Алматы қаласы город Алматы
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидаларын бекіту туралы
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
23-1-бабының 4 және 5-тармақтарына және 23-2-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидалары бекітілсін.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
|
М. Абылкасымова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 Қаулыға 1-қосымша
|
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі –
«Е-макет» ААЖ) – «Зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) сәйкес жұмыс іздеуді және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын ақпараттандыру объектісі.
2-тарау. Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидалары
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтінішті жұмыс беруші (сақтанушы) өтініштің берілген күні жұмыс берушіде (сақтанушыда) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты қолданыста бар сақтандыру ұйымына береді.
Сақтандыру төлемдері Мемлекеттік корпорацияға ай сайын сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады.
Айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кейін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтініш түскен кезде сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы ай аяқталғанға дейін қалған күндерге барабар ай үшін тиесілі сақтандыру төлемін ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру ұйымына Мемлекеттік корпорацияға түскен сақтандыру төлемдерінің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.
Алушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі қайтыс болған айды қоса алғанда, алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде – кету айын қоса алғанда жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруін ескере отырып жүзеге асырылады.
3-тарау. Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі
1) сақтандыру төлемдерін алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай шығыс операциялары болмаған жағдайда. Бұл ретте сақтандыру төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) сақтандыру төлемдерін алушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуі. Бұл ретте сақтандыру төлемдері Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап қайта басталады, бірақ тоқтата тұру күнінен ерте емес;
3) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданыс мерзімі өткеннен кейін. Бұл ретте сақтандыру төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте емес қайта басталады;
4) сақтандыру төлемдерін алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы растаушы құжаттың немесе адамды хабарсыз жоғалды деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы. Бұл ретте сақтандыру төлемдері хабарсыз жоғалған адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған не адамды хабарсыз жоғалды деп тану жөнінде сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтата тұру күнінен ерте емес қайта басталады.
1) сақтандыру төлемдерін алушының қайтыс болуы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталғаны;
3) сақтандыру төлемдерін алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік
сақтандыру шарты бойынша
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру,
тоқтата тұру, қайта бастау және
тоқтату қағидаларына қосымша
Нысан
|
№ |
Өлшемдер |
|
1 |
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартының нөмірі |
|
2 |
Төлемге өтініштің нөмірі |
|
3 |
ЖСН |
|
4 |
Тегі |
|
5 |
Аты |
|
6 |
Әкесінің аты (бар болса) |
|
7 |
Төлем түрі |
|
8 |
Төлем мәртебесі (тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату) |
|
9 |
Қайта бастау (__.__.____ж. - __.__.____ж.) |
|
10 |
Тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе тоқтату себебі |
|
11 |
ЭЦҚ |
Ескерту:
8-жолда мынадай талаптардың бірі көрсетіледі:
сақтандыру төлемдерді тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату;
алушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуі;
алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойында шығыс операцияларының болмауы;
алушыны хабарсыз кетті деп тану;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты жоқ алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы;
шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданыс мерзімінің аяқталуы;
сақтандыру төлемдерін алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу;
сақтандыру төлемдерін алушының қайтыс болуы.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 Қаулыға 2-қосымша
|
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптар және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі
Сақтандыру ұйымы қызметкердің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін дербес деректер туралы Заңда көзделген тәсілдермен алуды қамтамасыз етеді.
Қол қойылған зейнетақы алдындағы аннуитет шартын сақтанушы сақтандыру ұйымынан өзі қол қойған зейнетақы алдындағы аннуитет шартын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жібереді.
Сақтандыру ұйымы қол қойған зейнетақы алдындағы аннуитет шартын сақтандыру ұйымы сақтанушы қызметкердің пайдасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға өтініш берген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде сақтанушыға жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиға болған кезде зейнетақы алдындағы аннуитет шарты сақтанушыдан сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысы толық мөлшерде түскен күннен бастап күшіне енеді.
1) зейнетақы аннуитет шартының нөмірі;
2) сақтандыру ұйымының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері;
3) сақтанушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері;
4) сақтанушының (заңды тұлғалар үшін) атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, орналасқан жері, байланыс телефон нөмірлері;
5) сақтандырылушы (пайда алушы) жөнінде нұсқау (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері);
6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру ұйымына берген аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны берген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;
7) зейнетақы алдындағы аннуитет шартының мәні (Заңға сәйкес қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын тұлғаның пайдасына зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру);
8) сақтандыру объектісін көрсету;
9) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі;
10) сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың мөлшері, тәртібі мен мерзімдері, оның ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың басталу және аяқталу күні, сақтандыру төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары;
11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
12) зейнетақы алдындағы аннуитет шартының қолданылу аумағы;
13) зейнетақы алдындағы аннуитет шартының қолданылу мерзімі;
14) зейнетақы алдындағы аннуитет шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайы мен тәртібі;
15) зейнетақы алдындағы аннуитет шартын бұзу және тоқтату жағдайы мен тәртібі;
16) тараптардың қолтаңбалары;
17) зейнетақы алдындағы аннуитет шартының жасалған күні.
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру
шартына қойылатын nалаптарды және сақтандыру
ұйымының жасалатын Зейнетақы алдындағы аннуитеттік
сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған
шығыстарының жол берілетін деңгейіне қосымша
Нысан
|
№ |
Өлшемдері |
|
1 |
Қызметкердің ЖСН |
|
2 |
Қызметкердің аты-жөні |
|
3 |
Қызметкердің тегі |
|
4 |
Қызметкердің әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
5 |
Туған күні |
|
6 |
Сақтандыру ұйымының БСН (12 таңба) |
|
7 |
Сақтандыру ұйымының заңды атауы |
|
8 |
Сақтанушының (жұмыс берушінің) ЖСН/БСН (12 таңба) |
|
9 |
Сақтанушының (жұмыс берушінің) заңды атауы |
|
10 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шартының № |
|
11 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шартын жасасу күні |
|
12 |
Шарт түрі (1-негізгі/2-қосымша келісім) |
|
13 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы |
|
14 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша соңғы сақтандыру төлемінің күні |
|
15 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша соңғы аннуитеттік төлемнің күні |
|
16 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шартының талаптарын өзгерту түрі (тоқтата тұру/бұзу) |
|
17 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шартының талаптарын өзгерту күні (__.__.____ ж. тоқтатылды/ __.__.____ ж. бұзылды) |
|
18 |
Зейнетақы алдындағы аннуитет шартының талаптары өзгерген жағдайда ескерту (тоқтата тұру/бұзу) |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 Қаулыға 3-қосымша
|
Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидалары