Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға

тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату

қағидалары

  1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
  2. Қағидалардың нормалары тағайындалу тәртібі және босатылуы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттелетін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) саяси мемлекеттік қызметшілеріне қолданылмайды.

 

Дата публикации
02 октября 2020