Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді) жария талқылау қағидаларының 10-тармағына сәйкес өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп орналастырылды
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасына өзгерістерді бекіту туралы"25.12.2023 жылғы № 707 бұйрық".
Есеп Ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылған (https://budget.egov.kz/) 2024 жылғы 15 ақпан.
Жария талқылау үшін өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің порталда болу мерзімі олар ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.