Қаулы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жіберетін КЖ/ТҚҚ туралы заңнама талаптарының сақталуы туралы есепті ұсыну жөніндегі талапты айқындайды.
Есеп қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды орындау тиімділігін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтиды.
Субъектілердің көрсетілген есепті ұсынуының жартыжылдық мерзімділігі көзделген.