қағидаларына сәйкес деректерді беру;
8) ҚРҰБ антифрод-орталығы арқылы банктер арасындағы күдікті операцияларды жүзеге асыру кезіндегі триггерлер мен қарсы тексеру;
9) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлерді кезеңдік оқытуды және аттестаттауды жүргізу тәртібі;
10) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру рәсімдері, олар кемінде мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
клиенттерді оқытуға арналған бағдарламалар мен материалдар;
алаяқтықты тану және жеке деректерді басқару бойынша клиенттерге арналған іс-шаралар.
11) аутентификаттау стандарттары, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың есептік деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
ақпараттық активті қорғауды қамтамасыз ету және рұқсатсыз кіруді немесе әрекеттердің алдын алу жөніндегі нұсқаулықтар;
12) банкке әсер ететін алаяқтықтың ішкі, сол сияқты сыртқы тәуекелдерін ескеретін алдын алу стандарттары;
13) анықтау стандарттары, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
күдікті әрекеттер мен алаяқтықты анықтау үшін қолданылатын дереккөздер;
әлеуетті алаяқтықты анықтау, маңызды оқиғалар немесе транзакциялар туралы, оның ішінде банктің басшы қызметкерлеріне, бөлімшелеріне хабарлау үшін енгізілген бақылау жүйелері мен технологиялары;
күдікті операциялар мен алаяқтық анықталған жағдайда бөлімшелер мен қызметкерлердің рөлдері мен міндеттері.
14) нақты немесе болжамды алаяқтық оқиғаға жауап беру жоспары, ол мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
ден қою үздіксіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмыс режимі;
транзакцияларды тоқтата тұру немесе жаңарту немесе олардың күшін жою жағдайларының тізбесі;
ішкі тергеп-тексеру жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау.
15) тергеп-тексеру стандарттары, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
банк бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
ақпараттың шұғылдығын, маңыздылығын бағалау, оны жинау және талдау;
қабылданған тергеу әрекеттерін құжаттау;
алаяқтық фактісін бағалау және тергеу аяқталған күн;
қабылданған шаралар, оның ішінде қолданылатын болса, клиентке келтірілген залалды өтеу бойынша қабылданған шаралар.
16) алаяқтық тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін, оның ішінде банктің ішкі аудит қызметінің бағалауы.
1) алаяқтық тәуекелдерін бағалау нәтижелері, алаяқтық тәуекелдерге бейімділік көрсеткіштері және шекті мәндер мен лимиттерге сәйкестігі;
2) алаяқтық типологиясын көрсете отырып, банк өнімдері және төлем түрі (егер қолданылса) бойынша алаяқтық фактілерін сандық және сапалық талдау;
3) алаяқтық фактілері бойынша қабылданған шаралар;
4) банктің операциялық зияндары және тұтынушылардың зияндарын өтеу мөлшері;
5) банк өнімдері және төлем түрі(егер қолданылса) бойынша алаяқтық туралы өтініштердің көлемі.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |